Об утверждении перечня юридических лиц, основными видами деятельности которых являются осуществление заемных операций или выкуп прав требования, сто процентов голосующих акций (долей) которых принадлежат национальному управляющему холдингу, имеющих право на вычет суммы расходов по созданию провизий (резервов) против сомнительных и безнадежных активов, условных обязательств, за исключением активов и условных обязательств, предоставленных в пользу взаимосвязанных сторон либо третьим лицам по обяза Қолданыста
Басқа 0
Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру қағидаларын және Провизия (резерв) құру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 323-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесі;
Тармақша 2
2) Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары;
Тармақша 3
3) Провизия (резерв) құру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру қағидаларын және провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру қағидаларын және провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 212 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекiтiлген
Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлiк қоғамы.
Тармақ 2
2. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы.
–––––––––––––––––––––––––––
Басқа 2. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекiтiлген
Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру
қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрi – Тізбе қалыптастыру қағидалары) Қазақстан Республикасы Салық кодексiнің (бұдан әрі – Салық кодексi) 323-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тараптар пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизия (резерв) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 3
3. Тізбені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын ұлттық басқарушы холдингтің өтінішхаты бойынша салық саясаты саласындағы уәкілетті орган енгізеді.
Тармақ 4
4. Ұлттық басқарушы холдингтің өтінішхаты заңды тұлғаның осы Тiзбе қалыптастыру қағидаларының 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның жарғысымен;
Тармақша 2
2) заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) тізілімінен үзінді көшірмемен (егер шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін бірыңғай тіркеуші жүргізсе) қоса салық саясаты саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда жіберіледі.
Тармақ 5
5. Салық саясаты саласындағы уәкілетті орган өтінішхатты ол түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарап, мынадай:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны тізбеге енгізу мүмкіндігі туралы;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны тізбеден шығару мүмкіндігі туралы;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны тізбеге енгізуден бас тарту туралы дәлелді шешімдердің бірін шығарады.
Салық саясаты саласындағы уәкілетті органның шешімі ұлттық басқарушы холдингке жазбаша нысанда жіберіледі.
Осы Тізбе қалыптастыру қағидаларының 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда салық саясаты саласындағы уәкілетті орган өтінішхат түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсыну үшін пысықтауға қайтарады.
Тармақ 6
6. Тізбеге қосу үшін заңды тұлға мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
Тармақша 1
1) осындай заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылады;
Тармақша 3
3) заңды тұлға Салық кодексінің 323-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген салық төлеуші болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Заңды тұлғаның осы Тiзбе қалыптастыру қағидаларының 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі және/немесе осы Тiзбе қалыптастыру қағидаларының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы заңды тұлғаны тізбеге қосудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Басқа 3. Провизия (резерв) құру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекiтiлген
Провизия (резерв) құру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Провизия (резерв) құру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексiне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзiрлендi және активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) құру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдардың мынадай мәндері бар:
Тармақша 1
1) активтер – барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) активтің жалпы баланстық құны – дара активтің провизия (резерв) көлеміне түзеткенге дейінгі амортизациялық құны;
Тармақша 3
3) ақшалай қаражат легі – ақшаның және оның баламаларының түсуі және шығысы;
Тармақша 4
4) активтi (шартты мiндеттеменi) қайта сыныптау – бұрын сыныпталған активті (шартты міндеттемені) оған қарсы провизия (резерв) сомасын бұрын қалыптастырылған провизия (резерв) сомасы мен қайта сыныптау жүргізілгеннен кейінгі қажетті провизия (резерв) сомасының арасындағы айырма сомасына ұлғаю немесе азаю жағына қарай тиісті өзгерісімен сыныптау;
Тармақша 5
5) банк – ұлттық даму институты болып табылатын банк;
Тармақша 6
6) бастапқы тану күні:
дара активтің шарттарын айқындайтын шартқа қол қою күні;
шартқа қосымша келісімге қол қойылып, соның нәтижесінде банк қолданыстағы дара активтерді түрлендірмей, жаңа дара активтерді ұсыну бойынша міндеттеме қабылдаған күн;
шартқа қосымша келісімге қол қойылып, соның нәтижесінде дара актив түрлендіріліп/қайта құрылымдалып, бұл ескі дара активтің есептен шығарылуына және жаңасының танылуына алып келген күн;
Тармақша 7
7) біртектес қарыздар (кредиттер) портфелі – ұйымның біртектес қарыздарды (кредиттердi) сыныптау тәртiбi мен шарттары туралы iшкi қағидаларына сәйкес бiр топқа енгiзiлетiн біртектес қарыздар (кредиттер) тобы;
Тармақша 8
8) дефолт:
есеп беретін күнге банкте және/немесе басқа қаржы ұйымдарында төлемдер (негізгі борыш және/немесе сыйақы) мерзімінің күнтізбелік 90 күннен астам мерзімге өтіп кетуі; және/немесе
контрагенттің банк алдындағы берешегін толық көлемде өтеуге мүмкіндігі жоқ екен туралы банктің болжамы.
дефолтты айқындау мақсаттары үшін банк мынадай жағдайларды:
контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты дара актив бойынша сыйақыны есептеуді тоқтатуды;
қаржы құралын бастапқы тану күнінен бастап кредит тәуекелін елеулі арттырудан туындаған контрагент берешегінің бүкіл сомасын және/немесе бір бөлігін есептен шығаруды;
дара активті ол сатылатын күнгі баланстық құнынан 10 %-дан астам жеңілдікпен сатуды;
контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты қайта құрылымдауды;
банктің сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес контрагентті банкрот деп тану туралы талап қоюын;
контрагенттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуін контрагенттің берешекті толық көлемде өтеу мүмкіндігінің болмауы ретінде қабылдайды;
Тармақша 9
9) дара актив – жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда, қаржылық актив немесе шартты міндеттеме;
Тармақша 10
10) жоба – банктің қарыз (кредит) беруі арқылы қаржыландырылатын және өндірістердің жаңаларын құруға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға; және/немесе Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын (көрсететін) жұмыстар (қызметтер) экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 11
11) инвестициялық қарыз (кредит) – мына талаптардың барлығына сәйкес келетін қарыз (кредит):
қарыздың (кредиттің) мерзімі бес және одан да көп жылды құрайды;
қарыз шартының (кредиттің) талаптарымен мерзімінен бұрын толық өтеуге тыйым салынған;
қарызды (кредитті) ішінара өтеген жағдайда ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін;
қарыз (кредит) заңды тұлғаға оның материалдық өндірісті, өндірістік және көліктік инфрақұрылымды құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейтін бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;
Тармақша 12
12) қаржы активінің амортизацияланған құны – бастапқы тану кезінде дара актив бағаланатын, борыштың негізгі сомасының есебіне төлемдер азайтылатын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі пайдаланылып есептелген сыйақының немесе дисконттың жиналған амортизациясының шамасы қосылатын немесе азайтылатын, провизия (резерв) ескеріліп түзетілген сома;
Тармақша 13
13) қарыз (кредит) – ұйымның, банктің қарыз, лизингтік операцияларды жүзеге асыруы;
Тармақша 14
14) контрагент – қарыз алушы, эмитент, бірлесіп қарыз алушы, кепілгер, қаржы институты және банктің өзге де дебиторлары;
Тармақша 15
15) кредиттік тәуекелдің төменгі деңгейі – халықаралық рейтингі S&P шәкілі бойынша «BBB-» деңгейінен не Fitch немесе Moody‘s шәкілі бойынша соған ұқсас деңгейден төмен болмайтын қаржы құралдары;
Тармақша 16
16) кредиттiк тәуекел – борышкердің (дебитордың) ұйым алдындағы актив және шартты міндеттеме бойынша міндеттемелерін шарт талаптарына сәйкес орындамауы не тиісінше орындамауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі не осындай орындамаудың (тиісінше орындамаудың) нақты қаупінің болуы;
Тармақша 17
17) қамтамасыз ету құны – қамтамасыз етуді бағалау сәтінде өткізу (сату) мүмкіндігін ескергенде оның ағымдағы сәттегі нарықтық (әділ) бағасы;
Тармақша 18
18) қаржылық қиындықтар:
контрагенттің есепті күнге банк алдында күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен міндеттемелерінің болуы;
контрагент биржада тіркелген бағалы қағаздардың эмитенті болып табылады және мұндай бағалы қағаздар қаржылық жағдайдың нашарлауына байланысты соңғы 12 айдың ішінде бағалы қағаздардың күшін жою рәсімінен өтуде не өткен;
нақты көрсеткіштердің, болжамдар мен контрагенттің қаржылық жағдайын бағалаудың негізінде банк контрагенттің ақша легі банк алдындағы шарттық міндеттемелерді (негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда) жабу үшін жеткіліксіз болады деп болжайды.
Мыналар:
егер пайдалануға беру мен жобалық қуатқа шығу жүзеге асырылғаннан кейін болашақтағы ақша легі банк алдындағы шарттық міндеттемелерді шартта белгіленген мерзімде жабуға жеткіліксіз болады деп болжанбаса, пайдалануға беру мен жобалық қуатқа шығудың кешіктірілуі;
міндеттеме валютасы, негізгі борыш сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, контрагент шартының жалпы қолданылу мерзімі өзгеріссіз сақталып, күнтізбелік бір жыл шегінде қаржы активі бойынша төлем күнінің өзгеруі, өзгерістердің қаржылық қиындықтармен байланысты болмауы контрагенттің қаржылық қиындықтары болып табылмайды;
Тармақша 19
19) қайта құрылымдау – төменде тізбеленген жағдайлардың кез келгеніне сәйкес шарттың тәртібі мен талаптарын өзгерту:
шарт бойынша төлем графигін өзгерту, оның ішінде:
шарт бойынша негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу үшін төлемдер бойынша жеңілдік берілген кезеңді кейіннен ұсыну не ұзарту;
шарттың мерзімін кейіннен ұзарту;
дара актив бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының бір бөлігін есептен шығару немесе кешіру;
сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерді капиталдандыру;
сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандыра/кейінге қалдыра отырып, қарыз валютасын бір валютадан басқасына өзгерту (айырбастау);
банктегі, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы қолданыстағы қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу үшін жаңа қарыз ұсыну;
мерзімі өткен берешек болған жағдайда кредиттік лимитті ұлғайту;
қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
контрагенттің банкке берілетін кепілзаттық мүлкі есебінен және/немесе контрагент үшін үшінші тұлғалардың (кепілгерлер, кепілдік берушілер, сақтандырушылар) міндеттемелерді орындауы есебінен берешектің өтелуі нәтижесінде қарыз бойынша берешекті төмендету;
Тармақша 20
20) негізделген және расталатын ақпарат – өткен оқиғалар, ағымдағы жағдайлар және болашақ экономикалық жағдайлардың болжамы туралы ақпаратты қоса алғанда, есепті күнгі жағдай бойынша шамадан тыс шығын немесе күш жұмсамай негізді түрде қолжетімді болып табылатын ақпарат;
Тармақша 21
21) провизия (резерв) – қаржылық активтің амортизацияланған құны мен әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер бойынша күтілетін және орын алған кредиттік залал үшін өзге жиынтық кіріс арқылы бағалау резерві, сондай-ақ шартты міндеттемелер бойынша күтілетін кредиттік залалға қатысты бағалау міндеттемесі;
Тармақша 22
22) тұрақтандыру кезеңі (карантин) – дара активтің оның қазіргі сатысында сыныптауға белгілер болмаған жағдайда ол сақталып тұратын уақыт кезеңі;
Тармақша 23
23) ұйым – банкті қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға;
Тармақша 24
24) шартты міндеттеме – өтелмеген немесе кепілдіктермен расталған аккредитив жаппайтын қарыз беру міндеттемелері;
Тармақша 25
25) POCI-актив – бастапқы тану сәтіне кредиттік құнсыздану болған, сатып алынған немесе құрылған қаржылық актив (немесе активтер).
