Об утверждении Правил выдачи разрешений на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными Қолданыста
Басқа 0
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 27) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Басқа 0. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 қазандағы
№ 398
бұйрығымен бекітілген
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 27) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Ғылыми-зерттеу мақсатында аулауға рұқсат алу үшін «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
Тармақ 4
4. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір шыққанда бір балықшыға бес килограмға дейін алуға болатын әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру тәртібі
2-тарау. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 5
5. Мына мемлекеттік қызметтерді:
Тармақша 1
1) екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне арналған рұқсат беруді – уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
Тармақша 2
2) екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатты беруді – жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 6
6. «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін бюджетке төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ) құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жауапты жұмыскер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды жібереді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсатты ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы жібереді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде жауапты жұмыскер көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы жібереді.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Тармақ 13
13. Егер балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың талаптары бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ бірнеше кемелерде, бригадаларда немесе буындарда жүзеге асырылса, әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға рұқсатты көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті» арқылы жеке басып шығарады.
Әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға басып шығарылған рұқсат көрсетілетін қызметті алушыға берілген рұқсаттың көшірмесі болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
2-параграф. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, уәкілетті органның атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.
Тармақ 18
18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1
Балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын пайдалануға
рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, өсімді молайту үшін аулау;
2) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болғызбау мақсатында пайдалану.
2
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
1) екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне рұқсат беруді – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеушілік аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қоспағанда – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беруді жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
Барлық кіші түрлері бойынша: «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал)
4
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
3 (үш) жұмыс күні
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Барлық кіші түрлер бойынша: электрондық (ішінара автоматтандырылған)
6
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
1. Жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар:
1) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, өсімді молайту мақсатында аулау);
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болғызбау мақсатында пайдалану не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
2. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Барлық кіші түрлері бойынша мемлекеттік қызмет ақылы / тегін негізде көрсетіледі.
Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 629-бабының 3-тармағында көрсетілген мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем Салық кодексінің 629-бабы 4-тармағындағы кестенің 4, 4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 4.5-жолдарында көрсетілген мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемді әрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жануарларды табиғи ортадан алып қоюға рұқсат берген кезде белгілейді.
Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.
Төлемақы сомасы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат алынған жер бойынша бюджетке төленеді. Бюджетке төленуі тиіс төлемақы сомасы алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен асқан кезде, балық ресурстарын және кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен рұқсат алынғанға дейін төлем жүргізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу бюджетке төленуі тиіс төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен асқан кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:
ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін - ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 проценті;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін - ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 проценті;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 проценті.
Мынадай жағдайларда төлем алынбайды:
1) ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жануарларды таңбалау, сырға салу, қоныс аудару, жасанды жолмен өсіру үшін табиғи ортадан алып, кейіннен оларды табиғи ортасына жіберу кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілетін және еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде;
3) балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
4) халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға залалды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қою кезінде.
8
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.
9
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 27) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі –ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш.
Пайдалану түріне қарай қосымша:
1) ғылыми-зерттеу үшін аулауға:
ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
балық ресурстары объектілерін және басқа да су жануарларын алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;
бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);
2) өсімді молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарын молықтыруға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау үшін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның биологиялық негіздемесінің электрондық көшірмесі;
балық ресурстарын жасанды молықтыру жөніндегі өндіріс объектісіне растайтын құжаттардың көшірмесі (меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметтер);
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өсімді молайту мақсатында пайдалануға:
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды негіздеуші материалдардың электрондық көшірмесі (биологиялық негіздеме).
