Об утверждении Инструкции о выдаче, отказе в выдаче, приостановлении и отзыве лицензии на выпуск платежных карточек организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, а также выдачи Национальным Банком Республики Казахстан заключения для получения банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, лицензии уполномоченного органа на выпуск платежных карточек Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі шарттарын нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Басқа 0. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу , сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 122 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу , сондай-ақ Қазақстан Республикасы Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", " Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар), егер Қазақстан Республикасының осындай ұйымдарының қызметін реттейтін заң актілерінде олардың өзге банк операцияларымен қоса төлем карточкаларын шығару мүмкіндігі көзделсе, уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған оң қорытынды (бұдан әрі - оң қорытынды) беру, беруден бас тарту және қайтарып алу шарттарын нақтылайды.
Тарау 1. 1-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру және беруден бас тарту
1-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру және беруден бас тарту
Тармақ 1
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйым) лицензия беру шарты қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) берген жеке және/немесе заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізуге онда лицензияның болуы болып табылады.
Тармақ 2
2. Лицензия алу үшін ұйым Ұлттық Банкке:
Тармақша 1
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген құжаттарды;
Тармақша 2
2) ұйымның нотариат куәландырған жарғысының көшірмесін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
Тармақша 3
3) уәкілетті ұйым берген жеке және/немесе заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізуге лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 4
4) төлем карточкаларын шығаруға экономикалық негіздеме, оған: төлем карточкаларына қызмет көрсетуге болжанған тарифтер; төлем карточкаларын шығару, алғашқы үш айда төлем карточкаларына қызмет көрсету желілерін құру және дамыту бойынша жоспарлар (болжамдар); төлем карточкаларын шығару және/немесе қызмет көрсету тиімділігінің (құнын өтеуі) есебі;
Тармақша 5
5) өтініш беруші төлем карточкасы жүйесінде ие болып табылмайтын жағдайда, өтініш берушінің төлем жүйесінде мүшелігін растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) өтініш беруші төлем карточкасы жүйесінде ие болып табылатын жағдайда төлем карточкасы жүйесін құрғанын растайтын құжаттар;
Тармақша 7
7) өтініш берушінің уәкілетті органы бекіткен төлем карточкаларын пайдалануға байланысты операцияларды жүргізудің ішкі ережелері;
Тармақша 8
8) төлем карточкасы жүйесі туралы негізгі сипаттамалар мен мәліметтерді сипаттау, оған: төлем карточкасы жүйесінің атауы; қызмет көрсететін процессинг ұйымының атауы; төлем карточкасының түрі (магнитті жолмен, интегралды микросхемамен, комбинирленген); төлем карточкаларын пайдалануға байланысты төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимі (он-лайн, офф-лайн) кіреді;
Тармақша 9
9) бағдарламалық-техникалық сипаттамалар туралы мәліметтер, оған: ақпарат алмасу, байланыстың телекоммуникациялық және пайдаланылған арналарының бағдарламалық-техникалық құралдарының құрамын сипаттау; электронды хабарлардың форматтары және оларды беру тәртібі; бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпаратты рұқсат етілмеген кіруден ұйымдық және басқа да қорғау тәсілдері туралы негізгі мәліметтер кіреді;
Тармақша 10
10) ұйымның төлем карточкалары бөлімшелері туралы ереже, оған: бөлімшенің құрылымы туралы ақпарат; бөлімшенің міндеттері мен функциялары; қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері; ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет ету тәртібі туралы ақпарат кіреді.
Тармақ 3
3. Ұйымға лицензия беру туралы өтінішті Ұлттық Банк барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бір ай ішінде қарайды. Ұлттық Банк құжаттарды ескертулермен пысықтауға қайтарған не құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда құжаттарды қайта бергеннен кейін оларды Ұлттық Банктің қарау мерзімі қайтадан есептеледі. Қажет болған жағдайда Ұлттық Банк құжаттардағы ақпаратты растайтын құжаттар мен мәліметтерді, осы Нұсқаулықтың 2-тармағында белгіленген тізбені сұратады.
Тармақ 3-1
3-1. Ұйымға төлем карточкаларын шығаруға лицензия Ұлттық Банк Басқармасы қаулысының негiзiнде осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi.
