Об утверждении Правил уплаты акцизов на импортируемые подакцизные товары с территории государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза Қолданыста
Басқа 0
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 12 қарашадағы
№ 693
Бұйрықпен бекітілген
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді, Салық кодексінің 536-бабында айқындалған, акцизделетін тауарларды декларациялайтын тұлғалардың (бұдан әрі-акцизді төлеушілер) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі-ЕАЭО) мүше болып табылмайтын мемлекеттерден шығарылатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Акциздерді төлеу тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Акциздерді төлеу тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 2
2. Егер ЕАЭО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында өзгеше көзделмесе, акциз төлеушілер акцизделетін тауарларды әкелу кезінде «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кедендік төлемдерді төлей отырып, бір мезгілде акцизді төлейді.