Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды в области аквакультуры Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық, даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 7. Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 30 қазандағы № 406 бұйрығымен бекітілген Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ «Аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру объектісі – субсидия алуға арналған өтінішті тіркеу, сондай-ақ өтінішті субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын білдіретін агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АӨК СМАЖ);
Тармақша 2
2) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімінде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
Тармақша 3
3) өтпелі өтініш (бұдан әрі – өтініш) – су пайдаланушының көрсетілетін қызметті алушыларға жеткізген суы үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтініш;
Тармақша 4
4) су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер – каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру бойынша және тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жерүсті су ағынын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде су пайдаланушының аквашаруашылық саласындағы су тұтынушыға су беруі;
Тармақша 5
5) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – көрсетілетін қызметті алушылар берген субсидиялауға арналған өтініштер, қаржы институттары туралы мәліметтердің және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтердің жиынтығы;
Тармақша 6
6) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб–портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
Тармақша 7
7) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
Тармақша 8
8) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығын иеленетін және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 9
9) су тұтынушы – су беру бойынша су шаруашылығы ұйымдарының немесе су пайдаланушылардың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын не ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінен су тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 10
10) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – электрондық үкіметтің порталы) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 11
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Субсидиялар аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) беріледі.
Тармақ 4
4. Субсидиялар мынадай аквашаруашылық субъектілеріне және аквашаруашылық дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге берілмейді:
Тармақша 1
1) қарсы міндеттемелердің орындалмауына жол берген және ақшаны қайтармаған;
Тармақша 2
2) басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) бұрын қарсы міндеттемелердің орындалмауына жол берген және ақшаны қайтармаған аквашаруашылық субъектілерінің, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілердің бұрын басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) болып табылған аквашаруашылық субъектілеріне, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге берілмейді. Егер аквашаруашылық субъектісі, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қарсы міндеттемелерді тиісінше орындау еңсерілмейтін күштің салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды. «Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 54-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35951 болып тіркелген) сәйкес су пайдаланушыларға аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің, аквашаруашылық саласындағы су тұтынушыларға каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялануы тиіс. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. «Аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушыларға жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде су берушінің немесе су пайдаланушының есепке алу аспаптарының не бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғыларының көрсеткіштері бойынша анықталады.
Тармақ 6
6. Берілген судың 1 (бір) текше метріне (бұдан әрі – м3) бөлінетін субсидиялар мөлшерін көрсетілетін қызметті алушылар үшін «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы заң) 15-бабына сәйкес су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган тарифті қалыптастыру тәртібіне сәйкес, тарифтерден пайыздық арақатынаста сараланып, Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген 1 (бір) м³ берілген суға арналған субсидия мөлшерлеріне сәйкес белгілейді. Қағидалар шеңберінде субсидиялау кезінде көрсетілетін қызметті алушылар су пайдаланушыға қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, ал қалған бөлігі су пайдаланушыға субсидия түрінде төленеді. Бұл ретте субсидияларды төлеу жөніндегі барлық шарттар су пайдаланушы мен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы шартта айқындалады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға бюджет қаражатының көлемін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының, ал ол болмаған жағдайда оның міндеттерін өзара алмастыратын адамның қолы қойылған ілеспе хатпен мақұлдауға ұсынады. Уәкілетті орган мақұлданған субсидия көлемін тиісті ілеспе хатпен қайтарады не тиісті жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей бюджет қаражатының көлемін пысықтауға жібереді. Бюджет қаражатының көлемін пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын 1 ақпанға дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті алушылар үшін Табиғи монополиялар туралы заңға сәйкес бекітілген су беруге арналған тарифтерді веб-порталға орналастырады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау бойынша жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады. Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) АӨК СМАЖ-ға өтініш бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, «сұрақ-жауап» режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура субсидияларды алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).
