Об утверждении Правил углубленной допризывной подготовки по специализированным общеобразовательным учебным программам Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Басқа 0. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 11 қарашадағы № 1575 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20 жылғы «___» ______ № ___ бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлығы бар мамандандырылған білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жас сарбаз – әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтың мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша тәрбиеленетін және білім алатын адам;
Тармақша 2
2) мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық (бұдан әрі – ӘШДТД) – білім беру ұйымдары жас сарбаздардың әскери іс негіздерін тереңдетіп меңгеруі, жас сарбаздардың әскери қызмет өткеру үшін қажетті білімін, машықтарын, дағдылары мен қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жүргізетін оқу-тәрбие процесі іс-шараларының жиынтығы.
Тармақ 3
3. Әскери бөлімдер (мекемелер) білім беру ұйымдарына практикалық сабақты өткізуде жәрдем көрсетеді, оқу-жаттығу полигондарын, қару-жарақ пен әскери техника береді, сондай-ақ әскери қызметшілердің жетекшілігімен сабақ өткізеді.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымдарының әскери бөлімдермен (мекемелермен) өзара іс-қимылы бірлескен іс-шараларды өткізу тәртібін айқындайтын меморандум негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. ӘШДТД сабағын өткізуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттамалары) сәйкес педагогтер тартылады.
Тармақ 6
6. Оқыту кезеңдері: 7 – 11-сыныптар – 5 жыл, 8 – 11-сыныптар – 4 жыл, 9 – 11-сыныптар – 3 жыл, 10 – 11-сыныптар – 2 жыл. Оқыту кезеңін таңдауды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша білім беру ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Сабақ 8-10 жас сарбаздан тұратын 2-3 бөлімшеден құралған оқу взводтары құрамында өткізіледі. Оқу ротасы 2-4 взводтан тұрады.
Тармақ 8
8. Тәрбиеші оқу ротасының, взводының командирлері Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 9
9. Бөлімше командирлері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен тәрбиеші оқу взводы командирінің және оқу ротасы командирінің ұсынымы бойынша жас сарбаздар қатарынан тағайындалады.
Тармақ 10
10. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік, еңбекті қорғау талаптарының және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Жас сарбаздардың күн тәртібін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік күн тәртібіне сәйкес оқу жылы басталғанға дейін 10 күн бұрын білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Тармақ 12
12. Оқыту мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады, жеке пәндер білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша басқа тілдерде оқытылады.
Тармақ 13
13. Жас сарбаздар үшін киім нысаны мен шевроны осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
Тармақ 14
14. Білім беру ұйымдарында қосымша білім беру шеңберінде әскери-қолданбалы спорт түрлері, жауынгерлік өнер, робот-техника, киберспорт секциялары және басқа да үйірмелер (әскери-тарихи, музыкалық, көркемөнерпаздық және т.б.) құрылады.
Тармақ 15
15. Білім беру ұйымдарында жыл сайын жас сарбаздар үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидаларына сәйкес дене шынықтыру дайындығы нормативтерін тапсыру ұйымдастырылады және жүргізіледі. Президенттік тестілерді тапсыру нәтижесі бойынша нормативтерді орындаған жас сарбаздарға дене шынықтыру дайындығының (дәреже бойынша) сертификаты беріледі.
Тармақ 16
16. ӘШДТД-ны толық көлемде меңгерген және бітіру емтиханын сәтті тапсырған жас сарбаздарға «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38, 39-баптарына сәйкес жеңілдіктер беріледі.
Тармақ 17
17. Білім беру ұйымының басшысы салтанатты жағдайда өткен бағдарлама бойынша пәндер, баға мен сағат саны көрсетілген ӘШДТД-дан өткені туралы сертификат береді.
Тармақ 18
18. ӘШДТД-ның аяқталуына арналған салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) өкілдері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК), ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ардагерлері, жас сарбаздардың ата-аналары (заңды өкілдері) тартылады.
Тармақ 19
19. Білім беру ұйымдарында оқуда, дене шынықтыру дайындығында ерекше көзге түскен жас сарбаздардың, жарыс пен олимпиада жүлдегерлерінің фотосуреттері бар құрмет тақтасы орнатылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүргізу тәртібі
3-тарау. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүргізу тәртібі
Тармақ 20
20. ӘШДТД осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Оқу-далалық сабақ (бұдан әрі – ОДС) оқу жылы аяқталғаннан кейін 9 және 10-сыныптарда меморандум жасалған әскери бөлімдердің (мекемелердің) оқу базасын пайдаланып өткізіледі.
Тармақ 22
22. ОДС кемінде 30 оқу сағаты көлемінде білім беру ұйымының басшысы бекітетін бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес өткізіледі.