Тармақ 4
4. Лицензияны беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Ұйымдарға Ұлттық Банк берген лицензияны тоқтата тұру және қайтарып алу
2-тарау. Ұйымдарға Ұлттық Банк берген лицензияны тоқтата тұру және қайтарып алу
Тармақ 6
6. Лицензияны тоқтата тұру және оны қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер және тәртіп бойынша жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Лицензияның қолданылуын тоқтатуға себеп болған жағдайларды жойған кезде Ұлттық Банк ұйымның өтініші бойынша өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде лицензияның қолданылуын қалпына келтіру туралы мәселені қарайды.
Тармақ 8
8. Лицензияның қолданылуы лицензияның қолданылуын тоқтатуға негіз болған құқық бұзушылықтарды ұйымның жойғаны туралы ақпаратты растайтын тексеруді Ұлттық Банк жүзеге асырғаннан кейін Ұлттық Банк Басқармасының тиісті қаулысы негізінде қалпына келтіріледі.
Тармақ 9
9. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында лицензияны қалпына келтіру күні белгіленбеген жағдайда Ұлттық Банк Басқармасының тиісті қаулысын ұйымға жіберген күн лицензияның қолданылуы тоқтатылған немесе қалпына келтірілген күн болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Ұлттық Банктен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұйым өзінің клиенттеріне жазбаша хабар жібереді және төлем карточкаларын шығарудың және ұйым клиенттері үшін қол жетімді жерлерде ұйым шығарған төлем карточкаларын пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы хабарландыру жариялайды.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. Оң қорытынды беру, беруден бас тарту және қайтарып алу
2-1-тарау. Оң қорытынды беру, беруден бас тарту және қайтарып алу
Тармақ 10-1
10-1. Өтініш беруші оң қорытынды алу үшін Ұлттық Банкке осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3)-10) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 10-2
10-2. Оң қорытынды алу үшін ұсынылған құжаттарды Ұлттық Банк барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап бір ай ішінде қарайды. Талап етілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда Ұлттық Банк өтініш берушіден жетіспеген құжаттарды сұратады не құжаттарды қарамастан өтініш берушіге қайтарады. Ұсынылған құжаттарды қайта қарау мерзімі олар Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап жаңадан есептеледі.
Тармақ 10-3
10-3. Ұсынылған құжаттар осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 3)-10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық Банк оң қорытынды беруден бас тартады.
Тармақ 10-4
10-4. Оң қорытынды беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.
Тармақ 10-5
10-5. Негізінде банкке не банктік емес ұйымға оң қорытынды берілген шынайы емес мәліметтер анықталған, сондай-ақ банк не банктік емес ұйым оң қорытынды беру сәтінен бастап бір жыл ішінде уәкілетті органның лицензиясын алмаған жағдайда, Ұлттық Банк берілген оң қорытындыны қайтарып алады.
Тармақ 10-6
10-6. Оң қорытындыны қайтарып алған кезде Ұлттық Банк банкке не банктік емес ұйымға және уәкілетті органға қайтарып алу себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Лицензияны жоғалтқан және лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензияның көшірмесін алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Ұлттық Банк осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған және қайтарылып алынған лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Тармақ 13
13. Осы Нұсқаулықпен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Басқа 1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайтарып алынған лицензияларды есепке алу тізілімі
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулыққа 1-қосымша Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайтарып алынған лицензияларды есепке алу тізілімі ___________________________________________________________________ Лицен.|Ұйымның|Лицензияны |Лицензия | Лицензияны | Лицензияны зияның| атауы | берген | беруге |қайтарып алу,| қайтарып алу, нөмірі| | (қайта | (қайта |тоқтата тұру | тоқтата | | ресімде. |ресімдеуге)| күні | тұрудың | | ген) күн |негіздеме | | негіздемесі ______|_______|___________|___________|_____________|______________ ___________________________________________________________________
Басқа 1-1. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға ЛИЦЕНЗИЯ
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулыққа 1-1-қосымша Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға ЛИЦЕНЗИЯ нөмiрi _____ берiлген күнi _____ жылғы "___"_____ Осы лицензия Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының __________ жылғы "___"__________ N __________ қаулысына сәйкес __________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ___________________________________________________________________ ұйымның атауы және орналасқан жерi, мемлекеттiк тiркелген күнi және нөмiрi) берiлдi және төлем карточкаларын шығару құқығын бередi. Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтар үшiншi тұлғаларға берiлмейдi. Осы лицензия бiр данада берiледi. Төрағаның орынбасары