Об установлении права ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) коммунальному государственному учреждению «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Северо-Казахстанской области» на земельный участок Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19 бабына, 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 35 бабына сәйкес, 2025 жылғы 28 қазаңдағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне №26.4-04/1240 хатты және Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы 2025 жылғы 24 қазаңдағы № 647 бұйрығымен бекітілген, әзірленген жерге орналастыру жобасы негізінде Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі Прибрежное ауылында құрылыс алаңы үшін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы алаңы 0,7372 га жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) белгіленсін. Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар, сервитуттар: жоқ
Тармақ 2
2. Жер (лер) учаскесі (лері) бөлінеді деп саналсын.
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.