Тармақ 23
23. ОДС:
Тармақша 1
1) лагерьлік жиынды өрістетуді (шатыр мен жағдай болғанда – шатырлы қалашық);
Тармақша 2
2) тактикалық кедергілер жолағынан өтуді;
Тармақша 3
3) әскери-қолданбалы бағыттағы нормативтерді, жекпе-жек күрес элементтерін орындауды;
Тармақша 4
4) саптық даярлық және бөлімшелердің жүріп тұруы бойынша нормативтерді орындауды;
Тармақша 5
5) сақшы міндеттерін орындау бойынша практикалық іс-қимылды;
Тармақша 6
6) пневматикалық қарудан немесе лазерлік тирде оқ атуды;
Тармақша 7
7) Калашников автоматының макетін жинауды-бөлшектеуді;
Тармақша 8
8) алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді және шартты түрде жараланған адамды жеткізуді;
Тармақша 9
9) жеке радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын іс жүзінде қолдануды;
Тармақша 10
10) қашықтыққа марш жасауды (жағдай болғанда);
Тармақша 11
11) оқ ату, тактикалық, саптық, дене шынықтыру және әскери-медициналық даярлық бойынша байқау және қорытынды сынақты қамтиды.
Тармақ 24
24. Әскери бөлімдер базасындағы ОДС жас сарбаздардың шатырлы лагерьде немесе казармада тұрумен әскери бөлімнің жабық аумағында болуын болжайды. Лагерьлік жиынның ұзақтығы – кемінде 5 күн.
Тармақ 25
25. ОДС кезінде жеке құрамның болуын тексеруді, таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуын, сабақ пен сынақтарды, қорытынды шығаруды, әскери-патриоттық іс-шараларды ескеріп, күн тәртібі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 26
26. ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері базасында ОДС өткізілген кезде бөлім командирлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларының талаптарына сәйкес № 1 «Жалпыәскери үлес» нормасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бөлген қаражат есебінен білім алушыларды үш реттік тамақтандыруды ұйымдастырады.
Тармақ 27
27. ОДС теориялық білімді іс жүзінде бекіту және тұрақты қолданбалы дағдыларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Тармақ 28
28. Білім беру ұйымы әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі жіберетін жас сарбаздарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын ескеріп, тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарын (бұдан әрі – ТӘПЖ жоспары) әзірлейді. ТӘПЖ жоспарын оқу басталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Тармақ 29
29. ТӘПЖ жоспарына мынадай бөлімдер енгізіледі:
Тармақша 1
1) әскери-патриоттық жұмыс;
Тармақша 2
2) ақпараттық-тәрбие жұмысы;
Тармақша 3
3) көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу;
Тармақша 4
4) идеологиялық жұмыс;
Тармақша 5
5) мәдени-демалыс жұмысы;
Тармақша 6
6) психологиялық жұмыс;
Тармақша 7
7) имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс.
Тармақ 30
30. Көрнекі үгіт-насихат құралдары жас сарбаздардың армия мен қоғам үшін қажетті білімі мен дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ патриотизмге, азаматтыққа және әскери қызметке құрмет көрсетуге тәрбиелеуге бағытталған плакаттарды, стенділерді, бейнематериалдар мен басқа да құралдарды қамтиды.
Тармақ 31
31. Білім беру ұйымының көрнекі үгіт-насихат құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жабдықталады.
Тармақ 32
32. Оқу материалдық база құрамына оқу сыныптары, кабинеттер мен мамандандырылған үй-жайлар (алаңдар) кіреді:
Тармақша 1
1) әскери іс негіздерін, тактиканы, топографияны, байланысты, РХБҚ-ны зерделеу, дрон операторының дағдыларын меңгеру үшін қажетті әскери даярлық бойынша интерактивті сабақ жинағы бар оқу құралдарымен, плакаттармен, схемалармен, қару мен әскери техника макеттерімен, дрондармен, үш өлшемді симуляторлармен жабдықталған әскерге шақыруға дейінгі даярлық кабинеті;
Тармақша 2
2) саптық тәсілдерді пысықтау үшін айнамен, саптық командаларды орындау қағидалары жазылған плакаттармен жарақтандырылған саптық даярлық кабинеті (алаңы) немесе саптық плац;
Тармақша 3
3) спорттық жабдық пен құрал-жабдықты (гимнастикалық снаряд, белтемір, арқан, гантель, штанга, спорттық мат, нысана) қамтитын дене шынықтыру дайындығымен айналысу, өзін-өзі қорғау тәсілдерін пысықтау, кедергіден өту үшін арналған спорт залы/алаңы;
Тармақша 4
4) әртүрлі кедергіден өту дағдыларын пысықтау, дене төзімділігі мен психологиялық тұрақтылықты дамыту үшін арналған кедергілер жолағы;
Тармақша 5
5) нысаналармен, қорғаныш керек-жарақпен, қарумен, оқ ату нәтижесін бақылау құралдарымен жабдықталған, пневматикалық қарудан ату негіздеріне үйрету және дәл көздеп ату дағдыларын пысықтау үшін арналған тир (электрондық/пневматикалық);
Тармақша 6
6) алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін пысықтау үшін оқу құралдарымен, манекендермен, медициналық құрал-жабдықпен және шығыс материалдарымен жарақтандырылған медициналық даярлық кабинеті (бар болса);
Тармақша 7
7) компьютерлік техникамен, әскери даярлық бойынша интерактивті сабақ жинағы бар үш өлшемді симуляторлармен, мультимедиялық жабдықпен және информатика, әскери байланыс және дронды басқару негіздерін зерделеу үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған ақпараттық технологиялар кабинеті (бар болса).