Тарау 2. 2-тарау. Провизия (резерв) құру тәртібі
2-тарау. Провизия (резерв) құру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Активтер мен шартты мiндеттемелердi сыныптау және ұйымның күмәнді және үмiтсiз активтері мен шартты мiндеттемелеріне қарсы провизия (резерв) қалыптастыру ерекшелiктерi
1-параграф. Активтер мен шартты мiндеттемелердi сыныптау және ұйымның күмәнді және үмiтсiз активтері мен шартты мiндеттемелеріне қарсы провизия (резерв) қалыптастыру ерекшелiктерi
Тармақ 3
3. Провизия (резерв) активтер мен шартты мiндеттемелер құнсызданған кезде – актив пен шартты мiндеттеме кредиттiк тәуекелдiң iске асырылуы салдарынан құнын жоғалтқан кезде қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Активтiң және шартты мiндеттеменiң сыныпталуы, олардың ұйымның бухгалтерлiк есебiнде көрсетілуі ұйым мен оның борышкерi (дебиторы) арасындағы шарт талаптарын өзгертпейдi, оның iшiнде ұйымның талап етудiң (борыштың) негiзгi сомасын және ол бойынша сыйақыны, сондай-ақ борышкердiң (дебитордың) шарт талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлды, өсiмпұлды толық көлемде алу құқығына әсерін тигізбейдi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қойылатын талаптар мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша талаптарды қоспағанда, активтер мен шартты мiндеттемелер сыныпталуға тиiс.
Тармақ 6
6. Егер қарыз алушы (борышкер, бiрлесіп қарыз алушы) салық заңнамасына сәйкес айқындалған жеңiлдетiлген салық салынатын мемлекетте тiркелген не жеңiлдетiлген салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаға қатысты тәуелдi немесе еншiлес тұлға болып табылса, осы Қағидалар қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Активтердi, шартты мiндеттемелердi сыныптау (қайта сыныптау) және провизия (резерв) қалыптастыру:
осы Қағидалардың және ұйымның iшкi нормативтік құжаттарының талаптары сақталған;
активтердi, шартты мiндеттемелердi сыныптау және оларға қарсы провизия (резерв) қалыптастыру мақсатында кешендi және объективтi талдау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн толық және анық ақпарат болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Активтердi, шартты мiндеттемелердi сыныптау (қайта сыныптау) және (немесе) провизия (резерв) қалыптастыру осындай сыныптаудың уақтылы болуы мен провизия (резерв) мөлшерiндегі өзгерiстердiң ұйымның есебi мен есептiлiгiнде көрсетiлуiнiң анықтығы қағидатына негiзделедi.
Тармақ 9
9. Активтер мен шартты мiндеттемелер стандартты және сыныпталған болып бөлiнедi.
Тармақ 10
10. Сыныпталған актив ол бойынша шарттың талабы орындалмайтын не ол бойынша талап толық көлемде орындалмайды немесе мүлде орындалмайды деп пайымдауға негiз болатын активтi бiлдiредi.
Тармақ 11
11. Сыныпталған шартты міндеттеме ол бойынша борышкер үшін үшінші тұлғалардың пайдасына қабылданған және шарттың талаптарынан туындайтын кредиттік тәуекелдері бар өз міндеттемелерін ұйым орындайды деген ықтималдық бар шартты міндеттемені білдіреді.
Тармақ 12
12. Сыныпталғанға жатпайтын активтер мен шартты мiндеттемелер стандартты болып табылады.
Тармақ 13
13. Сыныпталған активтер мен шартты мiндеттемелер мынадай санаттарға бөлiнедi:
күмәндi;
үмiтсiз.
Тармақ 14
14. Ұйымның сыныпталған активтерi мен шартты мiндеттемелерi бойынша провизия (резерв) мөлшерi осы Қағидалардың 61-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз ету тiзбесi бойынша өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз ету құнына азайтылған негiзгi борыштың (талаптың) сомасынан есептеледi.
Тармақ 15
15. Активтер мен шартты мiндеттемелердi сыныптауды (қайта сыныптауды) ұйым ай сайын барлық активтер мен шартты мiндеттемелер бойынша және сыныптау (қайта сыныптау) жүргiзілетін белгiлi бiр күнгi жағдай бойынша айдың соңғы жұмыс күнiне дейiн көп дегенде жетi жұмыс күнi қалғанда жүргiзедi.
Тармақ 16
16. Біртектес қарыздар (кредиттер) портфелін сыныптауды (қайта сыныптауды) ұйым тоқсан сайын біртектес қарыздардың (кредиттердiң) барлық портфельдері бойынша және сыныптау (қайта сыныптау) жүргiзілетін белгiлi бiр күнгi жағдай бойынша тоқсанның соңғы жұмыс күнiне дейiн көп дегенде жетi жұмыс күнi қалғанда жүргiзедi.
Тармақ 17
17. Осы Қағидаларға сәйкес есептелген провизия (резерв) мөлшері бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте тиісті провизия (резерв) шоттарында көрсетілген провизия (резерв) мөлшерінен аспауға тиіс.
Тармақ 18
18. Қарыз алушылардың (борышкерлердiң) кредит өтеу қабiлетiн талдау кезiнде, оның iшiнде қарыз алушының қаржылық жағдайын және i құнын бағалау кезiнде ұйымдар пайдаланатын өлшемшарттар, сондай-ақ провизия (резерв) құру жөнiнде шешiм қабылдау және орындау рәсiмдерi осы Қағидалармен, сондай-ақ ұйымның кредит, инвестициялық және есептік саясатын айқындайтын iшкi құжаттарымен регламенттеледi.
Тармақ 2. 2-параграф. Осы Қағидалардың 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында көзделген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, қарыздарды (кредиттердi) сыныптау ерекшелiктерi
2-параграф. Осы Қағидалардың 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында көзделген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, қарыздарды (кредиттердi) сыныптау ерекшелiктерi
Тармақ 19
19. Мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша ұсынылған бланкiлiк қарызды (кредиттi);
Тармақша 2
2) бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетін:
2009 жылғы 21 ақпанға дейін берілген;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша берілген бланкілік қарызды (кредитті) қоспағанда, бланкілік қарыздар (кредиттер) күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерге жатқызылмайды.
Тармақ 20
20. Мерзiмiн ұзарту санын айқындау мақсатында:
Тармақша 1
1) кредит берудiң жалпы мерзiмiн ұзарту, бiрақ бiр реттен асырмай ұзарту қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты болмаса және (немесе) қарыз алушының ұйым алдында мерзiмi өткен және (немесе) есептен шығарылған борышы болмаса;
Тармақша 2
2) шарт (бас келiсiмдер шеңберiнде жасалған шарттарды қоса алғанда) бойынша төлемдер мерзiмiн өзгерту, бiрақ үш реттен асырмай өзгерту (қарызды (кредиттi) мерзiмiнен бұрын өтеуге байланысты графиктердің өзгеруiн есепке алмағанда) қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты болмаса және (немесе) қарыз алушының ұйым алдында мерзiмi өткен және (немесе) есептен шығарылған борышы болмаса, мерзiмiн ұзартудың болуы ескерiлмейдi.
Тармақ 21
21. Қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) тауарлар, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан (тiркелген) жылжымайтын, жылжымалы мүлiк;
Тармақша 2
2) ұйыммен келiсу бойынша жүргiзiлген ауыртпалықтарды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлiк;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орган шектеу салған мүлiк түрiнде қабылданатын болса, қарыз (кредит) қамтамасыз етiлмеген деп танылады.
Тармақ 22
22. Валюталық тәуекелдері бойынша қарыз алушы тарапынан тиiстi хеджирлеу құралдары көзделмеген, қарыз алушыларға шетелдiк валютада берiлген қарыз (кредит) бойынша «Қаржылық жағдай» өлшемшартының сыныптау санаты бiр сыныптау санатына төмендейдi.
Тармақ 3. 3-параграф. Депозиттердi сыныптау ерекшелiктерi
3-параграф. Депозиттердi сыныптау ерекшелiктерi
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және (немесе) ұйымның басқару органының шешiмдерiне сәйкес орналастырылған депозиттi қоспағанда, депозиттер күмәндi және (немесе) үмiтсiз активтерге жатқызылмайды.
Тармақ 24
24. Жеке рейтингі Standard & Poor's агенттiгi берген А тобының рейтингiнен төмен болмайтын немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас рейтингiне ие шетел банкiнде не жеке рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингiне қатысты бiр деңгейден артық төмен болмайтын Қазақстан Республикасының резидент банкiнде орналастырылған (ашылған) депозит (оның iшiнде ағымдағы шот) бойынша қаражатты депозиттен, оның iшiнде ағымдағы шоттан аудару (қайтару) бойынша кешiктiру болмаған жағдайда стандартты ретінде сыныпталады.
Тармақ 25
25. Ұйым жеке рейтингі Standard & Poor's агенттігі берген А тобының рейтингінен төмен болмайтын немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттіктерінің осыған ұқсас рейтингіне ие шетел банкінде депозит орналастырған не ағымдағы шот ашқан болса, ұйым құжатпен расталған деректер негізінде жарты жылда бір реттен сиретпей олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіп тұрады.
Тармақ 26
26. Ұйым жеке рейтингі Standard & Poor's агенттiгi берген А тобының рейтингiнен төмен болмайтын немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас рейтингiне ие шетел банкiнде не жеке рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингiне қатысты бiр деңгейден артық төмен болмайтын Қазақстан Республикасының резидент банкiнде депозит орналастырған не ағымдағы шот ашқан болса, ұйым құжатпен расталған деректер негізінде тоқсанына бір реттен сиретпей олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіп тұрады.
Тармақ 4. 4-параграф. Біртектес қарыздарды (кредиттердi) сыныптау ерекшелiктерi
4-параграф. Біртектес қарыздарды (кредиттердi) сыныптау ерекшелiктерi
Тармақ 27
27. Егер осы Қағидалардың 32-тармағында өзгеше белгiленбесе, ұйымның iшкi кредиттiк саясатында айқындалған шарттарда берiлген және тәуекелдi бағалау күнiндегi мөлшерi жиынтығында бiр қарыз алушыға шаққанда ұйымның меншiктi капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспайтын қарыздар (кредиттер) біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне қосылады.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және жобаларды Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғыртуға және әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздар (кредиттер) біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне қосылмайды.
Тармақ 29
29. Ұйым біртектес қарыздар (кредиттер) портфелі бойынша провизия (резерв) қалыптастыру туралы шешiм қабылдаған кезде ұйымның iшкi кредиттiк саясатында мыналар көзделуге тиiс:
Тармақша 1
1) қолданылатын біртектестік белгiлерiнiң тiзбесi;
Тармақша 2
2) топтастыруды жүргiзу тәртiбi, әдiстерi, мерзiмдерi;
Тармақша 3
3) мониторинг жүргiзу тәртiбi;
Тармақша 4
4) оларға қарсы провизияны (резервтi) сыныптау (қайта сыныптау) және қалыптастыру, олардың мөлшерiн ұлғайту немесе өзгерту жағына өзгерту әдiстемесi мен рәсiмдерi.
Тармақ 30
30. Қарыздардың (кредиттердiң) біртектестік белгiлерi:
Тармақша 1
1) қарыз алушының түрi;
Тармақша 2
2) кредит беру технологиясы;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсаты;
Тармақша 4
4) қамтамасыз ету түрi;
Тармақша 5
5) кредит беру мерзiмi;
Тармақша 6
6) ұйымның iшкi кредиттiк саясатымен айқындалған әртүрлi кредит беру бағдарламалары бойынша өзге де белгiлер.
Мыналар:
Тармақша 1
1) мерзiмi өткен борыштардың болуы немесе болмауы;
Тармақша 2
2) мерзiмi өткен борыштар күндерiнiң саны;
Тармақша 3
3) жеке алынған қарыздар (кредиттер) бойынша кредиттiк тәуекел деңгейi;
Тармақша 4
4) мерзiмiн ұзарту саны біртектестік белгілері болып табылмайды.
