Об утверждении Правил организации деятельности акцизного поста Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабының 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондықбақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы минитрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «__» _________ №__ Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабының 17-тармағына сәйкес әзірленді және акциз бекеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – МКО) этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра мен сыра сусынынан басқа), бензинді (авиациялықтан бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішті, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отын мен темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.
Тарау 2. 2-тарау. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 2
2. Акциздік бекеттің қызметін басқаруды және үйлестіруді акцизделетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша МКО басшылары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Акциздік бекеттің орналасу орындары мен қызметкерлердің құрамын ұйымдастыру МКО басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Лауазымды адамдардың акциздік бекетте болу МКО басшысы бекіткен кезекшілік кестесіне және өндірушінің жұмыс кестесі сәйкес жүзеге асырылады. Лауазымды адамның акциздік бекетте болу уақыты осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті уақыт негізінде айқындалады. Акциздік бекетте болу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздік бекеттінде болу актісі немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі толтырылады.
Тармақ 5
5. Акциздік бекетте тұрған лауазымды адам:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын салық төлеушінің сақтауын;
Тармақша 2
2) акцизделетін тауарларды тек этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерін өндіру салаларында деректер операторлары арқылы бақылау есепке алу құралдарының деректерін автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етілетін қуат көздерімен жарақтандырылған аспап – есепке алудың бақылау аспабы арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын, сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің Салық кодексінің 156-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын, атап айтқанда, арнайы аспаптар арқылы алкоголь өнімдерінің есепке алудың бақылау таңбаларының (шығарылған өнімінің әрбір түрінен 100 бөтелкеден кем емес) түпнұсқалылығына ішінара тексеру жүргізеді;
Тармақша 4
4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Акциздік бекеттегі МКО-ның лауазымды адамы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарайды, акцизделетін тауарларды сақтау және өткізу үшін пайдаланатын өндірістік үй-жайлардағы, қоймалардағы дайын өнімдердің қалдығын алады, олар туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдықтарын алу актісін толтырады;
Тармақша 2
2) акцизделетін тауарлардың өткізілуін бақылайды;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығатын (кіретін) жүк көлік құралдарын тексереді.
Тармақ 7
7. Акциздік бекетте тұрған лауазымды адам жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін және тұрған уақытында:
Тармақша 1
1) акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;
Тармақша 2
2) спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;
Тармақша 3
3) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);
Тармақша 4
4) өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);
Тармақша 5
5) алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;
Тармақша 6
6) мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өндіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);
Тармақша 7
7) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;
Тармақша 8
8) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды босату (өткізу) крандарын пломбалайды. Бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларын қою және алуды лауазымды тұлға жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбаларды қою және/немесе алу актісі жасалады.
Тармақ 8
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде аталған пломбаларды өндірушінің өкілі шешеді.
Тармақ 9
9. Жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған, ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбаларды қою және/немесе алу актісі толтырылады, акт толтырылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей акцизделетін тауарларды өндіру жүзеге асырылатын орны бойынша жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірстер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) назарына жеткізеді. МКО-ның лауазымды адамы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерін анықтаған жағдайда осы Қағидалардың 6 және 7-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін, экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін тарту туралы ұсыным хат береді.
Тармақ 10
10. Лауазымды адам акциздік бекетте болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ақпараттық жүйе арқылы Комитетке мына мәліметтерді: акциздік бекет бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциз бекеті бойынша (толысылған шараптан басқа) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есепті; осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемдері туралы есепті; осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есепті жолдайды.
Тармақ 11
11. Акциздік бекеттің лауазымды адамы күнсайын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізуін есепке алу журналын толтырады. Есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және тиісті мемлекеттік кірістер органының басшысының қолы қойылып, мөрі басылады.
Тармақ 12
12. Акциздік бекеттердің қызметін бақылау ЕБА-ның, акциздік бекетте болу актісі, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі мәліметтерді көрсету арқылы деректерін талдау арқылы жүзеге асырылады.
