Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Брендт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ӘЖ-10кВ электр беру желісін төсеу және пайдалану мақсатында Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 8.0 гектар жер учаскелеріне 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актінің қабылданғаны туралы Әділет органын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.