Об утверждении формы сведений, предоставляемых органу государственных доходов платежными и банковскими организациями об итоговых суммах платежей и переводов за календарный квартал, осуществленных в пользу и в разрезе иностранных компаний, осуществляющих деятельность посредством интернет-площадки на территории Республики Казахстан, а также Правил и сроков их представления Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну нысанын және оларды ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 54-бабының 9-тармағына және 55-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсандада жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну Қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 408 «Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем ұйымдарының интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдері мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға, сондай-ақ уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтерді беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығы (құқықтық актілер Тізімінде № 27585 реттік санымен тіркелген) күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
Басқа 1. Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтері 20___жылғы ____ тоқсан
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 3 қарашадағы № 664 бұйрыққа 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.kgd.gov.kz интернет – ресурста орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтері. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі ТБҰМ1. Кезеңділік: тоқсан сайын. Есепті кезең: 20__ жылғы __ тоқсан. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: төлем және банк ұйымдары. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен (бесінен) кешіктірмей. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________. Жинау әдісі: электронды түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште. Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтері 20___жылғы ____ тоқсан № Қыз­ме­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ин­тер­нет-алаң ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ра­тын ше­тел­дік ком­па­ни­я­ның ата­уы Тө­лем­дер және (неме­се) ақ­ша ауда­рым­да­ры­ның жиын­тық со­ма­сы (тең­ге) 1 2 6 Ескерту: Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтері нысанын толтыруға арналған түсіндірме аталған нысанға қоса берілген қосымшада келтірілген. Атауы ____________________________________________________________________ Адрес ___________________________________________________________________ Телефон __________________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы __________________________________________ Орындаушы _________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон Басшы (оның міндетін атқарушы адам) немесе уәкілетті адамның ________ ____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
Басқа 1.1. «Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсандада жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді» ұсыну нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсандада жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну нысанына қосымша «Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсандада жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді» ұсыну нысанын толтыру бойынша түсініктеме Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі. Нысанның 2-бағанында қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның атауы көрсетіледі. Нысанның 3-бағанында төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының жиынтық сомасы (теңгемен) көрсетіледі.
Басқа 2. Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 3 қарашадағы № 664 бұйрыққа 2-қосымша Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 54-бабының 9-тармағына және 55-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және төлем және банк ұйымдарымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) интернет-алаң – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі мен интернет арқылы тауарлар сатуға, қызметтер көрсетуге, қызметтер көрсету туралы ұсыныстарға, оның ішінде интернет-дүкенге және (немесе) сауда алаңына қолжетімділік беру арқылы өзге тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді сату және көрсету, тапсырысты ресімдеу және төлем жасау үшін мүмкіндік беру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге арналған интернет-дүкен және (немесе) сауда алаңы;
Тармақша 2
2) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания (бұдан әрі – Шетелдік компания) – Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және (немесе) қызметтерді көрсететін бейрезидент-заңды тұлға;
Тармақша 3
3) merchant category code – банктік және төлем жүйелері бизнес санатын көрсету үшін пайдаланатын төрт таңбалы коды;
Тармақша 4
4) merchant id – төлем жүйелерін пайдалану арқылы төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарын алушы ретінде шетелдік компанияны бірегейлендіретін таңбалар жиынтығы;
Тармақша 5
5) merchant name – эквайринг операцияларын жүзеге асыру кезінде төлем жүйесінде сәйкестендірілетін шетел компаниясының сәйкестендіру атауы.
Тарау 2. 2-Тарау. Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
2-Тарау. Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Тармақ 4
4. Комитет есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-не дейін «Smart Data Finance» ақпарат жүйесінде (бұдан әрі – SDF АЖ) Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметті жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың тізілімін жариялайды.
Тармақ 5
5. Төлем және банктік ұйымдары Комитетке Шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады. Мәліметтер SDF АЖ-де Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметті жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың тізілімінде жарияланған шетелдік компанияларға қатысты ұсынылады. Көрсетілуге жататын деректер болмаған жағдайда, Мәліметтер нөлдік мәндермен ұсынылады.
Тармақ 6
6. Төлем және банк ұйымдары егер осы Қағидалардың 7-ші тармағымен өзгеше көзделмесе Мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей Комитетке ұсынады.
Тармақ 7
7. Төлем және банк ұйымдары Мәліметтерді Комитетке SDF АЖ-де техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, SDF АЖ-де арқылы ұсынылады. SDF АЖ-де техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларда Мәліметтер Комитетке CD дискіде ілеспе хатпен бірге ұсыныды. Техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда Мәліметтерді ұсыну мерзімі 5 (бес) жүмыс күніне ұзартылады. SDF АЖ-де техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы ақпарат техникалық ақаулар (қателер) туындаған күні Комитеттің сайтында техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы баспасөз хабарламасын жариялау арқылы расталады. Техникалық қателер жойылғаннан кейін CD дискіде ұсынылған Мәліметтер техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде төлем және банк ұйымдарымен SDF АЖ-де енгізуге жатады. SDF АЖ-де техникалық ақаулардың (қателердің) жойылғандығы туралы ақпарат техникалық ақаулар (қателер) жойылған күні Комитеттің сайтында техникалық ақаулардың (қателердің) жойылуы туралы баспасөз хабарламасын жариялау арқылы расталады. SDF АЖ-де интеграция орнатылғанға дейін Мәліметтер CD дискімен ілеспе хатпен ұсынылады.
Тармақ 8
8. Мәліметтер Комитетке қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады және оларды ұйым басшысы (оны міндетін атқарушы адам) немесе уәкілетті адам қол қояды.