Об установлении публичного сервитута Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық сервитутын орнату туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшының 2025 жылғы 15 қазандағы № 167 бұйрығына сәйкес, Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «В2В/B2G клиенттеріне дейін ТОБЖ желісін дамыту, Қостанай облысы» объектісі бойынша, магистральдық ТОБЖ салу және пайдалану үшін «Қазақтелеком» акционерлiк қоғамына жер учаскесiне 49 жыл мерзiмге, жалпы алаңы 0,0112 га, жағдайлық схема бойынша Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесінің 64 үй бойы мекенжайда орналасқан шектеулі нысаналы жер пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығы берілсін.
Тармақ 2
2. «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының» филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.