Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения Иргизского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ырғыз ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ырғыз ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі нұсқасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 04.11. № 239 қаулысына қосымша Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері № р/с Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ин­дек­сі Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ата­уы Жал­пы ұзынды­ғы, ша­қы­ры­мы (ки­ло­метр) 1 KD-IR-1 Құм­то­ғай ауы­лы­на кі­ре бе­ріс 25,3 2 KD-IR-2 Құ­ры­лыс ауы­лы­на кі­ре бе­ріс 6,9 3 KD-IR-3 Құ­ти­көл-Жар­ма-Құй­лыс-Жай­саң­бай 160,0 4 KD-IR-4 Ыр­ғыз-Нұ­ра-Дү­кен-Қо­ста­най об­лы­сы­ның ше­ка­ра­сы 110,0 БАРЛЫҒЫ 302,2