Об ограничениях в период высокой пожарной опасности на территории государственного лесного фонда Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңіндегі шектеулер туралы
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15, 63-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өрт қаупi жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Атырау облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгілі бір түрлерін жүргізуге шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.