О реализации пилотного проекта в Акмолинской области по внедрению электронной очереди при очном оказании государственной услуги «Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты» Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне:
Тармақша 1
1) пилоттық жобаны жүргізудің іске асырылуын және тұрақты мониторингін;
Тармақша 2
2) пилоттық жобаны іске асыру барысында туындаған проблемалық мәселелер туралы ақпаратты олардың анықталған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қызметтер порталына электрондық кезекті енгізуді;
Тармақша 2
2) пилоттық жобаны техникалық қолдауды, ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін;
Тармақша 3
3) электрондық кезекке жазылу процесінің бейне-нұсқаулығын жасауды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды;
Тармақша 5
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар нормаларын сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті осы бірлескен бұйрықты өзінің мүдделі аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, жасанды интеллект және цифрлық даму, денсаулық сақтау вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және ол күшіне енген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде қолданылады.
Басқа 0. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 5 қарашадағы
№ 136,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2025 жылғы 11 қарашадағы
№ 571/НҚ мен
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 4 қарашадағы
№ 347
бірлескен бұйрығына
қосымша
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі (бұдан әрі — Алгоритм) «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көзбе-көз көрсету шеңберінде (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) Әлеуметтік қызметтер порталы – aleumet.egov.kz арқылы электрондық кезекті қалыптастыру тәртібін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушы – куәландырылатын тұлға немесе оның заңды өкілі;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті беруші – Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті;
Тармақша 4
4) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
Тармақша 5
5) МӘС бөлімі – уәкілетті мемлекеттік органның МӘС жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 6
6) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.
Тармақ 3
3. Электрондық кезек Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Көрсетілетін қызметке алдын ала жазылу негізінде мынадай сағаттарда қалыптастырылады: 09:00, 10:00, 11:00, 12:00, 14:30. Түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті беруші осы бірлескен бұйрықтың күшіне енген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде «МОДБ» ААЖ-ға:
Көрсетілетін қызметке жазылу үшін МӘС бөлімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктерді салыстыру жөніндегі деректерді енгізу;
мамандардың іссапарларын ескере отырып, жыл соңына дейін МӘС бөлімдерінің қабылдау кестесін қалыптастыру міндетті.
Келесі күнтізбелік жылға арналған МӘС бөлімдерінің қабылдау кестелері мамандардың іссапарларын ескере отырып, Көрсетілетін қызметті беруші тарапынан жыл сайын ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін қалыптастырады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушылар:
Тармақша 1
1) Порталдағы электрондық кезек арқылы МӘС-ке жазылады;
Тармақша 2
2) МӘС бөлімдерінде тағайындалған куәландыруларға уақтылы барады.
Тарау 2. 2-тарау. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру тәртібі
2-тарау. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды келіп түскен кезде (бұдан әрі – № 031/е нысан) «МОДБ» ААЖ-да Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушыға мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы куәландырудан өту күні, уақыты және орны туралы «МОДБ» ААЖ арқылы мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне жіберілетін SMS-хабарламалар негізінде тиісті түрде хабардар етілген болып есептеледі.
Тармақ 7
7. SMS-хабарламаны алғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушы № 031/е нысанының қолданылу мерзімі ішінде Порталда авторизацияланады және Көрсетілетін қызметке, оның ішінде қорғаншыға да жазылуға сұрау салуды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті көрсету үшін жазбаға сұрау салу келіп түскен кезде «МОДБ» ААЖ-да:
№ 031/у нысанының қолданылу мерзімі;
тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу;
бос күн мен уақыттың болуы автоматтандырылған режимде тексеріледі.
«МОДБ» ААЖ-да тексерулерден өту кезінде Көрсетілетін қызметті алушыға Порталда демалыс және мереке күндерін, МӘС бөлімдерінің іссапарларын ескере отырып, Көрсетілетін қызметке жазылу үшін бос күндер мен уақыт көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушы Порталда Көрсетілетін қызметке жазылу күні мен уақытын сақтаған кезде «МОДБ» ААЖ-дан осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі, Көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған талонның нөмірі және жазылу күні мен уақыты туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде Порталда көрсетіледі және «МОДБ» ААЖ-да электрондық кезек қалыптасады.
Тармақ 10
10. Электрондық кезектегі Көрсетілетін қызметті алушыларға «МОДБ» ААЖ-мен Көрсетілетін қызметке жазылу күніне дейін күнтізбелік үш күн бұрын осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті алушының Көрсетілетін қызметке жазылудан бас тартуы Порталдағы «жеке кабинетте» жүргізіледі.
Жазбадан бас тартқан жағдайда Көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі.
№ 031/у нысаны бойынша бір мезгілде бірнеше жазылуға жол бермеу мақсатында МӘС-ке электрондық кезекке қайта жазылу Порталдағы алдыңғы жазбаның күшін жойғаннан кейін мүмкін болады.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызмет алушы тағайындалған уақыттан 15 (он бес) минуттан астам кешіккен жағдайда, электрондық кезекке жазылу күшін жояды. Көрсетілетін қызметті алушыға мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жіберіледі.
Қайта жазылу бос күндер мен уақыт болған кезде жол беріледі, не алдын ала жазылу бойынша келген адамдарды қабылдағаннан кейін сол күні жалпы кезек тәртібімен өту мүмкін болады.
Басқа 1. Құрметті аты-жөні!
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету
қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу
және/немесе қажетті әлеуметтік
қорғау шараларын айқындау»
мемлекеттік қызметін көзбе-көз
көрсету кезінде электрондық кезекті
қалыптастыру алгоритміне
1-қосымша
Нысан
Құрметті аты-жөні!
Сіздің медициналық құжаттарыңыз тексеруден өтті, «https://aleumet.egov.kz/.../.../» сілтемесі бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға жазылуды сұраймыз.
Басқа 2. Құрметті аты-жөні!
«Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік
қорғау шараларын айқындау»
мемлекеттік қызметін көзбе-көз
көрсету кезінде электрондық кезекті
қалыптастыру алгоритміне
2-қосымша
Нысан
Құрметті аты-жөні!
Сіз № ___ медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға (күн.ай.жыл.) ___ күні (қала, көше, үй, кабинет) (сағ:мм) уақыты, мекенжайы бойынша жазылдыңыз, талон нөмірі _______.
Жазбаңыздан «https://aleumet.egov.kz/.../.../» сілтемесі бойынша бас тартуға болады.
Басқа 3. Құрметті аты-жөні!
«Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті
әлеуметтік қорғау шараларын
айқындау» мемлекеттік қызметін
көзбе-көз көрсету
кезінде электрондық кезекті
қалыптастыру алгоритміне
3-қосымша
Нысан
Құрметті аты-жөні!
Сіз № __ медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне (күн.ай.жыл.) күні, (сағ:мм) уақыты (қала, көше, үй, кабинет) мекенжайы бойынша куәландыруға жазылудан бас тарттыңыз.
Басқа 4. Құрметті аты-жөні!
«Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау» мемлекеттік
қызметін көзбе-көз көрсету кезінде
электрондық кезекті
қалыптастыру алгоритміне
4-қосымша
Нысан
Құрметті аты-жөні!
Сіздің медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға жазылуыңыз Сіздің белгіленген уақытта келмеуіңізге байланысты жойылды.
Сіз «жеке кабинетте» «https://aleumet.egov.kz/.../.../» сілтемесі бойынша куәландыруға қайта жазылуыңызға болады.