О переименовании составной части населенного пункта села Камысты, Камыстинского района, Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы елді мекенінің құрамдас бөлігін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қазандағы қорытындысы негізінде Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округінің Қамысты ауылының әкімшілік-аумақтық бірлігінің құрамдас бөлігі Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.