Тармақ 31
31. Әдiстеме біртектес қарыздарды (кредиттердi) күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн айқындауға тиiс.
Тармақ 32
32. Ұйым өзінің iшкi кредиттiк саясатында көрсетiлген біртектестік белгiлерi бар қарыздарды (кредиттердi) ұйымның iшкi нормативтiк құжаттарында белгiленген тәртiппен біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне енгiзбеуге құқылы.
Тармақ 33
33. Қарызды (кредиттi) біртектес деп тану, сондай-ақ қарызды (кредиттi) біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне енгiзу шарт талаптарының негiзiнде оған қол қойылған күнi жүргiзiледi.
Тармақ 34
34. Осы Қағидалардың 35-тармағында көзделгеннен басқа, Шартқа қол қойылғаннан кейiн кез келген талаптардың өзгеруі біртектес қарыздар (кредиттер) портфелін қайта топтастырудың өзгеруіне әкеп соқпайды.
Тармақ 35
35. Егер қарыздың (кредиттiң) тәуекелдi бағалау күнiндегi мөлшерi ұйымның меншiктi капиталы шамасының 0,02 пайызына тең болса немесе одан асса, қарызды (кредиттi) біртектес деп тану тоқтатылады.
Тармақ 36
36. Біртектес деп тану тоқтатылған, сондай-ақ біртектес қарыздардың (кредиттердiң) тобына енгiзiлмеген қарыздар (кредиттер) осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 және 61-тармақтарына сәйкес сыныпталады.
Тармақ 37
37. Ұйымның біртектес қарыздары (кредиттері) бойынша тәуекелдi бағалау әдiстемесi жекелеген қарыздар (кредиттер) сапасының төмендеуіне және мұндай қарыздардың (кредиттердiң) портфельден шығарылуына байланысты тұтастай портфель бойынша провизия (резерв) мөлшерiн ұлғайтуды көздемеуге тиiс.
Тармақ 38
38. Егер біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне енгiзiлген мерзiмiнің өткеніне күнтізбелік 30 (отыз) күн және одан көп болған борыштардың мөлшерi (пайыздық үлесi) біртектес қарыздар (кредиттер) портфелі бойынша iс жүзiнде құрылған провизия (резерв) мөлшерiнен артық болса, ұйым құрылған провизия (резерв) мөлшерi мен мерзiмiнің өткеніне күнтізбелік 30 (отыз) күн және одан көп болған борыштардың мөлшерi арасындағы айырма сомасына қосымша провизия (резерв) қалыптастырады.
Тармақ 39
39. Біртектес қарыздар (кредиттер) портфелі бойынша активтiң сыныптамалық санаты осы Қағидаларға 1-қосымшаның 4-кестесiне сәйкес айқындалады.
Тармақ 40
40. Ұйым бір тоқсанда бiр реттен сиретпей портфельге жүргiзiлген талдау және оның нәтижелерi туралы ақпаратты, оның iшiнде ұйымның біртектес қарыздар (кредиттер) портфелі бойынша кредиттiк тәуекел мөлшерi туралы тұжырымдарын, сондай-ақ провизия (резерв) есебi туралы ақпаратты құжаттамалық ресiмдейдi және біртектес қарыздар (кредиттер) портфелі бойынша кредиттiк дерекнамаға енгiзедi.
Тармақ 5. 5-параграф. Дебиторлық берешектi сыныптау ерекшелiктерi
5-параграф. Дебиторлық берешектi сыныптау ерекшелiктерi
Тармақ 41
41. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн iске асыру салдарынан және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және (немесе) ұйымның басқару органының шешiмдерiне сәйкес түзілген дебиторлық берешектi қоспағанда, дебиторлық берешек күмәндi және (немесе) үмiтсiз активтерге жатқызылмайды. Бұл ретте ұйымның мерзімділік, қайтарымдылық және өтеусiз (пайызсыз) негiзде қарыздар (кредиттер) беруi салдарынан және (немесе) ұйымның шартты мiндеттемелердi орындауы салдарынан туындаған берешек дебиторлық берешек деп түсiнiледi.
Тармақ 42
42. Дебиторлық берешек оны өтеу мерзімі көрсетілмеген құжаттардың (бастапқы құжаттардың) негізінде не сот актісінің негізінде түзілген жағдайда мұндай дебиторлық берешек мерзімі өткен болып есептеледі және түзілген сәттен бастап күнтізбелік он күн өткен соң осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сыныпталады.
Тармақ 43
43. Дебиторлық берешектi өтеу мерзiмi өтіп кеткен болса, дебиторлық берешек «Өтеу мерзiмiнің өтуі» және «Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингінің бар-жоғы» өлшемшарттары бойынша сыныпталады.
Тармақ 44
44. Дебиторлық берешектi өтеу мерзiмi өтіп кеткен жағдайда және егер бiр дебиторға есептегендегі дебиторлық берешек ұйымның меншiктi капиталының 5 (бес) пайызынан артық болса, дебиторлық берешек «Қаржылық жағдай», «Өтеу мерзiмiнің өтуi» және «Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингінің бар-жоғы» өлшемшарттары бойынша сыныпталады.
Тармақ 6. 6-параграф. Шартты мiндеттемелердi сыныптау ерекшелiктерi
6-параграф. Шартты мiндеттемелердi сыныптау ерекшелiктерi
Тармақ 45
45. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн iске асыру салдарынан және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және (немесе) ұйымның басқару органының шешiмдерiне сәйкес түзілген шартты мiндеттемелердi қоспағанда, шартты мiндеттеме күмәндi және (немесе) үмiтсiз активтерге жатқызылмайды.
Тармақ 46
46. Ақша түрiнде жабылған және ұйымның бухгалтерлiк есебiнiң тиiстi шоттарында көрсетiлген мiндеттемелердi қоспағанда, ұйымның шартты мiндеттемелерi сыныпталады.
Тармақ 47
47. Қарыз алушының (борышкердiң) қаржылық жағдайы нашарлаған және (немесе) сыйақы төлеуде кiдiрiс болған жағдайда шартты мiндеттеме «Қаржылық жағдай» және «Өтеу мерзiмiнің өтуі» өлшемшарттары бойынша сыныпталады.
Тармақ 48
48. Ұйым шарт талаптарынан туындайтын өз мiндеттемелерiн орындаса, туындаған талап, егер шартта оны қарызға (кредитке) қайта ресiмдеу көзделмесе, мiндеттемелер сомасына дебиторлық берешекке қайта ресiмделедi.
Тармақ 7. 7-параграф. Өзге де активтердi сыныптау ерекшелiктерi
7-параграф. Өзге де активтердi сыныптау ерекшелiктерi
Тармақ 49
49. Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі бағалы қағаздар бойынша және мынадай анықтамаларға сәйкес келетін талаптар күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерге жатқызылмайды:
Тармақша 1
1) Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzААА»-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттіктерінің ұлттық шәкіл бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар немесе;
Тармақша 2
2) Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzААА»-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттіктерінің ұлттық шәкіл бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттер акциялары.
Тармақ 50
50. Ұйымның заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) инвестициялары (салымдары), сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингіне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар күмәнді және (немесе) үмітсіз активке жатқызылмайды.
Тарау 3. 3-тарау. Активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi, сондай-ақ біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне енгiзiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) сыныптау кезінде ұйымның өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктерi
3-тарау. Активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi, сондай-ақ біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне енгiзiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) сыныптау кезінде ұйымның өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 1. 1-параграф. Негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар үшін өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктерi
1-параграф. Негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар үшін өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 51
51. Негiзгi қызмет түрлерi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi, сондай-ақ біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне енгiзiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) сыныптаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1 және 4-кестелерi қолданылады.
Тармақ 52
52. Қарыздарды (кредиттердi) сыныптаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 53
53. Депозиттердi сыныптаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 54
54. Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды сыныптауды қоспағанда, дебиторлық берешектi, бағалы қағаздарды сыныптаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 55
55. Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды сыныптаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 56
56. Шартты мiндеттемелердi сыныптаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 57
57. Активтiң (шартты мiндеттеменiң) сыныптау санаты активтi (шартты мiндеттеменi) бағалау балдарының жалпы саны негiзге алына отырып, тиiстi өлшемшарттар бойынша айқындалады.
Тармақ 58
58. Провизия (резерв) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 4-кестесiне сәйкес сыныптау санаты негізге алына отырып және тиiстi мөлшерлерде айқындалады.
Салық салу мақсатында осы Қағидаларға сәйкес құрылған провизия (резерв) мына формула бойынша айқындалатын коэффициентке түзетiледi:
К – коэффициент,
ЖЖТ – түзетулердi есепке алғанда, салық кезеңiндегi жылдық жиынтық кіріс,
Т – салық кезеңiндегі жылдық жиынтық табысқа қосылған (қосылуға тиіс) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн және (немесе) ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiн және (немесе) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесiнде түзілген активтер бойынша алынған табыс. Бұл көрсеткiшке Салық кодексiнiң 255-бабына сәйкес жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға тиіс табыс кірмейді.
Тармақ 59
59. Қарыз алушының (борышкердiң, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 60
60. Қарыз алушының (борышкердiң, бірлесіп қарыз алушының) – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның, жеке тұлғаның қаржылық жағдайы былайша сыныпталады:
Тармақша 1
1) мына көрсеткіштер болған жағдайда – орнықты:
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайы орнықты;
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) төлемге қабiлетті;
ақша легі борышқа қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердiң мәні қолайлы;
бизнестi дамытудың нарықтық шарттары оң, нарықта жақсы бәсекелі позициясы бар;
ресурстар мен капитал нарығына еркiн қол жеткізеді, өнім берушілердің шектеулі санына тәуелдi емес, шарттың қолданылу мерзiмi ішінде қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатуға ықпал ететін iшкi және сыртқы факторлар анықталған жоқ;
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) ұйыммен өзiнiң мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуға мүмкiншілігі күмән тудырмайды;
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) активтері мен мiндеттемелерi мерзiмi бойынша шамалас;
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) кредиттiк тарихы жағымды;
Тармақша 2
2) мына көрсеткіштер болған жағдайда – қанағаттанарлық:
бұл санаттағы қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайы «орнықты» сипаттамасына жақын, бірақ оның осы деңгейді ұзақ уақыт бойы ұстап тұру ықтималдығы төмен;
кірістердің, төлем қабілеттілігінің төмендеуі байқалады; динамикада ақша легі шамалы азайған, ақша легі борыштың негізгі бөлігін өтеуге мүмкіндік береді;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердің мәні қанағаттанарлық;
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін шаралар қабылдауда;
тауарларды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің және қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) өнімдерін тұтынушылардың шоғырлану тәуекелі аз;
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қосымша ресурстарға қол жеткізе алатынына байланысты ұйыммен өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіншілігі күмән туғызбайды;
Тармақша 3
3) мына көрсеткіштер болған жағдайда – орнықсыз:
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) мынадай факторларға байланысты өз мiндеттемелерi бойынша ұйыммен есеп айырыса алмайды деген белгілі бір ықтималдық бар:
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайының ұдайы және айтарлықтай нашарлау белгiлерi бар:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердiң мәні қошталмайды;
төлем қабiлеттiлiгiнiң деңгейi төмен, нарықтық үлесінiң ұдайы төмендеуі;
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) қабылдайтын шаралар қаржылық жағдайды тұрақтандыратынына сенім жоқ;
қарыз алушыға (борышкерге, бірлесіп қарыз алушыға) 1 жылдан аспайтын мерзiмге санация жарияланған;
қарыз алушыға (бірлесіп қарыз алушыға) бұрын берілген қарыз (кредит) бойынша борышты өтеу мақсатында қарыз (кредит) берілген жағдайда;
форс-мажор мән-жайлары, сондай-ақ қарыз алушыға (борышкерге, бірлесіп қарыз алушыға) материалдық зиян тигізсе де, оның қызметінің тоқтауына әкеп соқпаған басқа да жағдайлар орын алған;
Тармақша 4
4) мына көрсеткіштер болған жағдайда – өте қиын:
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) мынадай факторларға байланысты өз міндеттемелері бойынша ұйыммен есеп айырыса алмайды деген толық ықтималдықтық бар:
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайының нашарлауының шекті деңгейге жеткен, бұл осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген барлық көрсеткiштердің бұзылуымен расталады; төлемге қабілетсіздік;
нарықтық позицияларын жоғалтқан;
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) меншiкті капиталы теріс;
қарыз алушыға (борышкерге, бірлесіп қарыз алушыға) 1 жылдан астам мерзiмге санация жарияланған;
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) банкрот деп танылған;
қарыз алушыда (борышкерге, бірлесіп қарыз алушыда) материалдық залал келтірген және (немесе) оның өз қызметiн жалғастыруына мүмкiндiк бермейтiн форс-мажор мән-жайлар бар;
ұйымның iшкi нормативтiк құжаттарында белгiленген тәртiппен кредит беру бойынша құжаттаманы жүргiзу талаптарына сәйкес кредиттiк мониторинг бойынша құжаттама жоқ.
