О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 628 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 925 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
_______________________________