О признании утратившим силу постановления акимата Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және атқарушы органдары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 121 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7700 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.