Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Алматы Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Айқындау:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;
Тармақша 2
2) халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.