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы шоғырландырылған негiзде ұлттық басқарушы холдингтiң қаржылық жағдайынан төмен деп сыныпталмайды.
Тармақ 61
61. Қамтамасыз ету сапасы былайша сыныпталады:
Тармақша 1
1) сенiмдi – қамтамасыз етудің өтімділігі жоғары, ол мыналар:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiктері (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары;
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «А» тобынан төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерiнiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi; кредитор банктегі депозиттегі ақшалай кепіл;
шет мемлекеттердiң үкiметтерi және Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес тәуелсіз рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие орталық банктерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар;
монетарлық аса бағалы металдар;
Қазақстан Республикасының бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң вексельдерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «А» тобынан төмен емес борыштық рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
жалғыз акционерi мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалардың кепiлдiктерi (кепiлдемелерi) түрінде беріліп, жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдалану үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің кемінде 100 пайызын жабады;
Тармақша 2
2) жақсы – қамтамасыз ету осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің кемiнде 90 пайызын жабады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз етудің нарықтық құнына 0,7 коэффициенті;
Тармақша 3
3) қанағаттанарлық – қамтамасыз ету осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің кемiнде 60 пайызын жабады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiндегі қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті;
мынадай:
қарыз алушының дебиторлық берешегi;
қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi;
айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті;
Тармақша 4
4) қанағаттанарлықсыз – қамтамасыз ету осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің кемiнде 50 пайызын жабады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан темен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);

Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiнде қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті;
мынадай:
қарыз алушының дебиторлық берешегi;
қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi;
айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті;
Тармақша 5
5) қамтамасыз етілмеген – қамтамасыз ету осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің 50 пайызынан кемін жабады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан темен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан темен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiнде қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті;
мынадай:
қарыз алушының дебиторлық берешегi;
қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi;
болашақта түсетіндерді қоспағанда (ақы төлеу аккредитивтік операциялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардан басқа), айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті.
Тармақ 62
62. Ұйымның қамтамасыз етуінің сапасы:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлiк бойынша – бағалау қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен қарыз алушы және (немесе) кепiлзат беруші арасында жасалған шарт бойынша жүргiзiлген бағалау туралы есепте айқындалған жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны;
Тармақша 2
2) өзге қамтамасыз ету бойынша – ұйымның iшкi нормативтiк құжаттарына сәйкес анықталған құны қолданылып жүргiзiлген мониторинг нәтижелері бойынша айқындалады.
Тармақ 63
63. Кредит берілген күннен басталатын кезең ішінде, сондай-ақ төлемдерді өтеудің бірінші мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде мерзімінің өткеніне 7 (жеті) және одан көп жұмыс күні болған төлемдер болса (төлемдерді мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда) «сыныпталатын актив бойынша төлемдерді өтеуді мерзімін өткізудің болмауы» деген сыныптау санатын минус 1 балл мөлшерінде бағалау қолданылмайды, 0 балға бағалау қолданылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг үшiн өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктері
2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг үшiн өлшемшарттарды пайдалану ерекшелiктері
Тармақ 64
64. Активтер мен шартты мiндеттемелердi (инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi, біртектес қарыздар (кредиттер) портфеліне енгiзiлген қарыздарды (кредиттердi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда) сыныптау кезiнде ұлттық басқарушы холдинг осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2 және 4-кестелерiн қолданады.
Тармақ 65
65. Қарыздарды (кредиттердi) сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 66
66. Депозиттердi сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 67
67. Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды сыныптауды қоспағанда, бағалы қағаздарды, дебиторлық берешектi сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 68
68. Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 69
69. Шартты мiндеттемелердi сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 70
70. Активтiң (шартты мiндеттеменiң) сыныптау санаты тиiстi өлшемшарттар бойынша активтi (шартты мiндеттеменi) бағалау балдарының жалпы саны негізге алына отырып айқындалады.
Тармақ 71
71. Провизия (резерв) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 4-кестесiне сәйкес сыныптау санаты негізге алына отырып және тиiстi мөлшерлерде айқындалады.
Салық салу мақсатында осы Қағидаларға сәйкес құрылған провизия (резерв) мына формула бойынша айқындалатын коэффициентке түзетiледi:
Т
К = ---------, мұнда
ЖЖТ
К – коэффициент,
ЖЖТ – түзетулердi ескергенде салық кезеңi iшiндегi жылдық жиынтық табыс,
Т – салық кезеңiндегі жылдық жиынтық табысқа қосылған (қосылуға тиіс) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн және (немесе) ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiн және (немесе) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесiнде түзілген активтер бойынша алынған табыс. Бұл көрсеткiшке Салық кодексiнiң 255-бабына сәйкес жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға тиіс табыс кірмейді.
Тармақ 72
72. Қарыз алушының (борышкердiң, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Қағидалардың 59-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Тармақ 73
73. Қамтамасыз ету сапасы осы Қағидалардың 61 және 62-тармақтарында белгiленген тәртiппен сыныпталады.
Тармақ 3. 3-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға ұлттық басқарушы холдинг берген қарыздарды (кредиттерді) сыныптау өлшемшарттарын пайдалану ерекшеліктері
3-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға ұлттық басқарушы холдинг берген қарыздарды (кредиттерді) сыныптау өлшемшарттарын пайдалану ерекшеліктері
Тармақ 74
74. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға ұлттық басқарушы холдинг берген қарыздарды (кредиттердi) сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаның 3 және 4-кестелерi қолданылады.
Тарау 4. 4-тарау. Ұйымның инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi сыныптау өлшемшарттарын пайдалану ерекшелiктерi
4-тарау. Ұйымның инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi сыныптау өлшемшарттарын пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 1. 1-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi сыныптау өлшемшарттарын пайдалану ерекшелiктерi
1-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi сыныптау өлшемшарттарын пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 75
75. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және шартты мiндеттемелердi қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) және олармен байланысты шартты мiндеттемелердi сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1 және 3-кестелерi қолданылады.
Тармақ 76
76. Қарыздарды (кредиттердi) сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 77
77. Депозиттердi сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 78
78. Дебиторлық берешектi, бағалы қағаздарды сыныптау кезiнде ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды сыныптауды қоспағанда, осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 79
79. Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Шартты мiндеттемелердi сыныптау кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесiнiң 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттар пайдаланылады.
Тармақ 80
80. Активтiң (шартты мiндеттеменiң) сыныптау санаты тиiстi өлшемшарттар бойынша активтi (шартты мiндеттеменi) бағалау балдарының жалпы санына негізделе отырып айқындалады.
Тармақ 81
81. Провизия (резерв) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 3-кестесiне сәйкес сыныптау санатына негізделе отырып және тиiстi мөлшерлерде айқындалады.
Салық салу мақсатында осы Қағидаларға сәйкес құрылған провизия (резерв) мынадай формула бойынша айқындалатын коэффициентке түзетiледi:
Т
К = ---------, мұнда
ЖЖТ
К – коэффициент,
ЖЖТ – түзетулердi ескергенде, салық кезеңi iшiндегi жылдық жиынтық табыс,
Т – салық кезеңiндегі жылдық жиынтық табысқа қосылған (қосылуға тиіс) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн және (немесе) ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiн және (немесе) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесiнде түзілген активтер бойынша алынған табыс. Бұл көрсеткiшке Салық кодексiнiң 255-бабына сәйкес жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға тиіс табыс кірмейді.
Тармақ 82
82. Қарыз алушының (борышкердiң, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Қағидалардың 59-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Тармақ 83
83. Қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) – заңды тұлғаның, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның қаржылық жағдайы былайша сыныпталады:
Тармақша 1
1) мына көрсеткіштер болған жағдайда – орнықты:
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайы орнықты;
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) төлемге қабiлетті;
ақша легі борышқа қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердiң мәні жалпы қабылданған нормалар шегiнде;
бизнестi дамытудың нарықтық шарттары оң, нарықта жақсы бәсекелі позициясы бар;
ресурстар мен капитал нарығына еркiн қол жеткізеді, өнім берушілердің шектеулі санына тәуелдi емес, шарттың қолданылу мерзiмi ішінде қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатуға ықпал ететін iшкi және сыртқы факторлар анықталған жоқ;
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) ұйыммен өзiнiң мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуға мүмкiншілігі күмән тудырмайды;
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) активтері мен мiндеттемелерi мерзiмi бойынша шамалас;
кредиттiк тарихы жағымды;
Тармақша 2
2) мына көрсеткіштер болған жағдайда – қанағаттанарлық:
бұл санаттағы қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайы «орнықты» сипаттамасына жақын, бірақ оның осы деңгейді ұзақ уақыт бойы ұстап тұру ықтималдығы төмен;
кiрiстердiң, төлем қабiлетiнiң деңгейi кредит беру басталғаннан бастап үш жыл бойы борышкердiң бизнес-жоспарында көзделген деңгейде;
динамикада ақша легі шамалы азайған, бұл ретте ақша легі борыштың негізгі бөлігін өтеуге мүмкіндік береді;
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін шаралар қабылдауда;
тауарларды, көрсететін қызметтердi жеткізушілердің және қарыз алушының (борышкердiң, бірлесіп қарыз алушының) өнiмдерiн тұтынушылардың шоғырлануының ең төмен тәуекелдерi бар;
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қосымша ресурстарға қол жеткізе алатынына байланысты ұйыммен өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіншілігі күмән туғызбайды;
Тармақша 3
3) мына көрсеткіштер болған жағдайда – орнықсыз:
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) мынадай факторларға байланысты өз мiндеттемелерi бойынша ұйыммен есеп айырыса алмайды деген белгілі бір ықтималдық бар:
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайының ұдайы және айтарлықтай нашарлау белгiлерi бар:
кiрiстер, төлемге қабiлетiлік деңгейi кредит беру басталғаннан бастап үш жыл бойы борышкердiң бизнес-жоспарында көзделген деңгейде;
нарықтық үлесінiң төмендеуі;
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) қабылдайтын шаралар қаржылық жағдайды тұрақтандыратынына сенім жоқ;
қарыз алушыға (борышкерге, бірлесіп қарыз алушыға) 1 жылдан аспайтын мерзiмге санация жарияланған;
форс-мажор мән-жайлары, сондай-ақ қарыз алушыға (борышкерге, бірлесіп қарыз алушыға) материалдық зиян тигізсе де, оның қызметінің тоқтауына әкеп соқпаған басқа да жағдайлар орын алған;
Тармақша 4
4) мына көрсеткіштер болған жағдайда – өте қиын:
қарыз алушының (борышкердің, бірлесіп қарыз алушының) қаржылық жағдайының нашарлауының шекті деңгейге жеткен;
төлемге қабілетсіздік, нарықтық позицияларын жоғалтқан;
қарыз алушыға (борышкерге, бірлесіп қарыз алушыға) бір жылдан астам мерзiмге санация жарияланған;
қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) банкрот деп танылған;
қарыз алушыда (борышкерге, бірлесіп қарыз алушыда) материалдық залал келтірген және (немесе) оның өз қызметiн жалғастыруына мүмкiндiк бермейтiн форс-мажор мән-жайлар бар, қарыз алушыда (бірлесіп қарыз алушыда) кредиттік дерекнама жоқ.
