О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных с территории Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 120 000 (жүз жиырма мың) бас 4 айдан асқан еркек тоқты мөлшеріндегі тірі қойлар мен ешкілерді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге 2026 жылғы 30 сәуірді қоса алғандағы мерзімге сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 2-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
Тармақ 4
4. «Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 сәуірдегі № 125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36026 болып тіркелген) күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 0. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 4 қарашадағы № 415 бұйрығына қосымша Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – тауар өндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) бордақылау алаңы – мамандандырылған алаңы бар және одан әрі бордақылау үшін еркек ірі қара малды/ұсақ малды сатып алуды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Тарау 2. 2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
Тармақ 3
3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің www.gov.kz интернет-ресурсында 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квоталарды бөлудің басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
Тармақ 4
4. Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге арналған сандық лимит;
Тармақша 2
2) 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкету үшін бір бордақылау алаңына және бір тауар өндірушіге арналған лимит.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін порталда 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге арналған квота көлемінің сандық лимиті қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 000 (жүз жиырма мың) басты құрайды, оның ішінде: бордақылау алаңдары үшін – 60 000 (алпыс мың) бас; тауар өндірушілер үшін – 60 000 (алпыс мың) бас.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының аумағынан 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит біржолғы және жиынтық мөлшерде бордақылау алаңы қуатының 30 пайызынан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – квотаның қолданылу кезеңіне 500 (бес жүз) бастан аспайды. Қуаттылығы 5000 (бес мың) бас және одан асатын бордақылау алаңдары үшін 4 айдан еркек тоқтыларды әкетуге арналған лимит квота қолданысының бүкіл кезеңіне 1500 (бір мың бес жүз) бастан аспауға тиіс.
Тармақ 8
8. 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квоталар санын бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33571 болып тіркелген) бекітілген «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес порталда тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға лицензия беру кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Квота бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы немесе тауар өндірушідегі малдың нақты саны карантиндеуге өтінім берген кезде тіркелген квотаның сұратылған көлемінен екі есе көп болуға тиіс. Бордақылау алаңдарының қуаттары туралы деректер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша қалыптастырылады. Әкетуге жоспарланған жануарлар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда өтініш берушінің – бордақылау алаңының немесе тауар өндірушінің атына карантинге қойғанға дейінгі 3 айдан аспайтын мерзімде тіркелуге тиіс. Жануарларды карантинге қоюға өтінім беру кезінде осы Қағидалардың 6, 7-тармақтарында және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар ескеріледі. Эпизоотиялық зерттеп-қарау актісі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қолданылады. Квота эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің қолданылу мерзімі ішінде жарамды және жануарларды әкету осы мерзім шегінде жүзеге асырылады. Эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда, берілген квота автоматты түрде жарамсыз деп саналады және қайтадан қайта бөлуге және квотаның жалпы лимитіне қайтаруға жатпайды. Бордақылау алаңы немесе тауар өндіруші берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы сұраныммен портал арқылы жүгінген жағдайда, осы лицензия шеңберінде бөлінген квота автоматты түрде пайдаланылды деп есептелінеді және қайтадан қайта бөлуге және квотаның жалпы лимитіне қайтаруға жатпайды.
Тармақ 10
10. Лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті органға «Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидалары) № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Тармақ 11
11. 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге арналған квоталар санын бөлу кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы деректер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор және «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы расталады.
Тармақ 12
12. 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квоталар санын бөлу сандық лимит толық пайдаланылғанға дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында квоталарды бөлу қорытындыларын: бөлінген квоталар санын көрсете отырып, 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алған өтініш берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады.
Тармақ 14
14. 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квоталарды бөлу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.