Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунальных государственных учреждений «Молодежный ресурсный центр города Актобе» и «Центр по вопросам религий и связям с общественностью» государственного учреждения «Отдел внутренней политики города Актобе», финансируемых из местного бюджета Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.