Басқа 1. Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша нысан Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі 1-кесте № Күні Бастапқы болу уақыты Есепке алу бақылау аспабының (бұдан әрі - ЕБА) зауыттық нөмірі ЕБА-ның жұмыс істеуі Этил спиртінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші (декалитрде) Иә Жоқ Сулы Сусыз 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Алкоголь өнімінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші Пломба қойылған орын Қойылған пломбалар саны Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі Желінің № Алкоголь өнімінің түрі Көлемі V (литр) Бөтелкеде 9 10 11 12 13 14 15 кестенің жалғасы Пломбаның бар болуы Дайын өнімдегі есепке алудың бақылау таңбасының бар болуы Болу уақытының аяқталуы Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) Лауазымды адамның қолы Иә Жоқ Бар Жоқ 16 17 18 19 20 21 22
Басқа 2. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша нысан Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі 2-кесте № Күні Бастапқы болу уақыты ЕБА -ның зауыттық нөмірі ЕБА -ның жұмыс істеуі Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынының, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектердің қоспалары, экологиялық отын өндірісі, өткізу (тиеп жөнелту) бойынша ЕБА мәліметі Пломба қойылған орын Қойылған пломбалар саны Иә Жоқ ЕБА (шығын өлшегіштер, деңгей өлшегіштер) Мұнай өнімінің түрі Тонна 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 кестенің жалғасы Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі Пломбаның бар болуы Болу уақытының аяқталуы Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) Лауазымды адамның қолы Иә Жоқ 12 13 14 15 16 17
Басқа 3. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдығын алу актісі
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша нысан Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдығын алу актісі Мен (біз)______________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы) _________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________қатысуымен (салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі), салық төлеуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (жеке сәйкестендіру нөмірі) қатысуымен қалдығын алу жүргізілді. № Акцизделетін тауарлардың түрі Кезеңі (күні, уақыты) Саны (декалитр, мың дана, тонна) Ескерту (алкоголь өнімі үшін- декалитр, темекі өнімдері үшін – мың дана, бензин, дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспалары, экологиялық отын үшін – тонна) Басталды Аяқталды 1 2 3 4 5 6 1 Этил спирті 2 Алкоголь өнімі (сыра қайнату өнімінен басқа), оның ішінде алкоголь өнімдерінің түрлері бойынша 3 Бензин (авиациалық бензиннен басқа) (оның ішінде түрлері бойынша) 4 Дизель отыны 5 Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектердің қоспалары, экологиялық отын 6 Темекі өнімдері, оның ішінде темекі өнімдерінің түрлері бойынша __________________________________________________________ _________ (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.) (қолы) __________________________________________________________ _________ (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.) (қолы) _________________________________________________________ _________ (Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә) (қолы) ________________________________________________________ _________ (Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә) (қолы)
Басқа 4. Пломбаларды қою және/немесе алу актісі
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша нысан Пломбаларды қою және/немесе алу актісі ___________________ __________________ (жасалған күні, уақыты) (жасалған орны) Мен (біз)___________________________________________________________________ ____________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы) ______________________________________________________________________ _________________________________________________________ қатысуымен (салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), пломба қою немесе алу жүргіздім (жүргізілді). _____________________________________________________________________ (пломба қойылған орын) _____________________________________________________________________ (бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі және қойылған пломбаның саны) Пломбаның сақталуына салық төлеуші жауапты болады. __________________________________________________________ _________ (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.) (қолы) __________________________________________________________ _________ (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.) (қолы) __________________________________________________________ _________ (Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә) (қолы) __________________________________________________________ _________ (Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә) (қолы)
Басқа 5. Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есеп 20__жылғы _______ жағдай бойынша
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша Нысан Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есеп 20__жылғы _______ жағдай бойынша № Өн­ді­ру­ші кә­сі­по­рын­ның биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бұ­дан әрі- БСН-і) Өн­ді­ру­ші кә­сі­по­рын­ның ата­уы Күн­нің ба­сын­да­ғы өнім қал­ды­ғы Есеп­ті ке­зең­де өн­ді­рі­л­ген этил спир­ті­мен ал­ко­голь өні­мі Спирт­ті есеп­ке алу­дың ба­қы­лау ас­па­бы­ның көр­сет­кі­ші Тү­рі Өнім­нің ата­уы Бө­тел­ке­де (да­на) (бө­тел­ке­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін) Бө­тел­ке­нің сый­ым­ды­лы­ғы (бө­тел­ке­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін) Де­ка­литр Спирт кө­ле­мін өл­шей­тін ап­па­рат­тың нө­мі­рі Су­лы Су­сыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Кестенің жалғасы Алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші Құю желісінің нөмірі Күннің басына Күннің соңына V (литр) Бөтелке ЕБТ-ң техникалық көру құралымен тіркелгелгені V-(литр) Бөтелке ЕБТ-ң техникалық көру құралымен тіркелгелгені 13 14 15 16 17 18 19 Кестенің жалғасы Басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару Кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған) Түрлері бойынша Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) Декалитр Жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі Жеткізуші заңды немесе жеке тұлғаның атауы 20 21 22 23 24 25 Кестенің жалғасы Басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару Есептік кезеңде заңды немесе жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі Күннің соңындағы өнімнің қалдығы Түрі Бөтелке данада (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) Декалитр Алушының ЖСН/ БСН-і Алушы заңды немесе жеке тұлғаның атауы 26 27 28 29 30 31 32 Орындаушы: _________________________________________________________ (Т.А.Ә., байланыс телефон) «Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 5.1. «Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есебінің нысанына қосымша «Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Нысанның 2-бағанында өндіруші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанның 3-бағанында этил спирті мен алкоголь өнімінін өндіруші кәсіпорынның толық атауы көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 4-бағанында күннің басындағы өнім қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңде өндірілген өнімнің түрі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 6-бағанында есепті кезеңде өндірілген өнімнің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 7-бағанында есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 8-бағанында есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 9-бағанында есепті кезеңде өндірілген өнімнің көлемі декалитрде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 10-бағанында бақылау спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 11-бағанында спиртті есеп алудың бақылау аспабының көрсеткіші – "сулы" көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 12-бағанында спиртті есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші – "сусыз" көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 13-бағанында құю желісінің нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 14-бағанында алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 15-бағанында алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 16-бағанында ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 17-бағанында алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 18-бағанында алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның 19-бағанында ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның 20-бағанында алкоголь өнімнің кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған) көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Нысанның 21-бағанында басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару түрлері бойынша көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Нысанның 22-бағанында басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтарылған бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Нысанның 23-бағанында басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімнің кері қайтарылған көлемі декалитрде көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Нысанның 24-бағанында жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Нысанның 25-бағанында жеткізуші заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Нысанның 26-бағанында есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі (толысылған шараптан басқа) жөнелтілген өнімнің түрі көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Нысанның 27-бағанында есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Нысанның 28-бағанында есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.
Тармақ 29
29. Нысанның 29-бағанында есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген көлемі декалитрде көрсетіледі.
Тармақ 30
30. Нысанның 30-бағанында алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 31
31. Нысанның 31-бағанында алушы заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 32
32. Нысанның 32-бағанында этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) күннің соңындағы өнімнің қалдығы көрсетіледі.
Басқа 6. Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есеп 20__жылғы _______ жағдай бойынша
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша нысан Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есеп 20__жылғы _______ жағдай бойынша № Өн­ді­ру­ші­нің биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бұ­дан әрі -БСН) Өн­ді­ру­ші кә­сі­по­рын­ның ата­уы Мұ­най өні­мі­нің тү­рі Да­ра сәй­кестен­ді­ру ко­ды Ти­еп жө­нел­ті­л­ген бен­зин (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель отын, га­зо­хол, бен­за­нол, мұ­най еріт­кі­ші,же­ңіл кө­мір­су­тек­тер­дің қо­с­па­ла­ры, эко­ло­ги­я­лық отын (тон­на­да) Опе­ра­ция ко­ды Іле­с­пе жүк­құ­жа­ты­ның кү­ні Іле­с­пе жүк­құ жа­ты­ның нө­мі­рі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 кестенің жалғасы Алушының БСН-і Алушы кәсіпорынның атауы Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды жеткізу мекенжайы Тиеп жөнелту түрі (темір жол, автокөлік, құбыр желісі арқылы) 10 11 12 13 Орындаушы: _____________________________________________________________________ (Т.А.Ә.,байланыс телефоны) «Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 6.1. «Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебінің нысанына қосымша «Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Нысанның 2-бағанында өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанның 3-бағанында өндіруші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 4-бағанында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газахолдың, бензанолдың, мұнай еріткішінің, жеңіл көмірсутектер қоспаларының, экологиялық отынның түрі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 5-бағанында дара сәйкестендіру коды көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 6-бағанында тиеп жөнелтілетін мұнай өнімінің көлемі (тоннада) көрсетіледі
Тармақ 7
7. Нысанның 7-бағанында операцияның коды көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 8-бағанында ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 9-бағанында ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 10-бағанында алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 11-бағанында алушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 12-бағанында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газахол, бензанол, мұнай еріткішінің, жеңіл көмірсутектердің қоспалары, экологиялық отынды жеткізу мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 13-бағанында тиеп жөнелту түрі (теміржол, автокөлік, құбыржелісі арқылы) көрсетіледі.
Басқа 7. Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есеп
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша нысан Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есеп Мың дана № Өндірілген темекі өнімдері Темекі өнімдерінің импорты Темекі өнімдерін өткізу Барлығы Отандық өндіріс Импорт өндірісі Экспортқа 1 2 3 4 5 6 7 Орындаушы: _________________________________________________________ (Т.А.Ә., байланыс телефоны) «Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 7.1. «Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есебінің нысанына қосымша «Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Нысанның 2-бағанында өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанның 3-бағанында импортталатын темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 4-бағанында өткізілген темекі өнімдерінің жалпы саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 5-бағанында өткізілген отандық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 6-бағанында өткізілген импорттық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 7-бағанында экспортқа өткізілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Басқа 8. Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізуін есепке алу журналы
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізуін есепке алу журналы № Кү­ні Са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы Са­лық тө­ле­у­ші­нің биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ак­ц­и­з­де­ле­тін өнім­дер­дің өн­ді­рі­сі және өт­кі­зуі (этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мі үшін - де­ка­литр, те­ме­кі өні­мі үшін – мың да­на, бен­зин (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­ны, га­зо­хол, бен­за­нол, мұ­най еріт­кі­ші, же­ңіл кө­мір­су­тек­тер­дің қо­с­па­ла­ры, эко­ло­ги­я­лық отын үшін – тон­на) Ак­циз де­ле­тін өнім­ді өн­ді­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ада­мы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се) және қо­лы Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды қыз мет­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се) және қо­лы Күн­нің ба­сын­да­ғы қал­дық Бір күн­де өн­ді іл­ге­ні Өн­дір іс­ке жі­бер іл­ге­ні Өн­ді­рі­стік шы­ғын­дар Бір, күн­де өт­кіз іл­ге­ні Күн со­ңын­да­ғы қал­дық 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12