Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Туркестан текстиль» для размещения газопроводных сетей Қолданыста
Басқа 0
«Түркістан тоқыма» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігіне газ құбыры
желілерін орналастыру үшін
қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес Отырар ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін осы шешімнің қосымшасына сәйкес жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 48 (қырық сегіз) жыл 11 (он бір) ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешім қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны ауыл округі әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман жер инспекторы Т.Тастанбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауыл округі М.Шойманов ауылы аумағында орналасқан «Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Отырар ауыл округі әкімінің
20___жылғы «______»_____
№____ шешіміне қосымша
Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауыл округі М.Шойманов ауылы аумағында орналасқан «Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ қ/с
Кадастрлық нөмірі
Жердің меншік иесі немесе жер пайдаланушы
Жер телімінің мақсаты
Жерге құқық түрі
Жер көлемі (га)
Газ құбыры құрылысына кіретін жер көлемі (га)
1
19294004369
Отырар ауданы әкімдігінің
«Отырар ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
№1 көше
Тұрақты жер пайдалану
0,7000
0,1974
2
19294004027
Акинбеков Кауымбай
Жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін
жеке меншік
0,1406
0,0267
3
19294004184
Дуйсебаева Тынышкул
жеке қосалқы шаруашылықты және қолданыстағы тұрғын үйді жүргізу үшін
жеке меншік
0,2496
0,0170
Сәйкестендіру құжаты рәсімделген жер пайдаланушылар жер телімдері, (га)
0,2411
Сәйкестендіру құжаты рәсімделмеген елді мекен жерінен жер көлемі, (га)
1,9222