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін бюджетке төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
10
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
11
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
Ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында рұқсат алу үшін «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 25 шілдеде № 335 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен айқындалған тәртіппен субъектіні ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәліктің болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Басқа 2
Балық ресурстарын және басқа да
су жануарларын пайдалануға
рұқсаттар беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
(кімге)_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (көрсетілетін қызмет алушының) толық атауы)
(кімнен) _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті
берушінің) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
мекенжайы __________________________________________________________
(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нмірі,
пәтер нөмірі (бар болса))
электрондық почтасы_______________________________
телефоны _____________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының _________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мыналарға:
1) балық аулауға (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімді молайту мақсатында аулауға);
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалануға «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат» беруді сұраймын.
Пайдалану түрі: ______________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы____________________________
Алып қою мақсаты: ___________________________________________________
Алып қою тәсілдері: ___________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: ______________________________
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, балықтарды және басқа да су жануарларын алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі:______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған 20___жылғы «__»__________ №_____ шарт
Субъектіні аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі, күні және сериясы (ғылыми-зерттеу үшін аулау жағдайында)
____________________________________________________________________
Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Объектілердің атауы
Саны (тонна)
Саны (дарақтар)
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _____
Aлып қою мерзімі: ________ бастап______________ дейін
Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы_______________
Алып қою құралы:
Алып қою құралының атауы
Саны
Жүзу құралдары:
Кеменің түрі
Саны, дана
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күні 20___жылғы «__»
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Басқа 3
Балық ресурстарын және басқа да
су жануарларын пайдалануға
рұқсаттар беру қағидаларына
3-қосымша
1-нысан
Берілді:_____________________________________________________________
Пайдалану түрі:______________________________________________________
Aлып қою мақсаты: ___________________________________________________
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы: ___________________________
____________________________________________________________________
Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________________
Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар: _____________________________
Мекендейтін ортадан алып қою жоспарланған объектілер саны:
№
Объектілердің атауы
Саны (килограмм, дарақтар)
1
бекiре тұқымдастар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай)
2
майшабақтар, батпақай, камбала, шабақ
3
албырт
4
ақсақа
5
ірi балықтар
6
ұсақ балықтар
7
су жануарлары
Aлып қою мерзімі ___________________ бастап _____________________ дейін
Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы ____________
Aлып қою құралдары:
Aлып қою құралдарының атауы
Саны дана
Жүзу құралдары:
Кеме атауы
Саны дана
_____________________________________________
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы «____» _____
2-нысан
Берілді: ___________________________________________________________
Пайдалану түрі_____________________________________________________
Aлып қою тәсілі: ____________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: _____________________________
Aлып қою үшін жоспарланған объектілердің тізбесі мен саны:
Балық және басқа да су жануарларының түрлері
Саны (дарақтар)
Aудан (аумақ) және учаске шекаралары
Төлемнің жиынтық сомасы __________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):________________________
Aлып қою мерзімі: ________________ бастап, _______________________ дейін.
Aлып қою тәсілі:______________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілу мерзімі:
Бақылау: ________________________________________________ жүктеледі.
____________________________________________________
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы «____» _____
3-нысан
Берілді: _____________________________________________________________
Пайдалану түрі _______________________________________________________
Алып қою мақсаты ____________________________________________________
Алып қою тәсілдері __________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар:______________________________
Алып қою жоспарланып отырған объектілердің тізбесі мен саны:
Балық және басқа да су жануарларының түрлері
Саны (дарақтар)
Aудан (аумақ) және учаске шекаралары
Төлемнің жиынтық сомасы ___________________________________________
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): ________________________
Aлып қою мерзімі: ________________ бастап _______________________ дейін
Aлып қою тәсілі:_________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану туралы есептің берілетін мерзімі: ___________________
Бақылау:_______________________________________________ жүктеледі.
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы «____» _____
Басқа 4
Балық ресурстарын және басқа да
су жануарларын пайдалануға
рұқсаттар беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
[Уәкілетті органның атауы]
[Наименование уполномоченного органа]
Берілген күні: [берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны: облыс:
[Облыс] Ауданы: [Аудан]
Қала / елді мекен: [қала/елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі:
[Бас тарту себебі] [қол қоюшы лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
____________ ___________________________________ _______________________________
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы «____» _____