О признании утратившим силу некоторых решений маслихата города Алматы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2021 жылғы 31 мамырдағы № 48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23122 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 48 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 8 маусымдағы № 140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28533 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.