О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқашықтарын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) әкетуге 2026 жылғы 30 сәуірді қоса алғандағы мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі