Об утверждении формы и Правил представления талона о прохождении государственного контроля (либо копии талона о прохождении государственного контроля), выдаваемого территориальными подразделениями (структурными подразделениями) Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 516-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысаны;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонды (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесін) ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның нысанын және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16413 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) ««Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның нысанын және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 450 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 55/қе бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22773 болып тіркелген) күшін жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық (құрылымдық) бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның көшірмесі)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 10 қарашадағы № 102нқа/қе мен Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 7 қарашадағы № 681 Бірлескен бұйрығына 1 қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық (құрылымдық) бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның көшірмесі) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні 20__жылғы «___» ______ Шекаралық бақылау бөлімшесінің мөртаңба орыны Өткізу пунктінің атауы ___________________________ Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркеменің нөмірі Жыртпалы бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні 20___жылғы «___» ________ Бағыты Қазақстан Республикасына кіру Қазақстан Республикасынан шығу Автомобиль көлік құралының түрі (тиісті ұяшыққа белгі қойыңыз): Жүк көлігі Автобус Жеңіл автомобиль Жүк жолаушылар Жаяу Көлік құралында келе жатқан адамдардың саны Тасымалданатын жүктің сипаты Бос Автомобиль көлік құралының меншік иесі Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі Көлік құралы тіркемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірі Шекаралық бақылау Паспорттық бақылау мөртаңба ______________ (қолы) АКҚ жете тексеру мөртаңба ______________ (қолы) Мемлекеттік бақылау Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мөртаңба ______________ (қолы) Ветеринариялық бақылау мөртаңба ______________ (қолы) Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылау мөртаңба ______________ (қолы) Фитосанитариялық бақылау мөртаңба ______________ (қолы) Көліктік бақылау мөртаңба ______________ (қолы) АКҚ жете тексеру мөртаңба ______________ (қолы) Ескертпе: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктіне өткен кезде мемлекеттік бақылаудан өту туралы талондағы бақылаушы органдардың тізбесі өзгертіледі. Аббревиатураларды ашып жазу: АКҚ – автокөлік құралы.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 10 қарашадағы № 102нқа/қе мен Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 7 қарашадағы № 681 Бірлескен бұйрығына 2 қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 516-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады. Салық салынатын импортты жасау күні салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке алған күні, ал тауарларды халықаралық автомобиль қатынасында тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) автомобиль тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздердегі жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарына иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен тауарлар (бұдан әрі – жүктер мен тауарлар) – Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін коммерциялық және коммерциялық емес жүктер, тауарлар, заттар, материалдар, құралдар, заттар, қол жүгi (багаж) және көлiк құралдары;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті – теміржол, автомобиль вокзалы немесе станциясы, теңіз немесе өзен порты, халықаралық әуежай немесе аэродром шегіндегі, сондай-ақ Мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатын, тиісті инфрақұрылымы бар арнайы бөлінген аумақ (акватория).
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесін) ұсыну тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон көшірмесін) ұсыну тәртібі
Тармақ 4
4. Халықаралық автомобиль қатынасында тауарды тасымалдаушы немесе тауар үшін жауапты тұлғаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктіне кірген кезде шекаралық бақылау бөлімшесі талон береді.
Тармақ 5
5. Автомобиль өткізу пунктінде тасымалдаушы немесе тауар үшін жауапты тұлға талонды бір данада толтырады.
Тармақ 6
6. Тасымалдаушы немесе тауар үшін жауапты тұлға талонды толтырғаннан кейін, шекаралық бақылау нәтижелері бойынша талонда шекаралық бақылау бөлімшесінің мөртаңбасы қойылады, онда автомобиль өткізу пунктінің атауы және көлік құралының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күні көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Өткізу пунктінен шыққан кезде талонның жыртпалы бөлігі шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық бақылаулардың, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың, сондай-ақ бақылаушы органдардың өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылаудың нәтижелері бойынша рұқсат белгілерімен бірге шекаралық бақылау бөлімшесіне қайтарылады.
Тармақ 8
8. Тауарларды есепке алу күні туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде қамтылады. Егер тауар бірнеше салық төлеушіге тиесілі болса, тасымалдаушы немесе тауар үшін жауапты тұлға талонның көшірмелерін барлық салық төлеушіге береді.
Тармақ 9
9. Автомобиль өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау бөлімшелерін талонмен қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.