Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 914-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қосымшада көрсетілген ұйымдар, кәсіпорындар басшыларына «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау бойынша жәрдем көрсетуі ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
Балқаш қаласы әкімдігінің
2025 жылғы № 57/17 «7» қараша
қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Ұйымдардың тізімі
1
Аумақты абаттандыру;
Аумақты жинау және тазалау;
Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар
«Балқаш жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2
Аумақты абаттандыру;
Аумақты жинау және тазалау;
Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар
«Балқаш Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
Аумақты абаттандыру;
Аумақты жинау және тазалау;
Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар
«Балқашэнерго» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
4
Аумақты абаттандыру;
Аумақты жинау және тазалау;
Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар
«Балқаш универсал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны