Об определения перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Узункольского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұзынкөл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу Қазақстан Республикасының;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 7. Ұзынкөл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 119 қаулысына қосымша Ұзынкөл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
Тармақша 3
3) қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 4
4) психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар балаларды және мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) хормейстер;
Тармақша 3
3) концертмейстер;
Тармақша 4
4) кітапханашы;
Тармақша 5
5) библиограф;
Тармақша 6
6) барлық атаулардың (негізгі қызметтердің) әдіскері;
Тармақша 7
7) қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;
Тармақша 8
8) музыкалық жетекші.
Тармақ 3
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) әдіскер.