Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «_6_» __11___ № _2322_қаулысына қосымша Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) Кі­ші тү­рі Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы 1 2 3 4 5 1. Жартылай стационар Ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған ба­ла­лар Ор­та­ша және ай­қын 10045,35 Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­сы бар ба­ла­лар Ор­та­ша және ай­қын 16499,50 2. Үй­де қыз­мет көр­се­ту 2248,19