Тармақ 33
33. Оқу материалдық базаның құрамына мынадай қару-жарақ пен әскери техника (макеттер/оқу үлгілері) кіреді:
Тармақша 1
1) автомат, пистолет, граната макеттері;
Тармақша 2
2) инженерлік оқ-дәрілердің оқу үлгілері (мина, снаряд);
Тармақша 3
3) әртүрлі мақсаттағы дрондардың оқу үлгілері;
Тармақша 4
4) радиациялық-химиялық және биологиялық қорғаудың оқу құралдары (газтұмша, жалпыәскери қорғаныш жиынтық);
Тармақша 5
5) байланыс құралдарының оқу үлгілері (радиостанция);
Тармақша 6
6) бақылау аспаптарының оқу үлгілері (дүрбі).
Тармақ 34
34. Оқу материалдық базаның құрамына мынадай оқу-әдістемелік материалдар кіреді:
Тармақша 1
1) барлық ӘШДТД пәні бойынша оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік әзірлемелер, тестілер, тапсырмалар, сұрақтар;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік бойынша плакаттар, схемалар, кестелер, нұсқаулықтар;
Тармақша 3
3) бейнематериалдар, презентация, интерактивті оқу бағдарламалары, әскери даярлық бойынша интерактивті сабақ жинағы бар үш өлшемді симуляторлар;
Тармақша 4
4) ҚР ҚК нормативтік құжаттары, жарғылары.
Тармақ 35
35. ӘШДТД-дан өту үшін ұсынылған инфрақұрылым:
Тармақша 1
1) жас сарбаздар үшін жатақхана бір оқу ротасына есебінен мынадай үй-жайларды көздейді: жатын үй-жайлар; ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі; психологиялық жеңілдеу кабинеті; тәрбиешілер кабинеті; қару макеттерін сақтау бөлмесі; тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі; оқу ротасының мүлкі мен жеке заттарын сақтайтын қойма; киім-кешек пен аяқ киімді кептіретін бөлме; душ кабинасы бар жуыну бөлмесі; дәретханалар;
Тармақша 2
2) тамақтанатын асхана;
Тармақша 3
3) акт залы;
Тармақша 4
4) оқу (компьютерлік) сыныптар мен пәндік кабинеттер;
Тармақша 5
5) интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған оқу залдары бар кітапхана;
Тармақша 6
6) медициналық пункт;
Тармақша 7
7) тренажерлық жабдығы бар спорт алаңы;
Тармақша 8
8) кедергілер жолағы.
Тармақ 36
36. Тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі киім-кешекті үтіктейтін үстелдермен, орындықтармен (табуреттермен), үтіктің қажетті санымен, әскери киім нысанын киіп жүру қағидалары жазылған плакаттармен, айналармен және құрал-жабдықпен жабдықталады.
Басқа 1. Үлгілік күн тәртібі
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларына 1-қосымша Үлгілік күн тәртібі Р/с № Іс-шара атауы Уақыт (сағат, мин.) Ұзақтығы (мин.) 1 Ояну, таңертеңгі жуыну 6.30 – 6.40 10 2 Таңертеңгілік жаттығу 6.40 – 7.10 30 3 Төсекті жинау, жуыну 7.10 – 7.40 30 4 Сыртқы келбетін тексеру (таңертеңгі қарап-тексеру) 7.40 – 8.00 20 5 Таңғы ас 8.00 – 8.20 20 6 Сабаққа дайындалу (тарату) 8.30 – 8.50 20 Оқу сабақтары: 7 6 сағат 09.00 – 14.15 10 мин үзіліспен 45 мин. 8 Түскі ас 14.30 – 15.00 30 9 Жеке уақыт, медициналық пунктке бару 15.10 – 15.40 30 10 Сабаққа дайындалу (тарату) 15.45 – 15.55 10 Оқу сабақтары: 11 3 сағат 16.00 – 18.20 10 мин үзіліспен 45 мин. 12 Тәрбие жұмысы (спорттық-бұқаралық жұмыс) 18.30 – 19.50 80 мин. 13 Кешкі асқа дайындық 19.50 – 20.00 10 14 Кешкі ас 20.00 – 20.20 20 15 Жеке уақыт 20.25 – 21.00 35 16 Телебағдарламалар көру 21.00 – 21.30 30 17 Кешкі тексеру 21.35 – 21.45 10 18 Кешкі жуыну, ұйқыға дайындалу 21.45 – 21.55 10 19 Ұйқыға жату 22.00
Басқа 2. Жас сарбаздардың киім нысанының жалпы түрі
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларына 2-қосымша Жас сарбаздардың киім нысанының жалпы түрі Жас сарбаздар әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық бойынша теориялық сабақтар өткізілетін кезде далалық немесе күнделікті нысанға сәйкес келетін киім нысанын киеді (білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша). Практикалық және оқу-далалық сабақта киім нысаны – далалық. Салтанатты және әскери-патриоттық іс-шараларда киім нысаны – күнделікті, қара түсті классикалық аяқ киім. Күнделікті киім нысанын (китель немесе күртеше, берет немесе кепка) таңдауды білім беру ұйымының басшысы айқындайды. сол жағында оң жағында сол жағында оң жағында оң жағында сол жағында
Басқа 3. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтың білім беретін бағдарламасы
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларына 3-қосымша Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтың білім беретін бағдарламасы
Тармақ 1
1. Бағдарлама мақсаты – жас сарбаздың бойында әскери даярлық негіздерін, патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті, Қазақстан Республикасын қорғауға дайын болуды қалыптастыру, сондай-ақ әскери қызметті табысты өткеру үшін қажетті базалық білім алу, машықтар мен дағдыларды меңгеру.