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы шоғырландырылған негiзде ұлттық басқарушы холдингтiң қаржылық жағдайынан төмен деп сыныпталмайды.
Тармақ 84
84. Қамтамасыз ету сапасы былайша сыныпталады:
Тармақша 1
1) сенiмдi – қамтамасыз етудің өтімділігі жоғары, ол мыналар:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiктері (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары;
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерiнiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ+» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi;
кредитор банктегі депозиттегі ақша және/немесе кредитор банктегі кепілзат нысанасы болып табылатын ақша кепілі;
шет мемлекеттердiң үкiметтерi және Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ+» тобынан төмен емес тәуелсіз рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие орталық банктерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар;
монетарлық аса бағалы металдар;
Қазақстан Республикасының бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң вексельдерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
жалғыз акционерi мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалардың кепiлдiктерi (кепiлдемелерi) түрінде беріліп, жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдалану үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің кемінде 100 пайызын жабады;
Тармақша 2
2) жақсы – қамтамасыз ету осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің кемiнде 70 пайызын жабады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердің резервтік аккредитивтері;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген мүлік;
төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы орнықты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті;
Тармақша 3
3) қанағаттанарлық – қамтамасыз ету осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің кемiнде 60 пайызын жабады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердің резервтік аккредитивтері;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген мүлік;
төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы орнықты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердің резервтік аккредитивтері;
мүлік, оның ішінде болашақта бизнес-жоспарға сәйкес түсетін мүлік;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген ақша;
төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы орнықты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiндегі қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті;
мынадай:
қарыз алушының дебиторлық берешегi;
қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi;
айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті;
Тармақша 4
4) қанағаттанарлықсыз – қамтамасыз ету осы тармақшада тізбеленген және жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің кемiнде 50 пайызын жабады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан темен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердің резервтік аккредитивтері;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген мүлік;
төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы орнықты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие резидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердің резервтік аккредитивтері;
мүлік, оның ішінде болашақта бизнас-жоспарға сәйкес түсетін мүлік;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген ақша;
төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы орнықты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiнде қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті;
мынадай:
қарыз алушының дебиторлық берешегi;
қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi;
айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті;
Тармақша 5
5) қамтамасыз етілмеген – қамтамасыз ету жиынтығында қарыз алушының актив бойынша (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алынуы қажет сыйақы, сондай-ақ ұйым жеңілдік беретін болса, мұндай жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша) міндеттемелерінің 50 пайызынан кемін жабады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етудi бағалау кезiнде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан темен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердің резервтік аккредитивтері;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген мүлік;
төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы орнықты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi;
Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициенті;
мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие бейрезидент банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның iшiнде Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан темен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерінiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердiң кепiлдiктерi (кепiлдемелерi);
Standard & Poor's агенттiгi берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингіге немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие банктердің резервтік аккредитивтері;
мүлік, оның ішінде болашақта бизнес-жоспарға сәйкес түсетін мүлік;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету үшін көзделген ақша;
төлемге қабілетті (қаржылық жағдайы орнықты) заңды тұлғалардан кепілді төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттiгi берген «В» тобынан төмен емес қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингілік агенттiктерiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерi түрiндегі қамтамасыз етуге 0,8 коэффициенті;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген жылжымайтын мүлiк түрiнде қамтамасыз етудiң нарықтық құнына 0,7 коэффициенті;
мынадай:
қарыз алушының дебиторлық берешегi;
қарыз алушының және/немесе кепiлзат берушiнiң жылжымалы мүлкi;
айналымдағы тауарлар түрiндегі қамтамасыз етуге 0,6 коэффициенті.
Тармақ 85
85. Ұйымның қамтамасыз етуінің сапасы:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлiк бойынша – бағалау қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен қарыз алушы және (немесе) кепiлзат беруші арасында жасалған шарт бойынша жүргiзiлген бағалау туралы есепте айқындалған жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны;
Тармақша 2
2) өзге қамтамасыз ету бойынша – ұйымның iшкi нормативтiк құжаттарына сәйкес анықталған құны қолданылып жүргiзiлген мониторинг нәтижелері бойынша айқындалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) сыныптау өлшемшарттарын пайдалану ерекшеліктері
2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) сыныптау өлшемшарттарын пайдалану ерекшеліктері
Тармақ 86
86. Ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген қарыздарды (кредиттердi) сыныптаған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 2 және 3-кестелерi пайдаланылады.
Тарау 5. 5-тарау. Банктің активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) қалыптастыру ерекшеліктері
5-тарау. Банктің активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизия (резерв) қалыптастыру ерекшеліктері
Тармақ 1. 1-параграф. Провизия (резерв) құру тәртібі
1-параграф. Провизия (резерв) құру тәртібі
Тармақ 87
87. Банк Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, № 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – № 9 ХҚЕС) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күтілетін және кредиттік залалдарға провизия (резерв) құрады.
Тармақ 88
88. Провизия (резерв) банктің атқарушы органы бекіткен провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес құрылады.
Тармақ 89
89. Провизия (резерв) қалыптастыру мақсаттары үшін дара активтердің құнсыздануының үш сатысы, сондай-ақ құрылған немесе сатып алынған кредиттік құнсызданған активтер (бұдан әрі – POCI-активтер) ерекшеленеді:
№ 1 саты – дара активті бастапқы тану сәтінен бері кредиттік тәуекел айтарлықтай ұлғаймаған, кредиттік құнсыздану белгілері жоқ;
№ 2 саты – бастапқы тану сәтінен бері кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алған, бірақ дефолт жоқ;
№ 3 саты – бастапқы тану сәтінен бері кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алып, дефолтқа ұласуы;
POCI-актив – бастапқы тану сәтінде кредиттік құнсыздану болған, сатып алынған немесе құрылған қаржылық актив.
Тармақ 90
90. POCI-актив болып табылмайтын дара активтер бойынша провизияны (резервті) есептеу мынадай кезеңдердің орындалуын көздейді:
Тармақша 1
1) дара актив сатыларын айқындау, атап айтқанда:
дара активтің кредиттік құнсыздануын объективті растау болып табылатын оқиғалардың бар-жоғын бағалау;
кредиттік құнсызданудың объективті расталуы анықталған жағдайда дара актив № 3 сатыға сыныпталады және әдістемеге сәйкес есепті күндегі кредиттік залалдар есептеледі;
дара активті бастапқы тану күнінен бері кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюына әкеп соқтырған оқиғалардың бар-жоғын бағалау;
кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы анықталған жағдайда дара актив № 2 сатыға сыныпталады және әдістемеге сәйкес есепті күнге бүкіл мерзімдегі күтілетін кредиттік залалдар есептеледі;
кредиттік құнсыздану расталмаған және кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю өлшемшарттары болмаған жағдайда дара актив № 1 сатыға сыныпталады және әдістемеге сәйкес 12 айлық күтілетін кредиттік залал есептеледі;
Тармақша 2
2) провизия (резерв) мөлшері күтілетін және есепті күндегі кредиттік залалдардың мөлшеріне теңестіріледі.
Тармақ 91
91. Банк дефолттың туындау ықтималдығын есептеу мақсатында банктің уәкілетті органы бекіткен, рейтингілік бағалауды модельдеу саласындағы халықаралық ұйымдардың (сарапшылардың) немесе олардың мамандандырылған бөлімшелерінің қатысуымен әзірленген және тестілеуден өткен ішкі рейтингілік үлгіні пайдаланады. Рейтингілік бағалауды үлгілеу саласындағы халықаралық ұйымдар (сарапшылар) болып мыналар танылады:
S&P Global Market Intelligence LLC;
Fitch Ratings Inc.;
Moody’s Investors Service;
Fair, Isaac and Company (FICO);
Experian plc.;
Deloitte Touche Tohmatsu Limited;
Ernst & Young Global Limited;
KPMG;
Pricewaterhouse Coopers International Limited.
Тармақ 92
92. Банк дефолт кезіндегі ықтимал шығын деңгейін есептеу мақсатында (Loss given Default, LGD) банктің уәкілетті органы бекіткен, халықаралық ұйымдардың (сарапшылардың) немесе олардың модельдеу саласындағы мамандандырылған бөлімшелерінің қатысуымен әзірленген және сыналған LGD моделін (модельдерін) пайдаланады.
Тармақ 93
93. Банк дефолт кезіндегі талаптар сомасын есептеу мақсаттары үшін (Еxposure at Default, EAD) банктің уәкілетті органы бекіткен дефолт кезіндегі талаптар сомасын есептеудің EAD моделіне сәйкес кредиттік тәуекел компоненттерін бағалау модельдерін қолданады.
Тармақ 94
94. Дара актив бойынша болашақтағы есептік ақша легіне келеңсіз әсерін тигізетін бір немесе бірнеше оқиға орын алатын болса, мұндай дара актив кредиттік құнсызданған болып табылады. Атап айтқанда, мынадай оқиғалар туралы байқалған деректер дара активтің кредиттік құнсыздануын объективті растау болып табылады:
Тармақша 1
1) шарт талаптарының бұзылуы, атап айтқанда, дефолт немесе есепті күнге банкте және/немесе басқа қаржы ұйымдарында (негізгі борыштың және/немесе сыйақының) төлем мерзімінің күнтізбелік 90 күннен аса өтуі;
Тармақша 2
2) контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты қайта құрылымдау;
Тармақша 3
3) банкте контрагенттің қызмет түрлеріне немесе коммерциялық қызметіне лицензиясынан айырылуы/оның қолданысының тоқтатылуы туралы ақпаратты қоса алғанда, контрагентке елеулі материалдық нұқсан келтірген немесе оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін форс-мажор мән-жайлары, сондай-ақ өзге де мән-жайлар туралы ақпараттың болуы;
Тармақша 4
4) банкроттықтың немесе қаржылық қайта ұйымдастырудың өзге де түрінің жоғары ықтималдығы, сондай-ақ контрагенттің қаржылық жағдайын нашарлатуы мүмкін сот талқылауына тартылуы туралы негізделген және расталатын ақпараттың болуы;
Тармақша 5
5) контрагенттің айтарлықтай қаржылық қиындықтары нәтижесінде осы дара актив үшін белсенді нарықтың жоққа шығуы.
Тармақ 95
95. Кредиттік құнсызданудың объективті белгісі және дисконтталған күтілетін ақша легінің сомасы дара активтің жалпы теңгерімдік құнынан асатыны расталған дара активтер бойынша бүкіл мерзім ішінде күтілетін кредиттік залалға тең кредиттік залал есептеледі.
Тармақ 96
96. № 3 сатыға жатқызылған дара активтер кредиттік құнсыздану белгілері болмаса, сондай-ақ төмендегі шарттардың бірі немесе бірнешеуі орындалған жағдайда № 2 сатыға ауысады:
Тармақша 1
1) контрагенттің берешегін өтеуі, бұл жалпы баланстық құнның дара активті № 3 сатыға жатқызу күніндегі берешектің сомасына тең немесе одан төмен деңгейге дейін төмендеуіне әкеледі (цессия шарты бойынша өзара есеп айырысу операциялары есепке алынбайды);
Тармақша 2
2) мынадай:
контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты қайта құрылымдауға ұшырамаған дара активтер үшін 3 айды;
контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты қайта құрылымдауға ұшыраған дара активтер үшін осылайша қайта құрылымдалған күнінен бастап 12 айды құрайтын тұрақтандыру (карантин) мерзімінің өтуі. Қайта құрылымдалған дара активте жеңілдік кезеңі болған жағдайда дара актив жеңілдік кезеңі аяқталғанға дейін және одан кейін кемінде 6 ай бойы, бірақ контрагенттің қаржылық қиындықтарына байланысты қайта құрылымдау күнінен бастап 12 айдан кем болмайтын мерзімде № 3 сатыда қалады.
