О присвоении наименований безымянным улицам и паркам города Кандыагаш Қолданыста
Басқа 0
Қандыағаш қаласының атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) – тармағына және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 31 шілдедегі № 1 қорытындысы негізінде Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Өтеш Жалмағамбетовтың, Нұрғали Тастанбаевтың және Арыстан Мұқамбетқазиннің есімдері берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы әкімінің осы сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.