Об установлении суммы нецелевого использования средств ликвидационного фонда полигонов захоронения отходов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалдықтарды көму полигоны жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 249-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қалдықтарды көму полигоны жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілеу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Шияпұлы Әлиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қалдықтарды көму полигонының жою қорларының қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы «___» __________ № ______ бұйрығына қосымша Қалдықтарды көму полигонының жою қорларының қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілеу туралы
Тармақ 1
1. Қалдықтарды көму полигонының жою қоры қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілеу туралы бұйрық қалдықтарды көму полигонының жою қоры қаражатын (бұдан әрі – Жою қоры) мақсатсыз пайдалануды сомасын айқындау тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қалдықтарды көму полигоны (бұдан әрі – полигон) – экологиялық, құрылыс және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін, қалдықтар алу ниетінсіз тұрақты орналастырылатын арнайы жабдықталған орын түсініледі;
Тармақша 2
2) полигон операторы – заңды пайдалануында полигон бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақ 3
3. Осы бұйрық полигон операторларына қолданылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына сәйкес қалдықтарды көму полигонының жобасында оны жабуға, жерлерді рекультивациялауға, қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізуге және полигон жабылғаннан кейінгі ластануды бақылауға арналған жою қорының құрылуы көзделеді. Жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану деп осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген мақсаттарға қаражат жұмсау түсініледі.
Тармақ 5
5. Жою қоры қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 350-бабында көзделген талаптардың сақталуын мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу кезінде;
Тармақша 2
2) аудиттік немесе қаржылық тексеру материалдарының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мақсатсыз пайдаланылған соманы есептеу үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығымен бекітілген Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29286 болып тіркелген) 7-тармағына сәйкес жұмсалған шығыстар жобалық құжаттамада, сметада және экологиялық рұқсатта бекітілген қаражатты мақсатты пайдалану бағыттарымен салыстырыла отырып, қалыптастырылатын жою қорына жыл сайынғы аударымдар бойынша операцияларға құжаттамалық талдау жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Жою қоры қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасының есебіне мыналар:
Тармақша 1
1) полигонды жоюға және рекультивациялау іс-шараларына қатысы жоқ мақсаттарға жұмсалған шығыстар;
Тармақша 2
2) растайтын құжаттарсыз (шарттар, орындалған жұмыс актілері, сметалық есептер) жүргізілген шығыстар қосылады.
Тармақ 8
8. Есептеу қорытындысы Қазақстан Республикасының Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларында көзделген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы актіде ресімделеді.
Тармақ 9
9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 249-бабына сәйкес полигондардың жою қоры қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілейді және мәліметтерді салық төлеушілерге және салық органына жібереді.
Тармақ 10
10. Жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол берген тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 324-бабына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 249-бабында белгіленген тәртіппен мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы салық төлеушінің табысы ретінде танылады және жиынтық жылдық табысқа қосылады.