Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 914 - 1 бабының 3-бөлігі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37 - бабына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін объектісі мен қоғамдық жұмыстың түрлері
Орал қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 03 қараша
№ 2563 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін объектісі мен қоғамдық жұмыстың түрлері
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Ұйымдардың тізбесі
1
Аумақты тазалау, көркейту, арнайы біліктілікті қажет етпейтін басқа да пайдалы-қоғамдық жұмыстар
«Орал қаласының Круглоозерное кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2
Аумақты тазалау, көркейту , арнайы біліктілікті қажет етпейтін басқа да пайдалы-қоғамдық жұмыстар
«Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
3
Аумақты тазалау, көркейту, арнайы біліктілікті қажет етпейтін басқа да пайдалы-қоғамдық жұмыстар
«Орал қаласының Зачаган кенті округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
4
Аумақты тазалау, көркейту, арнайы біліктілікті қажет етпейтін басқа да пайдалы-қоғамдық жұмыстар
«Орал қаласының Деркөл кенті округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
5
Аумақты тазалау, көркейту, арнайы біліктілікті қажет етпейтін басқа да пайдалы-қоғамдық жұмыстар
«Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
6
Аумақты тазалау, көркейту, арнайы біліктілікті қажет етпейтін басқа да пайдалы-қоғамдық жұмыстар
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы
7
Аумақты тазалау, көркейту, арнайы біліктілікті қажет етпейтін басқа да пайдалы-қоғамдық жұмыстар
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
8
Аумақты тазалау, көркейту, арнайы біліктілікті қажет етпейтін басқа да пайдалы-қоғамдық жұмыстар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «SAPA90»