О переименовании улиц Айнабулакского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Айнабұлақ ауылдық округіндегі көшені қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Айнабұлақ ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Айнабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Айнабұлақ ауылының 9 шартты көшесі – Әбдікәрім Ахметжанов көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.