Об образовании консультативно-совещательного органа «Районного Комитета по работе с молодежью» Күшін жойған
Басқа 0
«Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» консультативтік-кеңесші органын кұру туралы
«Қазакстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 - 11 Қазакстан Республикасы Заңының 4 бабы 5 тармағы 3 тармақшасы, Қазакстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 өкімі, «Аудандар әкімдері жанында жастармен жұмыс жөніндегі Комитеттерді кұру туралы» Солтұстік Қазакстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 24 қарашадағы №209 каулысы негізінде, ауданда мемлекеттік жастар саясатын жұзеге асыру максатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жастармен жұмыс жөніндегі аудандык Комитет» консультативтік-кеңесші органы құрылсын.
Тармақ 2
2. «Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» туралы ереже бекітілсін (косымша).
Тармақ 3
3. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М.Тоқтаболатовқа жүктелсін.
Басқа 4. «Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің
«Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет»
консультативтік-кеңесші органын құру туралы»
2004 жылғы «20» қыркүйектегі № 173 қаулысымен бекітілді
«Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық комитет (ілгеріде Комитет) мемлекеттік жастар саясатын орындауды қамтамасыз ету, өмірдің әр түрлі салаларында жастардың белсенділігін іске асыру, әлеуметтік қорғауға, кәсіпкерлікке, жұмысқа орналастыруда көмек көрсету, жастардың қоғамдық және өндірістік белсенділігін дамыту мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Комитет консультативтік-кеңесші орган болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Жастармен жұмыс жөніндегі комитеттің функциялары
2. Жастармен жұмыс жөніндегі комитеттің функциялары
Тармақ 3
3. Комитет төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
отырыстарды мемлекеттік жастар саясатын орындау мәселелерін қарастырады;
есептерді тыңдайды және жоғарыда аталған жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
өмірдің әр түрлі салаларында жастар белсенділігін іске асыру бағдарламасын әзірлеуге қатысады;
қабылданған бағдарламалардың тиісті және өз уақытында орындалуын, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламамен қарастырылған бағдарламаларды аудан аумағында жүзеге асыруды қамтамасыз етеді
Тарау 3. 3. Комитеттің негізгі міндеттері мен құқықтары
3. Комитеттің негізгі міндеттері мен құқықтары
Тармақ 4
4. Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін комитет:
өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық балалар және жастар ұйымдарымен қарым-қатынас жасайды және балалар мен жастарға қатысты проблемаларды шешуге катысады;
жастарды жұмыспен қамтуға, жас адамдармен мамандық алуға көмектеседі;
өздігінен және мәдениет, білім, органдарымен бірге жастар, мәдени, өндірістік, жалпы білімдік шығармашылық орталықтары мен шеберханаларын ұйымдастырады;
ауданның жастары үшін фестивальдерді, конкурстарды, байқауларды, көрмелерді және басқа көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады;
жастарға қатысты ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының тарауларын әзірлеуге қатысады;
Тармақ 5
5. Жоғарыда аталған міндетерді жүзеге асыру үшін комитет:
жастардың бос уақыты мен мәдени қызметі мәселелерімен айналысады;
аудандық Көңілділер Тапқырлар Клубы конкурстарын өткізуге көмек көрсетуді жүзеге асырады;
бос уақытты ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізеді;
ауданның жетекші кәсіптік ұжымдарына қолдау көрсетеді, халықтық салт, дәстүрлерді зерделейді және насихаттайды;
жастардың ұлттық көркемөнерпаздар ұжымдарын құруға жағдай жасайды;
концерт кызметін ұйымдастыруға, жастар санынан театрлардың, көркемөнерпаздардың гастрольдерін өткізуге көмектеседі;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттайды;
аудан тұрғындарының патриоттық тәрбие жүйесін дамытуға көмектеседі;
әр түрлі ұлт халықтарының достастығы мен бірлігін және дінге сенушілігін қолдайды және нығайтады;
Солтүстік Қазақстан облысының тарихи құндылыктары негізінде аудан азаматтарының патриоттык сезімдері мен санасын қалыптастырады, өз ауданы, облыс және тұтасымен ел үшін мақтаныш сезімін дамытады және сақтайды;
салауатты өмір салтында аудан тұрғындарында қажеттікті калыптастырады;
патриоттық тәрбиенің аймақтық бағдарламасын жұзеге асырады;
ауданның оқу орындарында жастар мектеп ұйымдарының жұмысын ұйлестіреді;
ауданның жастар ұйымдары мен қозғалыстарының тіркелімін жүргізеді;
жастардың еңбек отрядтарын ұйымдастырады;
ауданда жастарды жұмысқа орналастыру істерінің жағдайын талдайды және осы мәселе жөнінде мемлекеттік шаралар мен шешімдердің тиімділігіне мониторинг жүргізеді.
Тарау 3. 3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комитеттің құрамына Комитеттің төрағасы мен алты мүше кіреді.
Тармақ 7
7. Комитет өз құрамында шағын комитеттер, кеңестер құра алады.
Тармақ 8
8. Комитеттің жұмысы алқалық және дауыс беру негізде құрылады.
Тармақ 9
9. Комитет құрамы аудан әкімінің ұсынуы бойынша аудандық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 10
10. Комитет төрағасы болып лауазымы бойынша аудан әкімінің орынбасары табылады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын 20-дан жас емес тұлғалар комитет мүшесі бола алады.
Тармақ 12
12. Комитет жұмысы отырыс түрінде өткізіледі. Отырыстар қажеттігінше өткізіледі, егер комитет мүшелері жартысынан артығы қатысса заңды деп есепетеледі. Кезектен тыс отырыстар Комитеттің төрағасы бастамасымен және мүшелердің жалпы санының жартысынан артығының бастамасымен шақырылады.
Тармақ 13
13. Комитет шешімдері комитет мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады, комитет мүшелерінің дауыстары мең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 14
14. Комитетті ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді аудан әкімі аппараты іске асырады.
Тармақ 15
15. Комитет төрағасы
комитет отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және комитет қызметінің қорытындыларына жауап тартады, комитетті жалпы басқарады;
комитеттің жұмыс жоспарына қол қояды және оның орындалуына бақылау жүргізеді;
мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде семинарлар, кеңестер, форумдар өткізуді ұйымдастырады;
аудан әкімін жастар саясаты мәселелері жөнінде хабарландырады.
Тармақ 16
16. Комитет төрағасы орынбасарының міндеті: комитеттің жұмыс жоспарын әзірлейді;
жастар ортасындағы істердің жағдайын талдайды, жастардың әр түрлі санаттары жұмыс, олардың бос уакытын ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру, жастардың басқа проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
«ҚР мемлекеттік жастар саясаты» заңын орындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
барлық жастар бірлестіктерімен, қозғалыстарымен, аудан ұйымдарымен, олардың көшбасшыларымен және активімен байланыс орнатады;
комитеттің стилі мен әдістерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
ауданның жастарына заңды көмек көрсетеді;
экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өмірдегі жастардың нақты жағдайы мәселелері жөнінде ақпараттық базаны қалыптастыруға көмектеседі.
Тармақ 17
17. Комитет хатшысы:
комитеттің іс жүргізуін мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады;
бұқаралық ақпарат құралдарын комитеттің жұмысы туралы хабарландырады.
Тармақ 18
18. Комиссия мүшелері:
осы алқалық органның құзырына жататын мәселелерді комитетте карастыруда кеңестік дауысқа құқықты;
комитетпен қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда ерекше пікірін аудан әкіміне жазбаша түрде жеткізуге құқықты;
комитет төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті.
Тарау 4. 4. Комитет жұмысы қызметін тоқтату
4. Комитет жұмысы қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Комитеттің қызметін тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
бұрын комитетке жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге консультативтік-кеңесші органның құрылуы;
комитет міндетінің орындалуы мүмкін болмайтын не оның орындалуы орынсыз болатын өзге де жағдайлар.