Тармақ 2
2. Жас сарбаздар санаты: 7 – 11-сыныптар.
Тармақ 3
3. Бағдарламаның ұзақтығы: Жалпы ұзақтығы: 476 сағат. Оқу жылдары бойынша бөлу: 7-сынып – 102 сағат, 8-сынып – 102 сағат, 9-сынып – 102 сағат, оның ішінде 30 сағат – оқу-далалық сабақ, 10-сынып – 102 сағат, оның ішінде 30 сағат – оқу-далалық сабақ, 11-сынып – 68 сағат. Оқу нысаны: күндізгі. Сабақ режимі: 7 – 10-сыныптар – аптасына 3 сағат, 11-сынып – аптасына 2 сағат. Сабақ ұзақтығы – 45 минут (академиялық сағат).
Тармақ 4
4. Әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасының құрылымы мынадай бағыттар бойынша теориялық және практикалық сабақты қамтиды: тактикалық даярлық негіздері; оқ ату даярлығы; жаппай қырып-жоятын қару және одан қорғану; әскери топография; саптық даярлық; жалпыәскери жарғылар; әскери іс және әскери қызмет негіздері; жалпы дене шынықтыру дайындығы; тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері; медициналық білім негіздері; ПҰА-ны ұрыста қолдану негіздері; әскери тарих негіздері; әскери-патриоттық жұмыс.
Тармақ 5
5. Теориялық және практикалық сабаққа бөлінген жалпы білім беретін бағдарлама мазмұнының шартты белгілері: Т – теориялық сабақ; П – практикалық сабақ.
Тармақ 6
6. Әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтың мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасы: Бөлім Сабақ түрі Сағат саны Сабақ тақырыбы 1-ші оқу жылы (7-сынып) – 102 сағат Әскери іс және әскери қызмет негіздері (18 сағат) Т 6 сағат ҚР ҚК: құрамы, құрылымы, міндеттері. Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдардары: құрамы, құрылымы, міндеттері Т 6 сағат Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеті Т 6 сағат Әскери атақ. Айырым белгілері Саптық даярлық негіздері (18 сағат) Т 6 сағат Саптық даярлықтағы негізгі ұғымдар Т 6 сағат Командирлердің және әскери қызметшілердің сапқа тұрғызу алдындағы және саптағы міндеттері Т 6 сағат Саптық қалып, орнында және қозғалуда саптық даярлықтың жеке тәсілдері Жалпы дене шынықтыру дайындығы (18 сағат) Т 6 сағат Әскери қызметшілердің салауатты өмір салты негіздері П 12 сағат Шымырлықты, икемділік пен төзімділікті дамыту жаттығуы (қолды тіреп көтерілу, тартылу, отырып-тұру, жүгіру) Тіршілік әрекет қауіпсіздігі негіздері (12 сағат) Т 6 сағат Күнделікті өмірдегі қауіпсіздік Т 6 сағат Өрт, жер сілкінісі, су тасқыны болған кезде әрекет ету Т 6 сағат Медициналық білім негіздері Т 6 сағат Бірінші медициналық көмек негіздері Жалпыәскери жарғылар (12 сағат) Т 3 сағат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы Т 3 сағат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы Т 3 сағат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы Т 3 сағат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы Әскери тарих негіздері (12 сағат) Т 6 сағат Қазақстанның ежелгі көшпенділерінің әскери ісі (б.д. VII ғ. — б.д. VII ғ.) Т 6 сағат Орта ғасырдағы Қазақстан халықтарының соғыстары және әскери ұйымы (VI—XIV ғ.) Әскери-патриоттық тәрбие (6 сағат) Т 6 сағат Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери дәстүр мен жоралғы 2-ші оқу жылы (8-сынып) – 102 сағат Әскери іс және әскери қызмет негіздері (18 сағат) Т 6 сағат Қарулы жанжалдың негізгі түрлері Т 6 сағат Тактика негіздері Т 6 сағат Қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника түрлері Саптық даярлық негіздері (18 сағат) Т 6 сағат Сап және оны басқару П 6 сағат Саптан шығу және сапқа қайта тұру. Бастыққа келу және одан кету П 6 сағат Әскери сәлемдесуді және саптық тәсілдерді бөлімше құрамында қозғалыста орындау Жалпы дене шынықтыру дайындығы (18 сағат) Т 6 сағат Организмді шынықтыру қағидалары П 12 сағат Шымырлықты, икемділік пен төзімділікті дамыту жаттығуы (қолды тіреп көтерілу, тартылу, отырып-тұру, жүгіру) Тіршілік әрекет қауіпсіздігі негіздері (12 сағат) Т 2 сағат Жеке қорғану құралдары П 2 сағат Жеке қорғану құралдарын (газтұмшаны) іс жүзінде қолдану Медициналық білім негіздері (6 сағат) Т 6 сағат Жарақаттану, қан кету, сыну кезінде