О порядке перемещения товаров физическими лицами через таможенную границу Республики Казахстан, в том числе и транспортных средств Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның iшiнде көлiк құралдарын да өткiзудiң тәртiбi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.31. N 741 қаулысымен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар өткiзуiне байланысты мәселелердi ретке келтiру мақсатында, отандық өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау қажеттiлiгiне байланысты және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13) негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн: Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткiзу тәртiбi туралы ереже; Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың көлiк құралдарын өткiзу тәртiбi туралы ереже. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-абзацы 1998 жылғы 1 тамыздан бастап күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.06.26. N 608 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар, соның iшiнде әрi көлiк құралдарын өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1440 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 34, 434-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 наурыздағы N 305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 91-құжат).
Басқа 3. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар өткiзудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар өткiзудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 4. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, Қазақстан Республикасына әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, кез келген тауарларды өткiзе алады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелуi мен олардың тауарларды осы аумақтан әкетуi кеден режимдерiне сәйкес кеден баждарын, алымдары мен салықтарын төлеу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экономикалық саясат шараларын сақтау шарттарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар әкелетiн акцизделетiн тауарлар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес ресiмделедi (таңбаланады).
Тармақ 4
4. Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң жеңiлдiктi тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 108-бабына сәйкес кеден баждарынан толық немесе iшiнара босатуды, салықтардан босатуды, кеден баждарының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi бiлдiредi.
Тармақ 5
5. Кеден баждарынан басқа кеден органдары тауарларды сақтағаны үшiн, сондай-ақ тауарларды ресiмдегенi үшiн, оның iшiнде ол үшiн белгiленбеген жерлерден тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс, кеден алымдарын алады. 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927 қаулысымен.
Тармақ 6
6. алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927қаулысымен.
Тармақ 7
7. Осы Ережеде: "алып жүрiлмейтiн қол жүгiмен" - тасымалдаушының тасымалдау туралы шарт (қол жүгi түбiртегi, жүк құжаты, коносамент және с.с.) бойынша өткiзетiн тауарлары; 📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 3 абзацы алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927 қаулысымен. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлар әкелуi
Тармақ 8
8. Жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы әкелетiн тауарлары (акцизделетiн тауарлардан, сондай-ақ ТМД СЭҚ ТН XVII тарауында жiктелген тауарлардан басқа) мына жағдайларда кеден бажынан және кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарынан босатылады:
Тармақша а
а) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткен кезде тауарлардың жалпы салмағы 70 килограмнан аспауы шартымен жалпы құны 2000 АҚШ долларына дейiн тауарларды әкеле алатындығы;
Тармақша б
б) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударушы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзуi кезiнде көзделедi. Бұл ретте кеден органдары алатын салықтар Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес қолданылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 8-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.28. N 898; 8-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927 қаулыларымен.
Тармақ 9
9. алып тасталды, 10-18-тармақтар 9-17-тармақтарболып саналсын - ҚРҮ-нiң 1998.06.26. N 608 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Осы Ереженiң 8-тармағында белгiленген шектеулерден асқан бөлiгiнде кеден төлемдерi мен салықтарын алу, экономикалық саясат шараларын қолдану, жүк жөнiндегi кеден декларациясын ұсынуды қоса алғанда, кедендiк ресiмдеу жалпы қабылданған тәртiппен заң актiлерiне және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.09.30. N 979 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелетiн тауарлардың кедендiк құны мынадай жағдайларда оңайлатылған тәртiппен айқындалады:
Тармақша а
а) жеке тұлға ұсынған шетелдiк сауда ұйымдарының анықтамаларының, чектерiнiң, шоттарының, түбiртектерiнiң, сондай-ақ қол жүгi чектерiнiң немесе түбiртектерiнiң негiзiнде - тасымалдаудың құнын ескере отырып, бұл жағдайда тасымалдау шығыстары тауарлардың әртүрлi атаулары бойынша олардың салмағына сайма-сай бөлiнедi;
Тармақша б
б) жеке тұлға мәлiмдеген, құнын растайтын құжаттар болмаған кезде немесе тауарлардың мәлiмделiнген құны каталог (анықтама) бойынша ұқсас немесе бiртектес тауардың құнынан 20% төмен болған жағдайларда кеден органы әкелiнетiн тауардың құнын оларды әуежайға, портқа немесе Қазақстан Республикасы кеден аумағының өзге де әкелу орнына дейiн жеткiзу жөнiндегi көлiк шығыстарын ескере отырып, каталогтарға (ұсынылатын каталогтар "ОТТО", "QUЕLLЕ", "NЕКЕRМАNN", "NURZFАНКRЕUGЕ", "ZWЕIRАD", "LАNDМАSСНINЕN", "AUTORADIO" және с.с.) сәйкес ұқсас немесе бiртектес тауарларға қатысты кеден органында бар бағалық ақпараттың негiзiнде өз бетiнше айқындайды.
Тармақ 11
11. Кеден декларациясымен бiр мезгiлде кеден мақсаттары үшiн қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтер ұсынылмаған немесе кеден төлемдерi мен салықтары төленбеген жағдайларда жеке тұлғалардың әкеле жатқан тауарлары уақытша сақтау қоймаларына орналастырылады. Тауарларды уақытша сақтау қоймаларында сақтаудың шектi мерзiмi екi айды құрайды, ол аяқталған соң, кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға құқылы. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкетуi
Тармақ 12
12. Жеке тұлғалардың тауарларды әкетуi, жеке пайдалануына арналған тауарларды қоспағанда, қолданылып жүрген заңдарда көзделген кеден баждары мен алымдарын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Осы Ережеге сәйкес кеден баждары мен алымдарын есептеу және төлеу мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн (оның iшiнде салынып жiберетiн) тауарлардың кедендiк құны "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес айқындалады. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi)
Тармақ 14
14. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмiмен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу
Тармақ 15
15. Жеке адамның атына Қазақстан Республикасының кеден аумағына халықаралық почта жiберiлiмiмен жiберiлетiн, жалпы құны қоса алғанда 200 АҚШ долларына дейiн болатын, бiрақ 10 килограмнан аспайтын тауарлар кеден баждарынан және ресiмдеу үшiн кеден алымдарынан босатылады. Бұл ретте, кеден органдары алатын салықтар салық заңдарына сәйкес қолданылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927 қаулысымен.
Тармақ 16
16. Жеке тұлғаның кеден аумағынан халықаралық почта жөнелтiлiмiмен салып жiберетiн, жалпы құны 200 АҚШ долларына тең сомадан аспайтын, бiрақ 10 килограмнан артық емес тауарлары кеден баждарынан босатылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.26. N 608 қаулысымен.
Тармақ 17
17. Жеке тұлғалардың халықаралық почта жөнелтiлiмiмен салып жiберетiн тауарларына қатысты кеден төлемдерi мен салықтарын салудың жалпы тәртiбi, егер әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарлардың жалпы құны осы Ереженiң 15 және 16-тармақтарында көрсетiлген шектеулерден асатын жағдайларда, мұндай асып кеткен бөлiгiне қолданылады. Қазақстан Республикасының Почта ережелерiне және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай салып жiберуге тыйым салынған, халықаралық почта жөнелтiлiмiмен салынып жiберетiн заттар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлуге жатпайды. 📌 ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927; 1998.09.30. N 979 қаулыларымен.
Басқа 27. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғаларының көлiк құралдарын өткiзуiнiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғаларының көлiк құралдарын өткiзуiнiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ 📌 ЕСКЕРТУ. 1998 жылғы 1 тамыздан бастап күшiнжойды - ҚРҮ-нiң 1998.06.26. N 608 қаулысымен.