Об определении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Басқа 7. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі
Рудный қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 6 қазандағы
№ 859 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі
1.
Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2.
Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам
«Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
3.
Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам
«Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
4.
Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам
«Рудненский водоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5.
Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам
«Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі