Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетіне жер учаскелерін алып қоймай, 1 жыл мерзімге Ақмола облысы, Сандықтау ауданы: Красная поляна ауылы, жалпы ауданы 1,1479 гектар, Арбузинка ауылы, жалпы ауданы 0,9162 гектар, Петриковка ауылы, жалпы ауданы 1,3133 гектар мекенжайында орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін, құрылыс үшін және топтық су құбырына қызмет көрсету.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті топтық су құбырын салу және оған қызмет көрсету мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.