Қолданыстағы ред. 29.09.2004

Құлсары қаласында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережесі туралы от 29.09.2004 г. № 9-9 (Құлсары қаласында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережесі туралы)

0

Құлсары қаласында ауыл шаруашылығы
жануарларын ұстау Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, аудандық әкімияттың 17 тамыз 2004 жылғы № 200 «Құлсары қаласында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Ережесі туралы» қаулысын қарап, аудандық Мәслихаттың IХ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Құлсары қаласында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау туралы Ереже бекітілсін /қосымша жалғанды/.
Келісілді:
Жылыой аудандық санитарлық
Эпидемиологиялық қадағалау
Басқармасының бастығы
1 қазан 2004ж. А.Қалмұқанова
Жылыой аудандық аумақтық
басқармасының бастығы
1 қазан 2004ж. Қ.Оразбаев

1

Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы
30 қыркүйектегі № 9/9 шешіміне
қосымша
Құлсары қаласында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау
Ережесі

1. 1. Жалпы Ережелер

1. Жалпы Ережелер

1

1. Осы Ереже Құлсары қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын (бұдан әрі – жануарлар) ұстау тәртібін реттеу мақсатында жасақталған және осы Ержені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға жауапкершілік белгілейді.

2

2. Ереже жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті және Құлсары қаласының аумағында әрекет етеді.

3

3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес жасақталған.

4

4. Осы Ереженің сақталуына бақылау мемлекеттік ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.

2. 2. Жануарларды ұстау тәртібі

2. Жануарларды ұстау тәртібі

5

5. Жануарлар ауланың ішінде арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда ұсталуы тиіс.

6

6. Жануарлардың иелері қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге, оларды ұстаудың ветеринарлық-санитарлық талаптарын сақтауға міндетті.

7

7. Жануарлардың көшелерде, алаңдарда және басқа да ортақ пайданудағы жерлерде қараусыз жүруіне тыйым салынады.

8

8. Ортақ пайдаланудағы жерлерде (көшелерде, алаңдарда және басқа да жерлерде) қараусыз жүрген жаунарлар қараусыз қалдырылған болып есептеледі және «Жылыойтазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ауланып, арнайы орындарда ұсталады.
Жануарлардың иелері оларды қайтару үшін «Жылыойтазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына хабарласа алады.

3. 3. Жануарлардың иелерінің міндеттері

3. Жануарлардың иелерінің міндеттері

9

9. Жануарлардың иелері:

1

1) жануарларды ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ұстауға, оларды қараусыз қалдырмауға және уақытылы жұқпалы ауруларға қарсы ектіруге;

2

2) жануарларды ұстайтын орындарда зоогигиеналық-ветеринарлық, санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес жағдайлар жасауға;

3

3) қидың және өлген жануарлардың өлекселерінің уақытылы заласыздандырылуын қамтамасыз етуге;

4

4) санитарлық ережелерді, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдауға;

5

5) ауру жануарларды ветеринарлық қызметкерлерге хабарламай қоймауды және олардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды залалсыздандыруды ұйымдастыруға;

6

6) қараусыз қалдырылған жануарлардың үшінші тұлғаларға келтірген мүліктік зиянның орнын толтыруға міндетті.

4. 4. Ережені бұзғаны үшін жануарлар иелерінің жауапкершілігі

4. Ережені бұзғаны үшін жануарлар иелерінің жауапкершілігі

10

10. Осы Ережені бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.