Тарау 2. 2-тарау. Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібі
2-тарау. Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Субсидияларды алу шарттары
1-параграф. Субсидияларды алу шарттары
Тармақ 10
10. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушылардың электрондық үкіметтің порталы арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтініш беруі;
Тармақша 2
2) өтінішті АӨК СМАЖ-да тіркеу;
Тармақша 3
3) АӨК СМАЖ-да деректері АӨК СМАЖ-дың «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған көрсетілетін қызметті алушылардың және су пайдаланушылардың жеке шотының болуы; Веб-порталда жеке шоттың болуы көрсетілетін қызметті алушылардың АӨК СМАЖ-да өтінішті тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда өтінішті беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;
Тармақша 4
4) АӨК СМАЖ бен ЭШФ АЖ ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су пайдаланушының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті алушыларда АӨК СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимыл нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында жер учаскелерінің болуы;
Тармақша 6
6) аквашаруашылық объектілерін өсіру бойынша жобалық қуаты жылына 25 тоннадан басталғанда (аквашаруашылық субъектілері үшін).
Тармақ 11
11. Субсидиялауға арналған өтініштерді қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесі орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызмет беруші тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына (қоса алғанда) дейінгі кезеңде АӨК СМАЖ арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі
2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі
Тармақ 12
12. Субсидия мөлшері су пайдаланушының су тұтынушыға берген суының 1 (бір) м3-на есептеледі. Су пайдаланушының су тұтынушыға берген судың 1 (бір) м3 субсидия мөлшері су беру тәсіліне қарамастан, қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі – ҚҚС) тарифтерден пайыздық (бұдан әрі – %) қатынаста сараланған түрде белгіленеді және мыналарды құрайды: Тариф Субсидиялау пайызы м3-іне 2,0 (екі) теңгеге дейін 60% м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін 65% м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін 70% м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін 75% м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін 80% м3-іне 2,0 (екі) теңгеге дейін 85%
Тармақ 13
13. Берілген судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: S = T * % тарифтердің бекітілген мөлшеріне сәйкес, мұндағы: S – берілген судың м3 арналған субсидия мөлшері, теңге; T – м3-ге бекітілген тариф (ҚҚС-сыз), теңге.
Тармақ 3. 3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі
3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға ай сайынғы өтінімдерді қабылдау кезеңі туралы хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 15
15. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне қол жеткізу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мен су пайдаланушылар АӨК СМАЖ-да өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ қолданады. Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын уәкілеттік органға ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімін жолдайды.
Тармақ 16
16. «Жеке кабинетте» тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушылар және су пайдаланушылар мыналарды көрсетеді:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;
Тармақша 3
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы);
Тармақша 4
4) субсидия алу үшін су пайдаланушының екінші деңгейдегі банктегі банктік шотының деректемелері. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде көрсетілетін қызметті алушылар немесе су пайдаланушылар 2 (екі) жұмыс күні ішінде «жеке кабинетте» деректерін өзгертеді.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қалыптастыру және тіркеу АӨК СМАЖ-дағы «жеке кабинетінде» мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес АӨК СМАЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтініш қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сын қою арқылы АӨК СМАЖ-да тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына өтініштің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері веб-порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінімі тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда қалыптастырылған тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама көрсетілетін қызметті алушының және су пайдаланушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Өтініштер келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша қаралады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті беруші растағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде АӨК СМАЖ веб-порталында «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге төленетін шоттарды қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының және су пайдаланушының АӨК СМАЖ-дағы «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарлама жолдайды.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдауды көрсетілетін қызметті беруші хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы тыңдауға ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарламаны не Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның көрсетілетін қызметті алушының және су пайдаланушының СМАЖ-ғы «жеке кабинетіне» жіберілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. Уәкілетті орган Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жібереді.
Тармақ 22
22. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы олар басталған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге осындай мән-жайлар туралы хабарлайды. Көрсетілетін қызметті алушы АӨК СМАЖ-да еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталу фактісін растайтын уәкілетті мемлекеттік органдардың құжатын (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) жергілікті атқарушы органның су объектісінің сарқылуы туралы шешімін және (немесе) жергілікті атқарушы органның карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы және (немесе) ветеринария саласындағы уәкілетті орган берген балық ауруын анықтау туралы сараптама актісі (сынақ хаттамасы)) орналастырады. Алдыңғы екі (2) жыл қатарынан еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындағанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қарсы міндеттемелері орындалмаған болып есептеледі және субсидиялар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылуға тиіс.