алғашқы көмек көрсету Жалпыәскери жарғылар (12 сағат) Т 6 сағат Әскери бөлімдегі ішкі тәртіп (6 сағат) Т 6 сағат Тәуліктік наряд құрамы және оның негізгі міндеттері Әскери тарих негіздері (12 сағат) Т 6 сағат Қазақ халқының ұлт-азаттық күрестің әскери ұйымы (XVIII – XIX ғ.). Көтерілісшілердің әскери өнері және олардың көшбасшылары Т 6 сағат Алғашты қазақ офицерлері мен генералдары (XVIII – XX ғ. басы) Әскери-патриоттық тәрбие (6 сағат) Т 6 сағат Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні және ҰОС-дағы Жеңіс күні мерекелерінің маңызы 3-ші оқу жылы (9-сынып) – 102 сағат Оқ ату негіздері (12 сағат) Т 3 сағат Қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік шаралары Т 3 сағат Калашников автоматының және Макаров пистолетінің тактикалық-техникалық сипаттамасы. Калашников автоматының және Макаров пистолетінің құрылымы П 6 сағат Калашников автоматын бөлшектеу және жинау (норматив) ПҰА-ны ұрыста қолдану негіздері (6 сағат) Т 3 сағат Пилотсыз авиацияның даму тарихы Т 3 сағат ПҰА-ның құрылымы мен жіктемесі Саптық даярлық негіздері (18 сағат) Т 6 сағат Қарумен орнында және қозғалыста әскери сәлемдесу және саптық тәсілдерді П 6 сағат Қарумен орнында және қозғалыста әскери сәлемдесу және саптық тәсілдерді орындау П 6 сағат Бөлімше құрамында қарумен қозғалыста әскери сәлемдесу және саптық тәсілдерді орындау Жалпы дене шынықтыру дайындығы (18 сағат) Т 6 сағат Әскери қызметшілер үшін әскери-қолданбалы спорт түрлерінің маңызы П 6 сағат Жүгіру, тартылу, қолды тіреп көтерілу, кедергілерден өту дағдысын жетілдіру Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша арнайы жаттығулар (6 сағат) П 6 сағат Әскери-қолданбалы спорттың арнайы жаттығулары Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау негіздері (12 сағат) Т 3 сағат Ядролық, химиялық және биологиялық қарудың зақымдау факторы (қысқаша шолу) Т 3 сағат Әскери қызметшілердің жеке қорғану құралдары П 6 сағат Газтұмшаны және жалпыәскери қорғаныс жиынтығын уақытқа кию (норматив) Медициналық білім негіздері (6 сағат) Т 3 сағат Жарақаттану, улану, күйіп қалу, үсіп қалу, суға бату, ток соққан кездегі алғашқы көмек П 3 сағат Әртүрлі жарақат және зақымдану түрі кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдерін пысықтау Жалпыәскери жарғылар (15 сағат) Т 5 сағат Әскери қызметшілер мен олардың арасындағы қарым-қатынас Т 5 сағат Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі. Әскери қызметшілердің құқықтары Т 5 сағат Әскери қызмет қауіпсіздігі Топографиялық даярлық (12 сағат) Т 6 сағат Әскери топография. Топографиялық және арнайы карталар Т 6 сағат Топографиялық шартты белгілер түрлері мен олардың сипаттамасы Әскери тарих негіздері (6 сағат) Т 3 сағат ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әскери іс Т 3 сағат 1920 – 1940 жылдардағы әскери жанжалдағы қазақстандықтар Әскери-патриоттық тәрбие (6 сағат) Т 3 сағат Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Т 3 сағат Отан батырлары – өткені мен бүгіні 4-ші оқу жылы (10-сынып) – 102 сағат Тактикалық даярлық негіздері (10 сағат) Т 2 сағат Сарбаздың ұрыстағы әрекеті (қысқаша шолу) Т 2 сағат Ұлыс алаңында қозғалу Т 2 сағат Тактика және оның қазіргі заманғы ұрыстағы маңызы Т 2 сағат Негізгі тактикалық бөлімшелер (бөлімше, взвод) Т 2 сағат Негізгі тактикалық бөлімшелер (ротa, батальон) Оқ ату даярлығының негіздері (14 сағат) Т 4 сағат Қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары Т 1 сағат Калашников автоматының және Макаров пистолетінің тактикалық-техникалық сипаттамасы П 4 сағат Калашников автоматын бөлшектеу және жинау (норматив) П 6 сағат Тирде пневматикалық қарудан іс жүзінде оқ ату (норматив) ПҰА-ны ұрыста қолдану негіздері (6 сағат) Т 3 сағат ПҰА-ны басқару қағидаттары Т 3 сағат ПҰА-ны барлау үшін қолдану негіздері Саптық даярлық негіздері (6 сағат) П 3 сағат Қарумен орнында және қозғалыста әскери сәлемдесу және саптық тәсілдер П 3 сағат Қарумен орнында және қозғалыста әскери сәлемдесу және саптық тәсілдер