Об утверждении Правил ведения реестра семян сельскохозяйственных растений и сельскохозяйственных животных, используемых для производства органической продукции Қолданыста
Басқа 0
Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 354-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Азық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері
тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 11 қарашадағы
№ 423
бұйрығымен бекітілген
Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері
тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 354-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) органикалық өнім – ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды;
Тармақша 2
2) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректердің негізінде алынған, органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақ 3
3. Тізілімді жүргізу органикалық өнім өндірушілер органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ресми расталған ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу тәртібі
2-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) ұсынады.
Ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган күнтізбелік 10 күн ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ақпаратты бергеннен кейін Қазақстан Республикасы бойынша ақпарат жинауды, жинақтап-қорытындылауды және талдауды жүзеге асырады және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізеді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган әр тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей тізілімді уәкілетті органның www.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.
Басқа 1
Органикалық өнім өндіру үшін
пайдаланылатын ауыл шаруашылығы
өсімдіктері тұқымдары мен
ауыл шаруашылығы
жануарларының тізілімін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: нысан № 1-орг
Мерзімділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы____тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Жинау әдісі: электрондық түрде
Тарау 1. 1-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары туралы ақпарат
1-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары туралы ақпарат
Р/с №
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымын өндірушінің атауы, байланыс деректері
(телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмері
Ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы
(латынша атауын қоса алғанда)
Сорттың (гибридтің, желінің) атауы
Өндірушіні аттестаттау туралы куәліктің нөмірі мен күні
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Қызмет түрі (бірегей, элиталық және бірінші, екінші үшінші репродукциядағы тұқымдарды өндіру және өткізу бойынша)
Репродукция
Сынып
Тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжат
Өнімнің салмағы, тонна
Өнімнің мәртебесі
Сортты қолдануға рұқсат етілген аймақ
7
8
9
10
11
12
13
Тарау 2. 2-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпарат
2-тарау. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпарат
Р/с№
Өндірушінің атауы, өндірушінің байланыс деректері
(телефон нөмірі/электрондық поштасының мекенжайы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмері
Өндірушінің нақты орналасқан жері
Ауыл шаруашылығы жануарлары түрінің атауы
Жануардың жеке нөмірі
Ауыл шаруашылығы жануарларының мәртебесі
1
2
3
4
5
6
7
Атауы __________________________________________________
Мекенжайы
_________________________________________________________
Телефоны
_______________________________________________________
Электрондық поштасының
мекенжайы__________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________ ______________________________________
(қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 1.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы
мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының
болуы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индекс: нысан № 1-орг, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған «Органикалық өнім
өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл
шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары
мен ауыл шаруашылығы
жануарларының болуы
туралы ақпарат»
нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы
мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының
болуы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индекс: нысан № 1-орг, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдары) толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. 1-тараудың 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 1-тараудың 2-бағанында ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымын өндірушінің атауы және байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 1-тараудың 3-бағанында өндірушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 1-тараудың 4-бағанында ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы (латынша атауын қоса алғанда) көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 1-тараудың 5-бағанында сорттың (гибридтің, желінің) атауы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 1-тараудың 6-бағанында өндірушіні аттестаттау туралы куәліктің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 1-тараудың 7-бағанында қызмет түрі (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына сәйкес бірегей, элиталық және бірінші, екінші, үшінші репродукциядағы тұқымдарды өндіру және өткізу бойынша) көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 1-тараудың 8-бағанында тұқымдардың репродукциясы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 1-тараудың 9-бағанында тұқымдардың сыныбы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 1-тараудың 10-бағанында тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжат көрсетіледі (ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының аттестаты).
Тармақ 16
16. 1-тараудың 11-бағанында өнімнің салмағы тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 1-тараудың 12-бағанында органикалық өнім өндіру процесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның шешімінің негізінде өнімнің «Өтпелі кезең өнімі (P1 немесе P2)» деген, органикалық өнім өндіру процесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган берген қолданыстағы органикалық өндіріс талаптарына сәйкестікті растайтын сертификат негізінде «органикалық өнім» деген мәртебесі көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 1-тараудың 13-бағанында «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сынақ нәтижелері бойынша сорт рұқсат етілген аймақ, сортты қолдануға рұқсат етілген өңір көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 2-тараудың 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 2-тараудың 2-бағанында өндірушінің атауы және байланыс деректері (телефон нөмірі/электрондық почта мекенжайы) көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 2-тараудың 3-бағанында өндірушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 22
22. 2-тараудың 4-бағанында өндірушінің нақты орналасқан жері көрсетіледі.
Тармақ 23
23. 2-тараудың 5-бағанында ауыл шаруашылығы жануарларының түрі көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 2-тараудың 6-бағанында жануарларды сәйкестендіру үшін жануардың жеке нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 25
25. 2-тараудың 7-бағанында органикалық өнім өндіру процесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның шешімі негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының «Өтпелі кезең жануарлары (P1 немесе P2)» деген, органикалық өнім өндіру процесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган берген қолданыстағы органикалық өндіріс талаптарына сәйкестікті растайтын сертификат негізінде «органикалық жануарлар» деген мәртебесі көрсетіледі.
Басқа 1.2. Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі
Органикалық өнім өндіру үшін
пайдаланылатын ауыл
шаруашылығы өсімдіктері
тұқымдары мен ауыл шаруашылығы
жануарларының тізілімін жүргізу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі
Р/с№
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымын өндірушінің атауы, байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмері
Ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы (латынша атауын қоса алғанда)
Сорттың (гибридтің, желінің) атауы
Өндірушіні атестаттау туралы куәліктің нөмірі мен күні
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Қызмет түрі (бірегей, элиталық және бірінші, екінші үшінші репродукциядағы тұқымдарды өндіру және өткізу бойынша)
Репродукция
Сынып
Тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжат
Өнімнің салмағы, тонна
Өнімнің мәртебесі
Сортты қолдануға рұқсат етілген аймақ
7
8
9
10
11
12
13
Органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі
Р/с№
Өндірушінің атауы, өндірушінің байланыс деректері (телефон нөмірі/электрондық поштасының мекенжайы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмері
Өндірушінің нақты орналасқан жері
Ауыл шаруашылығы жануарлары түрінің атауы
Жануардың жеке нөмірі
Ауыл шаруашылығы жануарларының мәртебесі
1
2
3
4
5
6
7