Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Межрегионэнерготранзит» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Межрегионэнерготранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Межрегионэнерготранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ҚС 35 кВ Таранға ӘЖ-35 кВ Тобыл-Тобольскаядан дәнекерлеу ӘЖ-35 кВ, ҚС 110 кВ Таранға ӘЖ-110 кВ Тобыл-Новоильиновкадан дәнекерлеу ӘЖ-110 кВ салу мақсатында, Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан алаңы 9,5503 гектар жер учаскесіне 4 жыл 11 ай мерзімімен қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы қаулының қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.