Тармақ 97
97. Егер есепті күнге кредиттік құнсызданудың объективті белгілері болмаса, бірақ осы дара актив бойынша есепті күнге қаржы құралын бастапқы тану күнінен бері кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алса, дара актив № 2 сатыға жатқызылады.
Тармақ 98
98. Кредиттік тәуекелдің ұлғаюы былайша айқындалады:
Тармақша 1
1) әрбір дара актив бойынша қаржылық актив бойынша дефолттың басталу тәуекелін бастапқы тану күніндегі дефолттың басталу тәуекелімен салыстыру жолымен қаржы құралының күтілетін қолданылу мерзімі ішінде дефолттың басталу тәуекелінің өзгеруі бағаланады;
Тармақша 2
2) бастапқы тану сәтінен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюын көрсететін, шамадан тыс шығын мен күш-жігер жұмсалмай қолжетімді болатын негізделген және расталатын ақпарат талданады.
Тармақ 99
99. Кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюының өлшемшарттары мыналар:
Тармақша 1
1) бастапқы тану күнімен салыстырғанда дара активтің ішкі/сыртқы рейтингінің:
рейтингі «BBB-» және одан жоғары дара актив үшін 3 және одан көп сатыға;
рейтингі «BB+» және одан төмен дара актив үшін 2 және одан көп сатыға төмендеуі;
Тармақша 2
2) шарт талаптарының бұзылуы, атап айтқанда, дефолт немесе есепті күнге банкте және/немесе басқа қаржы ұйымдарында (негізгі борыштың және/немесе сыйақының) төлем мерзімінің күнтізбелік 30 күннен аса өтуі;
Тармақша 3
3) міндеттеме бойынша қамтамасыз ету құнының немесе үшінші тараптар ұсынған кепілдіктер сапасының немесе кредиттік сапаны жоғарылату тетіктерінің айтарлықтай өзгеріп, қамтамасыз етудің жеткіліктілігін есептеу негізінде дара актив бойынша қамтамасыз етудің жеткіліксіз болуына әкелуі, бұл контрагент үшін шартта көзделген келісімшарттық төлемдерді жүзеге асыруға экономикалық ынталандыруды төмендетуі мүмкін немесе дефолттың туындау ықтималдығына өзге де негізді түрде әсерін тигізеді;
Тармақша 4
4) есептік күнге бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша контрагенттің мерзімі күнтізбелік 30 күннен асқан өтелмеген (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) берешегі болып, контрагенттің банк алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамауына әкелуі/әкелуінің мүмкіндігі;
Тармақша 5
5) банк болашақта күтілетін ақша легіне жағымсыз әсерін тигізуінің айтарлықтай қаупі бар деп есептейтін басқа пайым.
Тармақ 100
100. Есептік күнге кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю өлшемшарттары болмаса және кредиттік тәуекелдің ұлғаю өлшемшарттары жоққа шығарылған күннен бастап 3 ай ішінде тұрақтандыру (карантин) кезеңі сақталған болса, дара актив № 1 сатыға ауыстырылуы мүмкін және кредиттік шығындарды есептеу 12 айлық күтілетін кредиттік залал негізінде жүргізіледі.
Тармақ 101
101. Егер есепті күнге кредиттік құнсызданудың объективті белгілері болмаса және осы дара актив бойынша қаржы құралын бастапқы тану күнінен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алмаса, дара актив № 1 сатыға жатқызылады.
Тармақ 102
102. Бастапқы тану сәтіне кредиттік құнсызданған активтер болып табылатын активтерде құнсыздануға қарсы провизия (резерв) болмайды. Мұның орнына бүкіл мерзім ішінде олар бойынша күтілетін кредиттік залалдардың шамасы тиімді пайыздық мөлшерлеменің есебіне енгізіледі.
Тармақ 103
103. Бүкіл кезеңдегі күтілетін кредиттік залалдың өзгерістерін бастапқы тану кезінен бастап жинақталған провизия (резерв) ғана әрбір кейінгі есептік күнгі POCI-активтер бойынша шығындарға арналған бағалау резерві ретінде танылады.
Тармақ 104
104. Күтілетін кредиттік залалдарды есептеу дара активтің сатысына немесе оның POCI-активтерге тиесілігіне байланысты әдістемеде көзделген формулалар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 105
105. Провизия (резерв) құрудың кезеңділігі әдістемеде белгіленеді, бірақ кезеңнің соңына қарай айына бір реттен сиретпей белгіленеді.
Тармақ 106
106. Әдістемеге сәйкес құрылған провизия (резерв) мөлшері банктің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінде көрініс табады.
Тармақ 2. 2-параграф. Әдістемеге қойылатын талаптар
2-параграф. Әдістемеге қойылатын талаптар
Тармақ 107
107. Әдістемеде:
Тармақша 1
1) дара активтің кредиттік құнсыздануын растайтын оқиғалардың тізбесі;
Тармақша 2
2) дефолттың анықтамасы;
Тармақша 3
3) кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюын айқындайтын өлшемшарттар;
Тармақша 4
4) дара активтің белгілі сатысына/POCI-активтерге тиесілігіне сәйкес провизия (резерв) мөлшерін айқындау тәртібі;
Тармақша 5
5) провизия (резерв) мөлшерін есептеудің кезеңділігі қамтылады.
Тармақ 108
108. Мыналар:
Тармақша 1
1) бекітілген әдістеменің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) әдістеме талаптарына сәйкес есептелген провизияның (резервтің) нақты залал сомасына сәйкестігі тұрғысындағы тестінің нәтижелері;
Тармақша 3
3) статистикалық, макроэкономикалық деректер көзінің өзгеріп, оларды болашақта қолданудың мүмкін болмауы (болашақта деректерді алудың мүмкін болмауы);
Тармақша 4
4) кредиттеу нарығында банк стратегиясының өзгеруіне байланысты кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бойынша портфель сегментациясының өзгеруі (мысалы, жаңа өнімдерді іске қосу, экономиканың белгілі бір секторларында шоғырлану және т.с.с.);
Тармақша 5
5) есеп-қисап модельдерінің дәлдігін арттыруға және процесті жақсартуға/оңтайландыруға, оның ішінде автоматтандыруға бағытталған өзге де өзгерістер/толықтырулар әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болып табылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Шегеруге жатқызылатын провизияны (резервті) есептеу
3-параграф. Шегеруге жатқызылатын провизияны (резервті) есептеу
Тармақ 109
109. Салық салу мақсатында провизия (резерв):
әдістемеге сәйкес өзге жиынтық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын дара активтер бойынша;
біртектес кредиттер (қарыздар) бойынша;
егер қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) салық заңнамасына сәйкес айқындалған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлға не жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаға қатысты тәуелді немесе еншілес тұлға болып табылған жағдайда қалыптастырылмайды.
Тармақ 110
110. Активтің жалпы баланстық құнындағы негізгі борыштың үлесіне (бұдан әрі – негізгі борыштың құнсыздануы) тиесілі құнсызданудан туындаған шығын мөлшерінде шегерімдерге жатқызылатын провизия (резерв) мына формула бойынша айқындалады:
НБҚ = НҚ х (П / АЖБҚ), мұндағы
НБҚ – негізгі борыштың құнсыздануы;
НБ – негізгі борыш;
П – осы Қағидалардың 88-тармағына сәйкес айқындалған провизия (резерв);
ЖБҚ – активтің жалпы баланстық құны.
Бұл ретте есептелген Негізгі борыштың құнсыздану сомасы 1 теңгеге дейін дөңгеленуге тиіс: 50 тиын және одан көп сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан кем сома қабылданбайды.
______________________________
Басқа 3.1
Провизия (резерв)
құру қағидаларына
1-қосымша
1-кесте
Р/с №
Өлшемшарттар
Сыныптау санаты
Балл
1.
Қаржылық жағдайы
1)
орнықты
0
2)
қанағаттанарлық
+1
3)
орнықсыз
+2
4)
өте қиын
+4
2.
Өтеу мерзiмiнiң кешiктiрiлуі
қарыз (кредит) бойынша
салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар және шартты мiндеттемелер бойынша
дебиторлық берешек бойынша
1)
сыныпталатын актив бойынша соңғы он екі ай ішінде төлемдердi өтеудің кешiктiрiлмеуі
-1
2)
соңғы он екі ай ішінде ағымдағы күнге дейiн төлем мерзiмi өткiзілген және төлеу мерзiмi басталмаған қарыздар (кредиттер)
0
3)
7-30 күн
7 күнге дейiн
14 күнге дейiн
+1.5
4)
31-60 күн
7 күннен 15 күнге дейiн
14 күннен 30 күнге дейiн
+2.5
5)
61-90 күн
15 күннен 30 күнге дейiн
30 күннен 60 күнге дейiн
+3.5
6)
90 күннен астам
30 күннен астам
60 күннен астам
+4.5
3.
Қамтамасыз ету сапасы
1)
сенiмдi
-3
2)
жақсы
-2
3)
қанағаттанарлық
0
4)
қанағаттанарлықсыз
+1
5)
қамтамасыз етілмеген
+2
4.
Ұзарту
1)
ұзартудың болмауы
0
2)
ұзартудың болуы
ұзарту саны +1 балға көбейтiледi
5.
Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингiнің бар-жоғы
1)
«А» және жоғары
-3
2)
Қазақстан Республикасының рейтингінен жоғары – «А»-ға дейiн
-2
3)
Қазақстан Республикасының рейтингі деңгейiнде
-1
4)
Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен және рейтингі жоқ
0
2-кесте
Р/с
№
Өлшемшарттар
Сыныптау санаты
Балл
1.
Қаржылық жағдайы
1)
орнықты
0
2)
қанағаттанарлық
+1
3)
орнықсыз
+2
4)
өте қиын
+4
2.
Өтеу мерзiмiнiң кешiктiрiлуі
қарыз (кредит) бойынша
салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар және шартты мiндеттемелер бойынша
дебиторлық берешек бойынша
1)
сыныпталатын актив бойынша төлемдердi өтеудің кешiктiрiлмеуі
-1
2)
ағымдағы күнге дейiн төлем мерзiмi өткiзілген және төлеу мерзiмi басталмаған қарыздар (кредиттер)
0
3)
7-30 күн
7 күнге дейiн
14 күнге дейiн
+1.5
4)
31-60 күн
7 күннен 15 күнге дейiн
14 күннен 30 күнге дейiн
+2.5
5)
61-90 күн
15 күннен 30 күнге дейiн
30 күннен 60 күнге дейiн
+3.5
6)
90 күннен астам
30 күннен астам
60 күннен астам
+4.5
3.
Қамтамасыз ету сапасы
1)
сенiмдi
-3
2)
жақсы
-2
3)
қанағаттанарлық
0
4)
қанағаттанарлықсыз
+1
5)
қамтамасыз етілмеген
+2
4.
Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингiнің бар-жоғы
1)
«А» және жоғары
-3
2)
Қазақстан Республикасының рейтингінен жоғары – «А»-ға дейiн
-2
3)
Қазақстан Республикасының рейтингi деңгейiнде
-1
4)
Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен және рейтингі жоқ
0
3-кесте
Р/с
№
Өлшемшарттар
Сыныптау санаты
Балл
1.
