Об установлении права ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) коммунальному государственному учреждению «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Северо-Казахстанской области» на земельный участок Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19 бабына, 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 35 бабына сәйкес, 2025 жылғы 28 қазаңдағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне №26.4-04/1241 хатты және Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы 2025 жылғы 24 қазаңдағы № 650 бұйрығымен бекітілген, әзірленген жерге орналастыру жобасы негізінде Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі Прибрежное ауылында уақытша айналма жол үшін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы алаңы 2,9202 га жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) белгіленсін. Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар: жер учаскелерін киып өтеді: (кадастрлық нөмірі 15-220-023-610)-0,0196 га, (кадастрлық нөмірі 15-220-023-635)-0,0165 га, (кадастрлық нөмірі 15-220-023-613)-0,0187 га, кадастрлық нөмірі 15-220-023-608-0,0063 га. желілі нысанын киып өтеді: кадастровый номер 15-220-068-111, кадастрлық нөмірі 15-220-066-006, кадастрлық нөмірі 15-220-068-122.
Тармақ 2
2. Жер (лер) учаскесі (лері) бөлінеді деп саналсын.
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.