Тармақ 23
23. Аквашаруашылық субъектілері, сондай-ақ аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер өздерінің қарсы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, олардың аквашаруашылықты субсидиялау шеңберінде алған ақшалары уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қарсы міндеттемелердің орындалу деңгейін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, қайтарылуға тиіс. Аквашаруашылық субъектілері, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер өз қызметін тоқтатқан жағдайда субсидия алған күннен бастап бес жыл ішінде, аквашаруашылықты субсидиялау шеңберінде алған қаражаттарын толық немесе ішінара қайтаруға міндетті. Қарсы міндеттемелердің қол жеткізілген орындалу деңгейін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі: А = Б х (1 – (В/60)), мұндағы: А – субсидияларды қайтару сомасы; Б – берілген субсидиялар сомасы; В – жұмыс істеген айлар саны.
Тармақ 24
24. Көрсетілетін қызметті беруші АӨК СМАЖ арқылы аквашаруашылық саласындағы қарсы міндеттемелерге қол жеткізу мониторингін жүргізеді. Субсидиялау объектісінің әрекет етуі/әрекетсіздігі мәніне мониторинг субсидия берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы жылына 2 (екі) реттен асырмай жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Мониторинг шарттарын орындау үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан АӨК СМАЖ -дан қажетті ақпаратты сұратады. Көрсетілетін қызметті берушінің сұралатын ақпараттың тізбесін сұратуы туралы хабарламаны «жеке кабинетке» және көрсетілетін қызметті алушы АӨК СМАЖ-ға тіркеу кезінде көрсеткен электрондық почта мекенжайына жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сұратылған ақпаратты АӨК СМАЖ-ға орналастыру жолымен ұсынады.
Тармақ 26
26. Көрсетілетін қызметті алушының қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес АӨК СМАЖ-дағы Жеке кабинетте 20 қаңтардан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде толтырады.
Тармақ 27
27. Қарсы міндеттемелердің орындалу пайызы АӨК СМАЖ қарсы міндеттемелерде көзделген жоспарлы көрсеткіштерге шаққандағы іс жүзінде орындалған көрсеткіштердің арақатынасы ретінде пайызбен есептеледі және мынадай формула бойынша айқындалады: Бұл ретте:
Тармақша 1
1) нақты орындалу көрсетілетін қызметті алушы ұсынған және құжаттармен расталған деректердің, сондай-ақ АӨК СМАЖ-да қамтылған мәліметтердің негізінде айқындалады;
Тармақша 2
2) жоспарлы міндеттеме көрсетілетін қызметті алушының субсидия алу үшін АӨК СМАЖ арқылы өтініш берген кезінде қалыптастырылады;
Тармақша 3
3) 100 пайыз көрсеткіші қарсы міндеттемелердің толық орындалуын білдіреді;
Тармақша 4
4) 100 пайыздан төмен көрсеткіш қарсы міндеттемелердің ішінара орындалуын білдіреді;
Тармақша 5
5) 0 пайыз көрсеткіші қарсы міндеттемелердің орындалмағанын білдіреді. Орындалу пайызын есептеуді көрсетілетін қызметті беруші АӨК СМАЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған деректер мен жүйеде қамтылған ақпараттың негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша қызметтерге субсидияларды пайдалану туралы есепті тиісті қаржы жылы үшін 31 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 4. 4-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 29
29. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында белгіленген тәртіппен беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 30
30. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау 2 Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру ақпараттандыру объектісі – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АӨК СМАЖ), электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) 6 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Субсидия беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық. 7 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін 8 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған. 9 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін аквашаруашылық саласындағы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушылар мен су пайдаланушылардың АӨК СМАЖ -да дербес шоттың болуы туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларда тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскелерінің болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің «шлюзі» арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі. 10 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. 11 Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 2. Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтініш
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің субсидиялау құнын қағидаларына 2-қосымша Нысан Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтініш Әкімшілік деректерді жинау арналған нысан Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № АКВА030000 нысаны Кезенділігі: бір реттік Есепті кезең: тиісті жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейін (қоса алғанда) Бизнес-сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: электрондық түрде 1-кесте. Өтініш беруші туралы мәліметтер: 1 Аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 2 Өтініш берушінің мекенжайы (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйі, телефоны) 3 Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі 4 Өтінім берушінің деректемелері (жеке тұлғалар (дара кәсіпкер) үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі); 5 Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама 6 Кәсіпкерлік субъектісінің санаты 7 ЭҚЖЖ сәйкес сыныптың төрт таңбалы коды (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код) 8 Байланыс телефондары 2-кесте. Жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат № Кадастрлық нөмірі Алаңы, гектар (бұдан әрі – га) Нысаналы мақсаты Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы барлығы оның ішінде аквашаруашылыққа арналған 1 2 3 4 5 6 3-кесте. Дереккөз туралы мәліметтер: 1 Дереккөздің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, субөлгіш, сутаратқыш) 2 Су пайдаланушының тарифі (теңгемен) 3 Су пайдаланушымен жасалған су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі 4 Бірлік өлшемдерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген есепке алу аспабының не өлшеу құралы мен құрылғысының атауы, су үнемдейтін технологияларды енгізу актісінің нөмірі және күні 5 Алынған суға алғашқы төлем құжаттары (төлем құжатының нөмірі) 4-кесте. Шаруашылық қызмет түрлері бойынша суды тұтыну көлемі: Тоған шаруашылық қызметі/индустриялық шаруашылық қызметі/өсімді молайту шаруашылық қызметі/аквашаруашылық объектілері үшін азық өндіруге байланысты қызмет/балық өсіру саласында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс Балық өсіретін тоғандарға (га) және (немесе) бассейндерге (шаршы метр) арналған алаң Су тұтыну көлемі, мың текше метр (бұдан әрі-м3) Балық өсіретін тоғанның ең жоғары сыйымдылығы, м3 Балық өсіру бассейнінің ең жоғары сыйымдылығы, м3 Су тұтыну көлемі м3 1 2 3 4 5 5-кесте. Су пайдаланушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер: 1 Банктің атауы 2 Субсидиялар алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері 3 Банктік сәйкестендіру коды 4 Корреспонденттік шот 5 БСН 6 Бенефициар коды Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, жеке деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін. Аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъекті 20___жылғы «__» сағат_____-де қол қойып, жіберді. Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама: 20___жылғы «__» _______ сағат____ қабылданды. Атауы Наименование______________________ ___________________________________ Мекенжайы Адрес_______________________ ____________________________ Телефоны Телефон _____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты _____________________________________________________________________ Орындаушы Исполнитель ___________________________________________ ______________ аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, телефон фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства) _________________________________________________
Басқа 80. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Су беру бойынша көрсетілген қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі:№ АКВА030000 нысаны, кезеңділігі бір реттік)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш» нысанына қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Су беру бойынша көрсетілген қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі:№ АКВА030000 нысаны, кезеңділігі бір реттік)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Су беру бойынша көрсетілетін қызметтер субсидиялар алуға арналған өтініш» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықты дамуын қамтамасыз ететін субъект толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықты дамуын қамтамасыз ететін субъект облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. 1-кестенің 1-жолында аквашаруашылық субъектісінің немесе аквашаруашылықты дамуын қамтамасыз ететін субъектінің атауы (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 1-кестенің 2-жолында өтініш берушінің мекенжайы (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, телефон) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 1-кестенің 3-жолында басшының, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 1-кестенің 4-жолында өтініш берушінің деректемелері көрсетіледі: жеке тұлғалар (дара кәсіпкер) үшін – ЖСН; заңды тұлғалар үшін – БСН, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН.
Тармақ 10
10. 1-кестенің 5-жолында жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметін бастаған күні көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 1-кестенің 6-жолында кәсіпкерлік субъектісінің санаты көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 1-кестенің 7-жолында ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) бойынша төрт таңбалы сынып коды көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 1-кестенің 8-жолында байланыс телефондары көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 2-кестенің 1-бағанында жолдардың реттік нөмірі толтырылады.
Тармақ 15
15. 2-кестенің 2-бағанында жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 2-кестенің 3-бағанында жер учаскесінің алаңы барлығы (гектармен) көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 2-кестенің 4-бағанында аквашаруашылықпен қамтылған жер учаскесінің алаңы (гектармен) көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 2-кестенің 5-бағанында су айдынының нысаналы мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 2-кестенің 6-бағанында жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 3-кестенің 1-жолында дереккөздің атауы (өзен, бұлақ, суару жүйесі, таратушы, су шығару нүктесі) көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 3-кестенің 2-жолында су пайдаланушының тарифі (теңгемен) көрсетіледі.
Тармақ 22
22. 3-кестенің 3-жолында су пайдаланушымен су беру қызметін көрсетуге жасалған шарттың көшірмесі көрсетіледі.
Тармақ 23
23. 3-кестенің 4-жолында өлшеу аспаптарының немесе суды есепке алу құралдарының атауы, мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген тіркеу нөмірі және су үнемдеу технологияларын енгізу туралы актінің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 3-кестенің 5-жолында алынған су үшін бастапқы төлем құжаттарының (төлем құжатының нөмірі) деректері көрсетіледі.
Тармақ 25
25. 4-кестенің 1-бағанында аквашаруашылық саласындағы қызмет түрі көрсетіледі.
Тармақ 26
26. 4-кестенің 2-бағанында балық өсіру тоғандарына (гектармен) және (немесе) бассейндерге (шаршы метрмен) бөлінген алаң көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 4-кестенің 3-бағанында балық өсіру тоғанының ең жоғары сыйымдылығына сәйкес суды тұтыну көлемі (текше метрмен) көрсетіледі.
Тармақ 28
28. 4-кестенің 4-бағанында балық өсіру бассейнінің ең жоғары сыйымдылығына сәйкес суды тұтыну көлемі (текше метрмен) көрсетіледі.
Тармақ 29
29. 4-кестенің 5-бағанында жалпы суды тұтыну көлемі (текше метрмен) көрсетіледі.
Тармақ 30
30. 5-кестенің 1-жолында банктің атауы көрсетіледі.
Тармақ 31
31. 5-кестенің 2-жолында екінші деңгейдегі банктегі субсидия алуға арналған банктік шоттың деректемелері көрсетіледі.
Тармақ 32
32. 5-кестенің 3-жолында банктің сәйкестендіру коды (БСК) көрсетіледі.
Тармақ 33
33. 5-кестенің 4-жолында корреспонденттік шот көрсетіледі.
Тармақ 34
34. 5-кестенің 5-жолында бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі.
Тармақ 35
35. 5-кестенің 6-жолында бенефициар коды көрсетіледі.
Басқа 3. Субсидия беру туралы хабарлама
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан Субсидия беру туралы хабарлама Құрметті _________________________________________________ (аквашаруашылық субъектісінің атауы/ аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект) Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №________ өтінішіңіз бойынша су пайдаланушының №________ есептік шотына 20___ жылғы «__» __________ төлем тапсырмасымен _______________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғаны туралы хабарлаймыз.
Басқа 4. Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту Құрметті (аквашаруашылық субъектісінің атауы/аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект) Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтінішіңіз бойынша субсидия беруден ________________________________________________________________ __________________________________________________себепті бас тартылды.