Өтеу мерзімінің кешіктірілуі
1)
сыныпталатын актив бойынша төлемдердi өтеудің кешiктiрiлмеуі
-1
2)
ағымдағы күнге дейiн төлем мерзiмi өткiзілген және төлеу мерзiмi басталмаған қарыздар (кредиттер)
0
3)
30-60 күн
+1.5
4)
61-90 күн
+2.5
5)
91-120 күн
+3.5
6)
120 күннен астам
+4.5
4-кесте
Активтiң (шартты мiндеттеменiң, бiртектес қарыздар (кредиттер) портфелінің) сыныпталу санатын айқындауға арналған балл саны *
Активтiң (шартты мiндеттеменiң, бiртектес қарыздар (кредиттер) портфелінің) сыныпталу санаты
Активтер (шартты мiндеттемелер, бiртектес қарыздар (кредиттер) портфелі) бойынша провизия мөлшерi (негiзгi борыш сомасынан %-бен)
1-ге дейiн (қоса алғанда)
Стандартты
Күмәндi:
1-ден 2-ге дейiн (қоса алғанда)
1-санат
5 % – төлем уақтылы және толық төленген болса
2-санат
10 % – төлем кешiктiріліп төленген болса және толық төленбесе
2-ден 3-ке дейiн (қоса алғанда)
3-санат
20 % – төлем уақтылы және толық төленген болса
4-санат
25 % – төлем кешiктiріліп төленген болса және толық төленбесе
3-тен 4-ке дейiн (қоса алғанда)
5-санат
50 % – барлық жағдайда
4-тен 8-ге дейiн (қоса алғанда)
6-санат
75 % – барлық жағдайда
8-ден жоғары
Үмiтсiз
100 % – барлық жағдайда
Ескертпе:
агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг пен оның еншiлес ұйымдарына балл саны әрқашан 0-ге тең.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Басқа 3.2
Провизия (резерв)
құру қағидаларына
2-қосымша
Тармақ 1
1. Контрагент-банктердiң және басқа қаржы институттарының қаржылық жағдайын айқындау өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Контрагент-банктердiң және басқа қаржы институттарының қаржылық жағдайын бағалау кезiнде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген шоттардың жоспарына сәйкес бухгалтерлiк есеп шоттарында операцияларды көрсету тәртiбiмен қаржылық есептiлiктiң төменде көрсетiлген көрсеткiштерi пайдаланылады. «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына» өзгерістер енгізілген кезде қаржылық жағдайды бағалау контрагент-банк ұсынған қаржылық есептілік негізінде енгізілген өзгерістер ескеріле отырып жүргізіледі.
1-кесте
Шоттың коды
Шоттың атауы
1000
Ақша
1050
Корреспонденттiк шоттар
1100
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қойылатын талаптар
1200
Әдiл құн бойынша пайда немесе шығын арқылы ескерілетін бағалы қағаздар
1250
Басқа банктерге орналастырылған салымдар
1300
Басқа банктерге берiлген қарыздар
1306
Қарыздар бойынша басқа банктердiң мерзiмi өткен берешегi
1309
Қаржы лизингi бойынша басқа банктердiң мерзiмi өткен берешегi
1319
Басқа да банктерге берiлген (контрактивтi) қарыздар мен қаржы лизингi бойынша резерв (провизия)
1320
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берген қарыздар және қаржы лизингi
1327
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берген қарыздар бойынша мерзiмi өткен берешек
1328
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берген қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
1329
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берiлген (контрактивтi) қарыздар және қаржы лизинг бойынша резерв (провизия)
1400
Клиенттерге қойылатын талаптар
1409
Факторинг бойынша клиенттердiң мерзiмi өткен берешегi
1421
Қаржы лизингi бойынша клиенттердiң мерзiмi өткен берешегi
1423
Форфейтинг бойынша клиенттердiң мерзiмi өткен берешегi
1424
Қарыздар бойынша клиенттердiң мерзiмi өткен берешегi
1427
Сауда қызметiн қаржыландыру операциялары бойынша мерзiмi өткен берешек
1428
Қарыздар және қаржы лизингі бойынша клиенттерге берiлген (контрактивтi) резерв (провизия)
1450
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар
1460
Бағалы қағаздармен жасалатын «керi РЕПО» операциялары
1470
Капиталға және қоса реттелген борышқа инвестициялар
1475
Қоса реттелген борышқа инвестициялар (белсендi)
1476
Өзге инвестициялар (белсендi)
1480
Өтегенге дейiн ұсталатын бағалы қағаздар
1600
Тауарлық-материалдық қорлар
1650
Негiзгi құралдар және материалдық емес активтер
1850
Өзге дебиторлар
1880
Секьюритилендiрiлген активтер
2010
Корреспонденттiк шоттар
2020
Басқа банктер талап еткенге дейiнгi салымдар
2030
Қазақстан Республикасының Үкiметiнен алынған қарыздар
2040
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар
2050
Басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар
2110
Овернайт қарыздар
2120
Мерзiмдi салымдар
2200
Клиенттердiң алдындағы мiндеттемелер
2255
Бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары
2300
Айналымға шығарылған бағалы қағаздар
2400
Қоса реттелген борыштар
2850
Өзге кредиторлар
3200
Жалпы банктiк тәуекелдерге арналған резерв (провизия)
3510
Резервтегi капитал (пассивтi)
3580
Өткен жылдардың бөлiнбеген таза пайдасы (жабылмаған шығыны) (пассивтi)
3599
Бөлiнбеген таза пайда (жабылмаған шығын) (пассивтi)
4050
Корреспонденттiк шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4100
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4200
Бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4250
Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4300
Басқа банктерге берілген қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4320
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берiлген немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4400
Клиенттерге қойылатын талаптар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4450
Өзге бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4465
Бағалы қағаздармен жасалған «керi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4475
Қоса реттелетiн борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4476
Өзге инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
4480
Өтегенге дейiн ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
5020
Корреспонденттiк шоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5030
Қазақстан Республикасының Үкiметiнен және жергiлiктi атқарушы органдарынан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5040
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5050
Басқа банктерден алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5060
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5090
Сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар
5110
Овернайт қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5120
Басқа банктердiң салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5150
Филиалдармен есеп айырысулар бойынша шығыстар
5200
Клиенттердiң талаптары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5250
Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5300
Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5400
Қоса реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
5451
Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша резервке (провизияға) қаржы бөлу
5452
Басқа банктерге ұсынылған қарыздар мен қаржы лизингi бойынша резервке (провизияға) қаржы бөлу
5455
Клиенттерге ұсынылған қарыздар мен қаржы лизингi бойынша резервке (провизияға) қаржы бөлу
5464
Бағалы қағаздар бойынша резервке (провизияға) қаржы бөлу
5466
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар мен қаржы лизингi бойынша резервке (провизияға) қаржы бөлу
6005
Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар (белсендi)
6010
Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар (белсендi)
6055
Берiлген немесе расталған кепiлдiктер бойынша ықтимал талаптар (белсендi)
Тармақ 2
2. Қаржылық жағдайды айқындау үшiн мынадай көрсеткiштер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Иммобилизацияланған қаражат» (ИҚ) – 1850, 1306, 1309, 1327, 1328, 1409, 1421, 1423, 1424, 1427, 1600, 1650-ші шоттар мен 2850-ші шот сомасының айырмасы ретiнде айқындалады (ИҚ = 1850 + 1306 + 1309 + 1327 + 1328 + 1409 + 1421 + 1423 + 1424 + 1427 + 1600 + 1650 - 2850);
Тармақша 2
2) «Меншiктi капитал-брутто» (МКБ) – «Меншiктi капитал» және «Иммобилизацияланған қаражат» көрсеткiштерiнiң айырмасы ретiнде айқындалады;
Тармақша 3
3) «Кiрiс активтерi» (КА) – 1000, 1050, 1100, 1200, 1250, 1300, 1400, 1450, 1470-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (КА = 1000 + 1050 + 1100 + 1200 + 1250 + 1300 + 1400 + 1450 + 1470);
Тармақша 4
4) «Кредиттер брутто» (КБ) – 1300, 1319, 1320, 1329, 1400, 1428, 6005, 6010, 6055-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (КБ = 1300 + 1319 + 1320 + 1329 + 1400 + 1428 + 6005 + 6010 + 6055);
Тармақша 5
5) «Мерзiмi өткен кредиттер» (МӨК) – 1306, 1309, 1327, 1328, 1409, 1421, 1423, 1424, 1427-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (МӨК = 1306 + 1309 + 1327 + 1328 + 1409 + 1421 + 1423 + 1424 + 1427);
Тармақша 6
6) «Таза пайыздық кiрiс» – «резервтерге арналған шығыстар» (ТПК-РШ) – 4050, 4100, 4200, 4250, 4300, 4320, 4400, 4450, 4465, 4475, 4476, 4480 шоттарының сомасы мен 5020, 5030, 5040, 5050, 5060, 5090, 5110, 5120, 5150, 5200, 5250, 5300, 5400, 5451, 5452, 5455, 5464, 5466-шы шоттар сомасының айырмасы ретiнде айқындалады (ТПК-РШ) = (4050 + 4100 + 4200 + 4250 + 4300 + 4320 + 4400 + 4450 + 4465 + 4475 + 4476 + 4480) - (5020 + 5030 + 5040 + 5050 + 5060 + 5090 + 5110 + 5120 + 5150 + 5200 + 5250 + 5300 + 5400 + 5451 + 5452 + 5455 + 5464 + 5466);
Тармақша 7
7) «Пайыздық кiрiс алып келетiн активтер» (ПКА) – 1050, 1100, 1200, 1250, 1300, 1320, 1400, 1450, 1458, 1475, 1476, 1480, 1880-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (ПКА = 1050 + 1100 + 1200 + 1250 + 1300 + 1320 + 1400 + 1450 + 1458 + 1475 + 1476 + 1480 + 1880);
Тармақша 8
8) «Таза пайда» + «Резервтер» + «Резервтiк қор» (ТРР) – 3599, 1319, 1329, 1428, 3200, 3510, 3580-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (ТРР = 3599 + 1319 + 1329 + 1428 + 3200 + 3510 + 3580);
Тармақша 9
9) «Пайыздық кiрiстер» (ПК) – 4050, 4100, 4200, 4250, 4300, 4320, 4400, 4450, 4465, 4475, 4476, 4480-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (ПК = 4050 + 4100 + 4200 + 4250 + 4300 + 4320 + 4400 + 4450 + 4465 + 4475 + 4476 + 4480);
Тармақша 10
10) «Пайыздық шығыстар» (ПШ) – 5020, 5030, 5040, 5050, 5060, 5090, 5110, 5120, 5150, 5200, 5250, 5300, 5400-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (ПШ = 5020 + 5030 + 5040 + 5050 + 5060 + 5090 + 5110 + 5120 + 5150 + 5200 + 5250 + 5300 + 5400);
Тармақша 11
11) «Пайыздық мiндеттемелер» (ПМ) – 2010, 2020, 2030, 2040, 2050, 2110, 2120, 2200, 2255, 2300, 2400-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (ПМ = 2010 + 2020 + 2030 + 2040 + 2050 + 2110 + 2120 + 2200 + 2255 + 2300 + 2400);
Тармақша 12
12) «Кредиттер бойынша кiрiс» (КК) – 4300, 4320, 4400-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (КК = 4300 + 4320 + 4400);
Тармақша 13
13) «Кредиттер бойынша провизияларға арналған шығыстар» (КПШ) – 5452 және 5455-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (КПШ = 5452 + 5455);
Тармақша 14
14) «Қалыптасқан провизиялар» (ҚП) – 1319, 1329,1428-ші шоттардың сомасы ретiнде айқындалады (ҚП = 1319 + 1329 + 1428).
Тармақ 3
3. Қаржылық жағдайды айқындау үшiн осы қосымшаның 2-кестесінiң 1-бағанында көрсетiлген әрбiр көрсеткiш бойынша қорытынды балл есептеледi. Көрсеткiштiң қорытынды балы 3-бағандағы нормативтерге сәйкес болуына байланысты 4-бағаннан тиiстi балл берiле отырып, 2-бағанда айқындалған тәртіпке сәйкес есептеледі.
2-кесте
Көрсеткiштiң атауы
Есептеу тәртiбi
Көрсеткiш нормативтерi
Тиiстi балл
1
2
3
4
Капитал иммобилизациясы коэффициентi
иммобилизацияланған қаражат/меншiктi капитал – брутто
0-10 %
0
10-30 %
5
30 %-дан астам немесе терiс мән
10
Автономия коэффициентi
меншiктi капитал – нетто/ мiндеттемелер
13 %-дан астам
0
6 %-дан 13 %-ға дейін
5
6 %-дан кем
10
Маневрлеу коэффициентi
меншiктi капитал – нетто/ меншiктi капитал – брутто
90 %-дан астам
0
70 %-дан 90 %-ға дейін
5
70 %-дан кем немесе егер екеуi де терiс мәндi болса
10
Капиталдың мультипликаторы
активтер/меншiктi капитал
700 %-дан кем
0
700 %-дан 900 %-ға дейін
5
900 %-дан астам немесе терiс мәндi
10
Жиынтық активтердегi кiрiстiк активтердiң үлес салмағы
кiрiс активтерi/активтер
80 %-дан астам
0
80 %-дан-40 %-ға дейiн
5
40 %-дан кем
10
Жиынтық активтердегi кассалық қаражаттың үлес салмағы
касса/активтер
3 %-дан астам
0
1 %-дан 3 %-ға дейін
5
1 %-дан кем
10
Кредит – брутто (клиенттерге кредиттер, БАК, теңгерiмнен тыс талаптар) мен жиынтық активтердің арақатынасы
кредиттер – брутто (БАК және теңгерiмнен тысты қоса алғанда)/активтер
100 %-дан кем
0
100 %-дан 130 %-ға дейін
5
130 %-дан астам
10
Кредиттiк портфельдегі мерзiмi өткен және шектелген берешектiң үлесi
мерзiмi өткен кредиттер/кредиттер – брутто
5 %-дан кем
0
5 %-дан 15 %-ға дейін
5
15 %-дан астам
10
Кредит тәуекелi коэффициентi
кредиттер – брутто - қалыптасқан провизиялар/кредиттер – брутто
85 %-дан астам
0
60 %-дан 85 %-ға дейін
5
60 %-дан кем
10
Тәуекелге түзетiлген таза пайыздық маржа
таза пайыздық кiрiс – резервтерге арналған шығыстар/пайыздық кiрiс әкелетiн активтер
2 %-дан астам
0
0,5 %-дан 2 %-ға дейін
5
0,5 %-дан кем
10
Тәуекелден қорғалу коэффициентi
таза пайда + резервтер + резервтiк қор/кiрiс активтерi
20 %-дан артық
0
11 %-дан 20 %-ға дейін
5
11 %-дан кем
10
ROA активтерiне қайтару
таза пайда/активтер
3 %-дан астам
0
1 %-дан 3 %-ға дейін
5
1 %-дан кем
10
ROA меншiкті капиталына қайтару
таза пайда/меншiкті капитал
18 %-дан астам
0
6 %-дан 18 %-ға дейін
5
6 %-дан кем немесе егер екеуi де терiс мәндi болса
10
Таза пайыздық маржа
таза пайыздық кiрiс/пайыздық кiрiс алып келетiн активтер
6 %-дан астам
0
3 %-дан 6 %-ға дейін
5
3 %-дан кем
10
Пайыздық спрэд
(пайыздық кiрiстер/пайыздық кiрiс әкелетiн активтер) – (пайыздық шығыстар/пайыздық мiндеттемелер)
6 %-дан астам
0
4 %-дан 6 %-ға дейін
5
4 %-дан кем
10
Кредиттер бойынша провизияларға арналған шығыстарға кететін кредиттер бойынша кiрiстiң үлесі
кредиттер бойынша провизияларға/кредиттер бойынша кiрiске арналған шығыстар
35 %-дан кем
0
35 %-дан 55 %ға дейін
5
55 %-дан астам
10
Левередж
мiндеттемелер/меншiктi капитал – нетто
600 %-дан кем
0
600 %-дан 810 %-ға дейін
5
810 %-дан астам
10
Депозиттердiң кредиттерге арақатынасы
депозиттер/кредиттер
80 %-дан астам
0
60 %-дан 80 %-ға дейін
5
60 %-дан кем
10
Тармақ 4
4. Қаржылық жағдайды айқындау үшiн барлық көрсеткiш бойынша жиынтық балл жинақталады және алынған нәтиже осы қосымшаның 3-кестесіне сәйкес қаржылық жағдайдың сыныпталуын айқындайды. Егер жиынтық балл сомасы 75 балдан кем болса, контрагент-банктiң жағдайы «Орнықты», 76-дан 130 балға дейiн болса, жағдайы «Қанағаттанарлық», 131-ден 154 балға дейiн болса, жағдайы «Орнықсыз», 154-тен балдан асса, жағдайы «Өте қиын» деп сыныпталады.
3-кесте
Жағдайы
Қорытынды балл
Орнықты
<75
Қанағаттанарлық
76-130
Орнықсыз
131-154
Өте қиын
>=155
Тармақ 5
5. Егер контрагент-банктiң рейтингi Қазақстан Республикасының егемен рейтингіне тең немесе одан жоғары болса, жағдайы «Орнықты» болып саналады.
Тармақ 2
2. Корпоративтiк контрагенттердiң қаржылық жағдайын сыныптау өлшемшарттары
Тармақ 6
6. Корпоративтiк конграгенттердiң қаржылық жағдайы төмендегі кестеге сәйкес есептеледi. 1-бағанда көрсетiлген әрбiр көрсеткiш 2-бағаннан есептеу тәртiбiне сәйкес есептеледi және одан әрi оған 3-бағанға сәйкес тиiстi балл беріледi.
4-кесте
Көрсеткiш атауы
Есептеу тәртiбi
Компонент нормативтерi
Тиiстi балл
Салмақтылық коэффициентi
Қорытынды балл
1
2
3
4
5
6
1. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi
Ағымдағы активтер/ Ағымдағы мiндеттемелер
>=80 %
0
2
50-80 %
5
<50 %
10
2. Мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентi
Өтiмдi активтер/ Ағымдағы міндеттемелер
>=65 %
0
2
20-65 %
5
<20 %
10
3. Қаржылық тетік
Қарыз қаражаты/ Меншiктi капитал
<=67 %
0
4
67-233 %
5
>233 %
10
4. Автономия коэффициентi
Қарыз қаражаты/ Активтер
<=40 %
0
4
40-70 %
5
>70 %
10
5. Сатудың рентабельдiлiгi, %
Таза пайда/Түсiм
>=14 %
0
3
7-14 %
5
<7 %
10
6. Меншiктi капиталдың рентабельдiлiгi (RОЕ), %
Таза пайда /Меншiктi капитал
>=12 %
0
3
5-12 %
5
<5 %
10
7. Бiр жыл iшiндегi активтердiң серпіні
(Жыл соңындағы активтер (кезең)/жыл басындағы активтер (кезең) – 100 %
>15 %
0
2
5-15 %
5
<5 %
10
8. Бiр жыл iшiндегi таза пайда серпiнi
(Ағымдағы жыл iшiндегi таза пайда (кезең)/ өткен жыл iшiндегi таза пайда (кезең) – 100 %
>=10 %
0
2
0-10 %
5
<0 %
10
9. Бiр жыл iшiнде операциялық қызметтен түскен ақшаның түсу серпiнi
(Ағымдағы жыл iшiнде операциялық қызметтен түскен ақша түсiмдерiнiң сомасы (кезең)*/ өткен жылғы операциялық қызметтен түскен ақша түсiмдерiнiң сомасы (кезең)*) – 100 %
>=10 %
0
3
0-10 %
5
<0 %
10
Тармақ 7
7. Көрсеткiштердің әрқайсысы бойынша алынған қорытынды балл (6-баған) жинақтап қосылады және алынған нәтиже осы қосымшаның 5-кестесіне сәйкес қаржылық жағдайдың сыныпталуын айқындайды. Егер балл сомасы 130-дан кем болса, контрагент-банктiң жағдайы «Орнықты», 135-тен 175 балға дейiн «Қанағаттанарлық», 180-нен 200 балға дейiн «Орнықсыз», 205-тен астам балл болса «Өте қиын» болып сыныпталады.
5-кесте
Жағдайы
Қорытынды балл
Орнықты
<130
Қанағаттанарлық
135-175
Орнықсыз
180-200
Өте қиын
205-250
____________________________
Басқа 3.3
Провизия (резерв)
құру қағидаларына
3-қосымша
1-кесте
Р/с №
Өлшемшарттар
Сыныптау санаты
Балл
1.
Қаржылық жағдайы
1)
орнықты
0
2)
қанағаттанарлық
+1
3)
орнықсыз
+2
4)
өте қиын
+4
2.
Өтеу мерзiмiнiң кешiктiрiлуі
қарыз (кредит) бойынша
салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар және шартты мiндеттемелер бойынша
дебиторлық берешек бойынша
1)
сыныпталатын актив бойынша төлемдердiң кешiктiрiлмеуі
-1
2)
7-30 күн
7 күнге дейiн
14 күнге дейiн
+1.5
3)
31-60 күн
7 күннен 15 күнге дейiн
14 күннен 30 күнге дейiн
+2.5
4)
61-90 күн
15 күннен 30 күнге дейiн
30 күннен 60 күнге дейiн
+3.5
5)
90 күннен астам
30 күннен астам
60 күннен астам
+4.5
3.
Қамтамасыз ету сапасы
1)
сенiмдi
-3
2)
жақсы
-2
3)
қанағаттанарлық
0
4)
қанағаттанарлықсыз
+1
5)
қамтамасыз етiлмеген
+2
4.
Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингiнің бар-жоғы
1)
«А» және жоғары
-3
2)
Қазақстан Республикасының рейтингінен жоғары – «А»-ға дейiн
-2
3)
Қазақстан Республикасының рейтингі деңгейiнде
-1
4)
Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен және рейтингі жоқ
0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған және Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларында оны жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға берiлген инвестициялық қарыздарды (кредиттердi) сыныптау өлшемшарттары
2-кесте
Р/с №
Өлшемшарттар
Балл
1.
Өтеу мерзiмiнiң кешiктiрiлуі
1)
сыныпталатын актив бойынша төлемдердiң кешiктiрiлмеуі
-1
2)
30-60 күн
+1.5
3)
61-90 күн
+2.5
4)
91-120 күн
+3.5
5)
120 күннен астам
+4.5
Тиiстi сыныптау санаттары үшiн провизиялардың (резервтердiң) қажеттi көлемiнiң пайыздық мәндерiнiң шәкілі
3-кесте
Активтiң (шартты мiндеттеменiң, бiртектес қарыздар (кредиттер) портфелінің) сыныпталу санатын айқындауға арналған балл саны *
Активтiң (шартты мiндеттеменiң, бiртектес қарыздар (кредиттер) портфелінің) сыныпталу санаты
Активтер (шартты мiндеттеменiң, бiртектес қарыздар (кредиттер) портфелінің) бойынша провизияның (негiзгi борыш сомасының %) мөлшерi
1-ге дейiн (қоса алғанда)
Стандартты
Күмәндi:
1-ден 2-ге дейiн (қоса алғанда)
1-санат
5 % – төлем уақтылы және толық төленген болса
2-санат
10 % – төлем кешiктiріліп төленген болса және толық төленбесе
2-ден 3-ке дейiн (қоса алғанда)
3-санат
20 % – төлем уақтылы және толық төленген болса
4-санат
25 % – төлем кешiктiріліп төленген болса және толық төленбесе
3-тен 4-ке дейiн (қоса алғанда)
5-санат
50 % – барлық жағдайда
4-тен 8-ге дейiн (қоса алғанда)
6-санат
75 % – барлық жағдайда
8-ден астам
Үмiтсiз
100 % – барлық жағдайда
Ескертпе:
агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг пен оның еншiлес ұйымдары үшін балл саны әрқашан 0-ге тең.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––