Об утверждении Правил выявления земельных участков, не используемых в соответствующих целях или используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабының 4 және 5-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 қазандағы
№ 397
бұйрығына 1-қосымша
Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабының 4 және 5-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 2
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) –орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – салық органы) – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес егер жер пайдалану құқығы үш жылдан аспаса, онда екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібі
2-тарау. Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау
1-параграф. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау
Тармақ 4
4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау мыналар арқылы жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-1-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына және 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес объектілер салуға арналған жер учаскелерінің иелерін (жер пайдаланушыларды) есепке алу;
Тармақша 2
2) объектілер салуға арналған жер учаскелерін игеру, оларды Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтай отырып тиісті мақсаттарда пайдалану үшін Кодекстің 92-бабында белгіленген мерзімдердің орындалуын мониторингтеу (бұдан әрі – мониторинг).
Тармақ 5
5. Жер учаскелерін есепке алуды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган объектілер салуға арналған жер учаскелері туралы ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырады және жер учаскелерін пайдалануды талдау мен бақылау үшін дұрыс деректердің берілуін қамтамасыз ете отырып, мониторинг жүргізуге негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Жүйелі байқаулар, жерүсті түсірілімдері, зерттеп-қараулар, түгендеу нәтижелері, жерлерді пайдалану мен қорғауға қатысты материалдар, мұрағат деректері, жерлерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, жерлерді мониторингтеу үшін ақпарат көздері болып табылады.
Тармақ 7
7. Мониторингтеуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) бастамасы бойынша жүргізілетін жерлерді түгендеу;
Тармақша 2
2) құрылыс салуға бөлінген жер учаскелерінде салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер туралы мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан алынған ақпаратты талдау;
Тармақша 3
3) «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9981 болып тіркелген) сәйкес салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерді мониторингтеу;
Тармақша 4
4) Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінен ақпарат алу нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Жер учаскелерін есепке алуды және мониторингті жүзеге асыру барысында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган игеру мерзімі өтіп кеткен не күнтізбелік жылдың тиісті тоқсанының соңына дейін мерзімі аяқталатын объектілер салу үшін берілген жер учаскелері бойынша:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан осындай жер учаскелерінде салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер туралы мәліметтер алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне;
Тармақша 2
2) осындай жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны (құрылыс басталған кезде) туралы хабарламалар, сондай-ақ салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің салыну мерзімін көрсете отырып, оларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша мәліметтер алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органның мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (кадастрлық нөмірі, нысаналы мақсаты, алаңы, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер), сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды және ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тиісті сұранымдар жібереді.
Тармақ 9
9. Мониторинг қорытындылары бойынша:
Тармақша 1
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастырады және оны электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін аумақтық бөлімшеге жолдайды;
Тармақша 2
2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы ақпаратты қалыптастырып, оны электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін аумақтық бөлімшеге жарты жылда бір рет, тиісті жылдың он бесінші маусымынан және он бесінші қарашасынан кешіктірмей жолдайды.
Тармақ 10
10. Ақпараттың негізінде аумақтық бөлімше объектілер салу үшін берілген және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау мақсатында меншік иелерінің (жер пайдаланушылардың) жерлерінің пайдаланылуы және қорғалуы үшін тиісті шаралар қабылдайды.
Объектілер салу үшін берілген жер учаскелерінің тиісті мақсаттарда пайдаланылмау немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайдалану фактілері расталған жағдайда, мұндай жер учаскесінің меншік иесіне (жер пайдаланушыға) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тапсырылады.
Тармақ 11
11. Аумақтық бөлімше тиісті шаралар қабылдау нәтижелері бойынша жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде объектілер салуға арналған, тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органына – нұсқама берілген жер учаскелері, меншік иелері (жер пайдаланушылар) бойынша ақпарат жолдайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау
2-параграф. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау
Тармақ 12
12. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау мыналар арқылы жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Кодекстің 14-1-бабының 2-тармағының 19) тармақшасына және 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерінің иелерін (жер пайдаланушыларды) есепке алу;
Тармақша 2
2) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін пайдалану мониторингі;
Тармақша 3
3) Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану.
Тармақ 13
13. Жер учаскелерін есепке алуды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырады және жер учаскелерін пайдалануды талдау мен бақылау үшін дұрыс деректердің берілуін қамтамасыз ете отырып, мониторинг жүргізуге негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. Жүйелі байқаулар, жерүсті түсірілімдері, зерттеп-қараулар, түгендеу нәтижелері, жерлерді пайдалану мен қорғауға қатысты материалдар, мұрағат деректері, жерлерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, жерлерді мониторингтеу үшін ақпарат көздері болып табылады.
Тармақ 15
15. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.1
Тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын жер
учаскелерін анықтау
қағидаларына қосымша
Нысан
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ОСАЖУА
Кезеңділігі: тоқсан сайын/ жарты жылды бір рет
Есептік кезең: 20___ жылғы ____ тоқсан/ 20___ жылғы 15 маусымнан кешіктірмей және 20___ жылғы 15 қарашасынан кешіктірмей
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
республикалық маңызы бар қала мен астананың жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган үшін – тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін;
ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган үшін – жарты жылда бір рет, тиісті жылдың 15 маусымынан және 15 қарашасынан кешіктірмей.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Жинау әдісі: электрондық түрде
Р/с №
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің, жер пайдаланушының) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат бойынша игеру талаптары мен мерзімдері
Болуы/болмауы
сәулет-жобалау тапсырмасының
объектіні салуға арналған техникалық талаптардың
объектіні салу жобасының
құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастағаны туралы хабарлама
Салынуы белгіленген және салынып жатқан объектілер мен кешендерді мониторингтеу нәтижелері бойынша объект пен кешеннің жай-күйі туралы ақпарат
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Атауы ____________________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________________
Телефоны__________________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы__________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
________________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбасы)
________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
Ескерту: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 1.2. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері туралы ақпарат» нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
(индексі: № 1-ОСАЖУА нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған «Объектілер салуға
арналған және тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын жер учаскелері
туралы ақпарат»
нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері туралы ақпарат» нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
(индексі: № 1-ОСАЖУА нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы – тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы – жарты жылда бір рет, тиісті жылдың 15 маусымынан және 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 2-бағанында заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушысы) аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 3-бағанында жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 4-бағанында жер учаскесінің кадастрлық нөмірі мен орналасқан жері көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 5-бағанында жер учаскесінің нысаналы мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 6-бағанында жер учаскесінің жалпы ауданы гектармен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 7-бағанында жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатқа сәйкес игеру шарттары мен мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 8-бағанында сәулет-жоспарлау тапсырмасының болуы/болмауы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 9-бағанында объекті салуға техникалық шарттардың болуы/болмауы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 10-бағанында объектіні салу жобасының болуы/болмауы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 11-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болуы/болмауы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 12-бағанында салынуы белгіленген және салынып жатқан объектілер мен кешендерді мониторингтеу нәтижелері бойынша объект пен кешеннің жай-күйі туралы ақпарат көрсетіледі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 қазандағы
№ 397
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16949 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 80 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20100 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 143 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22658 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 395 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26426 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 19 мамырдағы № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32539 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34126 болып тіркелген).