О признании утратившими силу некоторых приказов Генерального Прокурора Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы (бұдан әрі – Академия):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академия ректорына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2025 жылғы 10 қарашадағы № 139 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын қызметтік автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік мекеменің аппаратын орналастыру үшін аумақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14991 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының білім алушыларын мүлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 22 тамыздағы № 100 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17340 болып тіркелген);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдарға арналған жеке тамақтану рационының, азық-түліктің, жабдықтың, асханалық–ас үй мүкәммалының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22486 болып тіркелген).