орындау Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау негіздері (8 сағат) Т 4 сағат Ядролық, химиялық және биологиялық қарудың зақымдау факторы (қысқаша шолу) П 4 сағат Газтұмшаның құрылымы және уақытқа кию (норматив) Жалпыәскери жарғылар (6 сағат) Т 2 сағат Әскери қызметшілер мен олардың арасындағы қарым-қатынас, бастықтар мен бағыныстылар, үлкендер мен кішілер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдеп және өзін-өзі ұстау қағидалары, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және үлкендерге тілдесу Т 2 сағат Әскери тәртіп, оның мәні мен маңызы, әскери қызметшілердің тәртіпті сақтау бойынша міндеттері, командир бұйрығы — бағыныстылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын көтермелеу, сарбаздарға қолданылатын тәртіптік жаза Т 2 сағат Т/н ротаның тағайындалуы, құрамы мен қару-жарағы, рота бойынша күндізгі нарядтың міндеттері, кезекші күндізгі нарядтың әтүрлі жағдайдағы әрекеті (ротаға тікелей бастықтардың келуі, «жиын», «дабыл» сигналының түсуі, өрт болғанда, телефон арқылы баяндау тәртібі, басқа ротаның әскери қызметшісі ротаға келгендегі әрекеті, ротадан мүлікті шығару кездегі әрекет), еркін ауысымдағы күндізгі наряд міндеттері Жалпы дене шынықтыру дайындығы (8 сағат) Т 2 сағат Әскери қызметші үшін әскери-қолданбалы спорттың маңызы П 3 сағат Шымырлықты, икемділік пен төзімділікті дамыту жаттығуы (қолмен тіреп көтерілу, тартылу, отырып-тұру, жүгіру) П 3 сағат Әскери қызметшілер үшін арнайы жаттығу (кедергі жолағынан өту – элементтер) Топографиялық даярлық (6 сағат) Т 2 сағат Жергілікті жерде картасыз бағдарлану Т 2 сағат Карта және құбылнама бойынша бағдарлану Т 2 сағат Азимут және оны пайдалану тәсілдері Әскери тарих негіздері (4 сағат) Т 2 сағат Қазақстанның Ұлы Отан соғысы (1941 – 1945 ж.) майдандарындағы әскери құралымдар Т 2 сағат Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы әскери құрылыс (1946 – 1991 ж.) Әскери-патриоттық тәрбие (4 сағат) Т 2 сағат ҚР ҚК әскери қызметшісінің моральдық бейнесі мен әдеп кодексі Т 2 сағат «Отанды қорғау – қасиетті мамандық!» Әскери-далалық жиын (30 сағат) П 30 сағат Әскери-далалық жиын Тактикалық даярлық негіздері (8 сағат) П 2 сағат Бөлімшенің жауынгерлік және жорықтық реттілігі, бөлімшенің жауынгерлік іс-қимылын қамтамасыз ету, сарбаздың ұрыстағы міндеттері П 2 сағат Қарсыласпен жанаспайтын қорғаныста оқ ату бекінісін (оқ ату үшін жерді) таңдауды және орналасуды пысықтау, жатқан күйде оқ ату үшін жертаса жабдықтау, және бүркемелеу. Жергілікті жерді қарап шығуды және бүркемелеуді ашатын белгілер бойынша әртүрлі нысананы анықтауды пысықтау, қадағалау нәтижесі туралы баяндау тәртібі П 2 сағат Жатқан күйде, тізерлеген күйде оқ ату үшін жеке жертасалар аралығы және бүркемелеу П 2 сағат Ұрыс алаңында қозғалуды пысықтау Оқ ату даярлығы негіздері (8 сағат) П 2 сағат Калашников автоматынан оқ атуға дайындалуға жаттығу, оқжатарды патрондармен жарақтау және оны сөмкеге салу, жатқан күйде тіреліп оқ атуға дайындалу (оқ ату үшін ыңғайлану және автоматты оқтау), оқ ату, көздегішті және ауыстырғышты орнату, ***, көздеу, шүріппені басу және оқ ату кезінде автоматты ұстау), оқ атуды тоқтату, оқ атқаннан кейін автоматтың оғын алу және қарап шығу П 2 сағат Граната лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары, гранатаны лақтыруға дайындау П 2 сағат Жарықшақты қол гранатасын қашыққа және дәл лақтыру П 2 сағат Автоматты жартылай бөлшектеу және жартылай бөлшектегеннен кейін жинау, қаруды және патрондарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау негіздері (8 сағат) П 4 сағат Газтұмшаның құрылымы және уақытқа кию (норматив) П 4 сағат Газтұмшаны және жалпыәскери қорғаныс жиынтығын уақытқа кию (норматив) Топографиялық даярлық (6 сағат) П 2 сағат Құбылнама, аспан белгілері және жергілікті заттар бойынша көкжиекті айқындау, өзінің тұрған жері туралы баяндау. Магниттік азимутты айқындау, көкжиек жағын және жергілікті заттарға бағыттауды (азимутты) айқындауға жаттығу П 2 сағат Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. Азимут бойынша қозғалу П 2 сағат Топографиялық карта туралы түсінік. Карта бойынша қашықтықты өлшеу 5-ші оқу жылы (11-сынып) – 68 сағат Тактикалық даярлық негіздері (12 сағат) Т 2 сағат Ұрыстағы әскери бөлімше Т 2 сағат Әртүрлі ұрыс түрлерінде әрекет ету тактикасы Т 2 сағат Әртүрлі жағдайда ұрыс жүргізу тактикасы Т 2 сағат Ұрыстағы басқару және өзара іс-қимыл негіздері Т 2 сағат Жауынгерлік іс-қимылдарды қамтамасыз ету түрлері П 2 сағат Ұрыс даласында қозғалуды пысықтау Оқ ату даярлығы негіздері (12 сағат) Т 2 сағат Қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары Т 2 сағат Оқ ату тәсілдері мен қағидалары П 2 сағат АК-74М бөлшектеу және құрастыру (норматив) П 6 сағат Тирде пневматикалық қарудан іс жүзінде оқ ату (норматив) ПҰА-ны ұрыста қолдану негіздері (4 сағат) Т 2 сағат Қазіргі әлемде ПҰА-ны қолдану Т 2 сағат Жауынгерлік іс-қимылдарда ПҰА-ны қолдану Саптық даярлық негіздері (6 сағат) П 3 сағат Әскери сәлемдесу және қарусыз саптық тәсілдер П 3 сағат Орнында және қозғалыста қарумен әскери сәлемдесу мен саптық тәсілдерді орындау Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау негіздері (8 сағат) Т 3 сағат РХБ сипаттағы қазіргі заманғы сын-қатер П 5 сағат Газтұмша мен жалпыәскери қорғаныш жиынтықты уақытқа кию (норматив) Жалпыәскери жарғылар (6 сағат) Т 2 сағат Бөлімше командирінің әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысы Т 2 сағат Бөлімше командирінің жеке құрамның күн тәртібін орындауын ұйымдастыру және ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысы Т 2 сағат Әскери қызметшілердің құқықтары мен жауапкершілігі Жалпы дене шынықтыру дайындығы (6 сағат) Т 2 сағат Әскери қызметші үшін жекпе-жек ұрыстың маңызы П 4 сағат Күшті, ептілік пен төзімділікті дамытатын жаттығулар (қолмен тіреліп көтерілу, тартылу, отыру, жүгіру) Топографиялық даярлық (6 сағат) Т 2 сағат Топографиялық картадағы шартты белгілер Т 2 сағат Картадағы нүктенің координаталарын айқындау Т 2 сағат Жергілікті жерде іс жүзінде бағдарлану Әскери тарих негіздері (4 сағат) Т 2 сағат Тәуелсіз Қазақстан армиясы Т 2 сағат Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери ұйымының негізі Әскери-патриоттық тәрбие (4 сағат) Т 2 сағат Жоғары әскери оқу орындары: оқуға түсу және перспективалар Т 2 сағат Ұлттық бірлік пен ұлтаралық келісім – өркендеген Қазақстанның және мықты армияның негізі 7. Жоспарланған оқу нәтижесі. Әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық бағдарламасын меңгеру нәтижесінде жас сарбаз:
Тармақша 1
1) әскери міндет пен құқықтық жағдай негіздерін: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мақсаттарын, міндеттері мен құрылымын, ҚР Конституциясының және заңдарының, әскери қызметке қойылатын талаптарын, сондай-ақ әскери қызметшінің құқықтары мен міндеттерін;
Тармақша 2
2) жалпыәскери жарғыларды: жалпыәскери жарғылар (Тәртіптік, Ішкі қызмет, Саптық) негізгі ережелерінің мазмұнын, бұйрық беру мен орындау тәртібін, әскери сәлемдесу мен өзін ұстау қағидаларын;
Тармақша 3
3) әрекет ету тактикасын: қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыс негіздерін, әскери қызметшінің қорғаныста және шабуылда, бөлімше құрамында және жеке әрекет ету қағидаттарын;
Тармақша 4
4) қарудың материалдық бөлігін: бекітіліп берілген қарудың (автомат, пистолет, қол гранатасы) арналуын, құрылымын, жұмыс істеу қағидатын, пайдалану және сақтау қағидаларын;
Тармақша 5
5) қауіпсіздік негіздерін: қарумен, оқ-дәрілермен, имитациялау құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қағидаларын;
Тармақша 6
6) топография мен бағдарлауды: жергілікті жерде бағдарлану тәсілдерін (карта, құбылнама, жергілікті заттар бойынша), нысана көрсету мен топографиялық белгілерді оқу тәртібін;
Тармақша 7
7) әскери тарихты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, дәстүрлері мен әскери нышандарын, отан қорғаушылардың ерлігін білуге тиіс. Жас сарбаз мыналарды білуге тиіс:
Тармақша 1
1) сапта әрекет етуге: Саптық жарғының талаптарына сәйкес саптық тәсілдерді орнында және қозғалыста нақты орындауға, командаларды орындауға, баянат беруге және әскери сәлемдесуге;
Тармақша 2
2) оқ ату міндеттерін орындауға: автоматты ішінара бөлшектеу мен жинауға, оны ұрысқа дайындауға, көздеп әртүрлі қалыптан тиімді оқ атуға, оқ атудағы кідірісті болдырмауға;
Тармақша 3
3) жеке ұрыс жүргізуге: оқ ату орнын тез әрі дұрыс таңдауға, бүркемеленуге, жергілікті жердің ойлы-қырлы жерін пайдалануға, қысқа қашықтыққа жүгіруге және еңбектеп өтуге, сондай-ақ қадағалауға;
Тармақша 4
4) дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге: жараланған адамның жағдайын жедел бағалауға, қан тоқтатуға, сүйек сынуын иммобилизациялауға және далалық жағдайда басқа да жарақат кезінде шұғыл көмек көрсетуге;
Тармақша 5
5) қорғану құралдарын пайдалануға: норматив бойынша газтұмшаны және жалпыәскери қорғаныш жиынтықты дұрыс киюге, залалданған жағдайда әрекет етуге;
Тармақша 6
6) техникамен жұмыс істеуге: құбылнаманы пайдалануға, азимут бойынша қозғалу кезінде қарапайым есеп жүргізуге, сондай-ақ қазіргі заманғы байланыс және қадағалау құралдарын қолдануға (мысалы, ПҰА-мен жұмыс істеу негіздері);
Тармақша 7
7) дене шынықтыру нормативтерін орындауға: кедергіден жылдам өтуге, жүгіру, граната лақтыру және басқа да әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша нормативтерді орындауға. Жас сарбаз мыналарды меңгеруге тиіс:
Тармақша 1
1) қаруды дәл қолдану дағдыларын: атыс қаруын толық және ішінара бөлшектеуге жинауға, оқ атудағы кідірісті болдырмауға, барлық қауіпсіздік шарасын сақтап көздеуге және әртүрлі қалыптан тиімді оқ атуға;
Тармақша 2
2) бүркемелену және фортификациялау дағдыларын: жасырын жүріп тұру үшін табиғи және жасанды тасаны пайдалануға, жатып оқ ату үшін жеке жертасаны тез жабдықтауға, бекіністі қолда бар құралдармен бүркемелеуге және ұрысқа әзірлікте ұстауға;
Тармақша 3
3) байланыс пен қадағалауды ұйымдастыру дағдыларын: бағдарлау мен нысана көрсету үшін топографиялық білімді қолдануға, бөлімшеде тұрақты байланысты қамтамасыз етуге, ПҰА-мен жұмыс істеу негіздерін қоса алғанда, қазіргі заманғы қадағалау құралдарын пайдалануға;
Тармақша 4
4) тактикалық көмек көрсету дағдыларын: қатты қан кетуді тоқтату үшін алғашқы көмек көрсету құралдарын жылдам әрі тиімді қолдануға, иммобилизациялауға және жараланған адамды жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайда эвакуациялауға;
Тармақша 5
5) ішкі қызметті ұйымдастыру дағдыларын: лауазым бойынша ісін қабылдауға және тапсыруға, Жарғылар талаптарына сәйкес тәуліктік нарядты (патрульді) атқаруды ұйымдастыруға, күн тәртібінің сақталуын бақылауға және қатаң әскери тәртіпті ұстануға. Ескертпе: осы бағдарлама әскери іс негіздерін тереңдетіп меңгеруге бағытталған. Білім беру ұйымдарының мүмкіндігі мен білікті оқытушылардың болуына байланысты білім беру ұйымы басшысының әскер түрлері мен тектері бойынша таңдап алынған мамандықты (әскери-теңіз мамандығы, әскери-ұшқыш мамандығы және басқа) ескеріп, бағдарламаның мазмұнын толықтыруға мүмкіндігі бар.
Басқа 4. Көрнекі үгіт-насихат пен жабдықтың шағын тізбесі
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларына 4-қосымша Көрнекі үгіт-насихат пен жабдықтың шағын тізбесі № Атауы Ескертпе 1 Суреттер: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн, ҚР ҚК эмблемасы 2 Әскери ант мәтіні 3 Әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері 4 Қарулы Күштердің құрылымы туралы ақпарат 5 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының портреті 6 Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының, Шоқан Уәлихановтың, Талғат Бигелдиновтің, Сабыр Рахымовтың портреттері 7 ҚР ҚМ басшы құрамының портреттері 8 Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызмет міндеттерін атқаруы кезіндегі кепілдіктері 9 Мультимедиялық ақпаратты көрсету құралдары (интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, мультимедиялық экран және т.б.)