Басқа 5. Көрсетілетін қызметті алушының қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі туралы ақпарат ____ жыл
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша Нысан Көрсетілетін қызметті алушының қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі туралы ақпарат ____ жыл № Аквашаруашылық субъектісінің/аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің атауы Аквашаруашылық субъектісінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі Субсидиялардың атауы Қарсы міндеттемелердің атауы Орындалу пайызы 1 2 3 4 5 6
Басқа 6
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 6-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Ұсынылады: аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп» Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 7-аква нысаны Кезеңділігі: жыл сайын Есепті кезең: 20____ жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей Бизнес сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: электрондық түрде № Аква­ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­сі­нің неме­се аква­ша­ру­а­шы­лық­тың да­муын қам­та­ма­сыз ете­тін субъ­ек­ті­нің ата­уы Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Кә­сіп­кер­лік субък­ті­сі­нің са­на­ты (ірі, ор­та, ша­ғын) Ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер­дің ны­са­ны Ша­ру­а­шы­лық қыз­мет тү­рі­нің ата­уы (то­ған ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті, ин­ду­стри­я­лық ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті, өсім­ді мо­лай­ту ша­ру­а­шы­лы­ғы қыз­ме­ті, аква­ша­ру­а­шы­лық объ­ек­ті­ле­рі үшін азық өн­ді­ру­ге бай­ла­ны­сты қыз­мет / ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы се­лек­ци­я­лық және асыл тұқым­дық жұ­мыс Тұй­ық­тал­ған су­мен жаб­дық­тау бас­сейн­дер­дің қон­дыр­ғы­сы кө­ле­мі және са­ны (тек­ше метр) Ба­лық өсі­ру то­ған­да­ры­ның және (неме­се) ба­лық өсі­ру бас­сейн­де­рі­нің ала­ңы және са­ны (гек­тар) Су бе­ру ли­ми­ті, мың тек­ше метр Су­мен жаб­дық­тау тә­сі­лі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Аудан 1 2 Бар­лы­ғы Аудан 1 2 Бар­лы­ғы Жиы­ны кестенің жалғасы Төленген су көлемі, мың (текше метр) Субсидиялар мөлшері, (бір текше метрге теңге) Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге (10*11) Облыс мәслихаты бекіткен сома, мың теңге Ауытқу, мың теңге (13-12) 10 11 12 13 14 Аудан Аудан Атауы __________________________________________________________ Мекенжайы _____________________________________________________ Телефоны_______________________________________________________ Электрондық почтасының мекенжайы _______________________________ Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) _________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)) Ескертпе: әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтерге субсидияларды пайдалану туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтерге субсидияларды пайдалану туралы есеп» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымшада көрсетілген.
Басқа 122. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық саласындағы су беру қызметтеріне субсидияларды пайдалану туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 7-аква нысаны, кезеңділігі: жыл сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп» нысанына қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық саласындағы су беру қызметтеріне субсидияларды пайдалану туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 7-аква нысаны, кезеңділігі: жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға есептік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанның 1-бағанында реті бойынша көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 2-бағанында аквашаруашылық субъектісінің/ аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 3-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі
Тармақ 8
8. Нысанның 4-бағанында кәсіпкерлік субъктісінің санаты (ірі, орташа, шағын) көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 5-бағанында шаруашылық жүргізуші субьектілердің нысаны көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 6-бағанында шаруашылық қызмет түрінің атауы (тоған шаруашылық қызметі, индустриялық шаруашылық қызметі, өсімді молайту шаруашылығы қызметі, аквашаруашылық объектілері үшін азық өндіруге байланысты қызмет / балық шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 7-бағанында тұйықталған сумен жабдықтау бассейндердің қондырғысы көлемі және саны (текше метр) және балық өсіру тоғандарының және (немесе) балық өсіру бассейндерінің алаңы және саны (гектар) көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 8-бағанында су беру лимиті көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 9-бағанында су беру тәсілі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 10-бағанында төленген судың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 11-бағанында субсидиялар мөлшері көрсетіледі (текше метрге теңгемен).
Тармақ 16
16. Нысанның 12-бағанында төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі (мың теңгемен).
Тармақ 17
17. Нысанның 13-бағанында облыс мәслихаты бекіткен сома көрсетіледі (мың теңгемен).
Тармақ 18
18. Нысанның 14-бағанында ауытқу көрсетіледі. Облыс мәслихаты бекіткен сома мен төленген субсидиялар арасындағы айырма ауытқу болып табылады.