О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Костанайской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 121 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және атқарушы органдары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 149 қаулысының;
Тармақша 2
2) «Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 121 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және атқарушы органдары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 268 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.