Об установлении публичного сервитута на земельный участок для прокладки и эксплуатации волоконно-оптической линии связи акционерному обществу «Қазақтелеком» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық
байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін жер учаскесіне жария сервитутын белгілеу туралы
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 67, 69-баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін ШҚО, Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округі, Черногорка ауылында орналасқан, алаңы 1,2267 га мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 2 (екі) жыл мерзімге жария сервитуты белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік беру.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.