Об утверждении форм предоставления органу государственных доходов банковскими организациями сведений о наличии и номерах банковских счетов физических и юридических лиц, об остатках и движении денег на таких счетах, предоставленных кредитах физическому лицу, у которого возникла обязанность по представлению деклараций об активах и обязательствах, о доходах и имуществе, Правил и сроков представления сведений по налогоплательщикам, осуществляющим электронную торговлю товарами, а также Перечня и Прав Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осындай шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын, сондай-ақ Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар жеке тұлғаның банктік шотына түскен ақшаның жиынтық сомасы бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен тізбесін және осындай операцияларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарына, 18), 21) және 24) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1, 6-2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары;
Тармақша 6
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер нысаны;
Тармақша 7
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
Басқа 1. Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер 20____ жылғы «___» ____бастап 20____ жылғы «___» _____ дейінгі кезең үшін Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): БШБЖНАҚ – 1. Кезеңділігі: жыл сайын. Есепті кезең: Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін; _____ жыл үшін. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. БСН (банк ұйымдары БСН көрсетіледі) Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште. № Салық төлеуші Банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері Банк шотының валютасы Банк шотының нөмірі Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы ЖСН/БСН Т.А.Ә./ атауы БСН БСК Атауы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Атауы ______________________ ____________________________ Мекенжайы_______________________ _________________________________ Телефоны _________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________ Орындаушы _______________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы Мөр орны ________________________________________________________ Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; БСК – банктік сәйкестендіру коды; Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе). «Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 16. «Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (БШБЖНАҚ – 1, ай сайын, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей) (бұдан әрі – нысан)
«Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер» нысанына қосымша «Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (БШБЖНАҚ – 1, ай сайын, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей) (бұдан әрі – нысан)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нысан банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді жинауға арналған және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының он алтыншы абзацына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 6-2-тармағына сәйкес әзірленді..
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 2
2. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанның «ЖСН/БСН» деген 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 4-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 5-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі - БСК) көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 6-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 7-бағанында «Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары» ҚР НҚ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес банк шоты валютасының түрі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 8-бағанында салық төлеушінің банк шотының нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 9-бағанында кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 10-бағанында кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
Басқа 2. Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер 20____ жылғы «___» ____бастап 20____ жылғы «___» _____ дейінгі кезең үшін Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): БШБАҚ – 2. Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын. Есепті кезең: Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін; _____ай____жылға; _____тоқсан____жыл үшін; _____ жыл үшін. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. БСН (банк ұйымдарының БСН көрсетіледі) Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште. № Са­лық тө­ле­у­ші Банк­тік шот­тар ашы­л­ған банк­тің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-бан­кі фи­ли­а­лы­ның, оның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің де­ректе­ме­ле­рі Банк­тік шот­тың ва­лю­та­сы Банк­тік шот­тың нө­мі­рі Ке­зең­нің ба­сын­да банк­тік шот­та­ғы ақ­ша қал­ды­ғы Ке­зең­нің со­ңын­да банк­тік шот­та­ғы ақ­ша қал­ды­ғы Банк­тік шот­қа түс­кен тү­сім­дер­дің жал­пы со­ма­сы Банк­тік шот­тан шы­ғы­стар бой­ын­ша ай­на­лым­ның жал­пы со­ма­сы ЖСН/БСН Т.А.Ә./ ата­уы БСН БСК Ата­уы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 кестенің жалғасы Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы банк шотына ақшаның түсуі күні төлем сомасы ақшаны жөнелтушi Ақшаны жіберетің банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері төлемнің мақсаты ЖСН/ БСН/ төлемді сәйкестендіргіш код Атауы / төлем картасының жеке сәйкестендіргіші БСН БСК Атауы 13 14 15 16 17 18 19 20 кестенің жалғасы Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақша қозғалысы банк шотынан ақша аудару күні төлем сомасы бенефициар бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректемелері төлемнің мақсаты ЖСН/БСН, төлемді сәйкестендіргіш код Т.А.Ә./атауы/ төлем картасының жеке сәйкестендіргіші /төлем жүйесінің сәйкестендіргіші БСН БСК атауы 21 22 23 24 25 26 27 28 Атауы ______________________ ___________________________________ Мекенжайы_____________________ ____________________________ Телефоны _____________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы __________________________________ Орындаушы ___________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы Мөр орны ___________________________________________ Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; БСК – банктік сәйкестендіру коды; Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе). «Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 31. «Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (БШБАҚ – 2, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) (бұдан әрі – нысан)
«Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер» нысанына қосымша «Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (БШБАҚ – 2, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) (бұдан әрі – нысан)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нысан Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарына, 21) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 6-1-тармағына, 6-2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және:
Тармақша 1
1) салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның;
Тармақша 3
3) салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның;
Тармақша 4
4) тарату (қызметін тоқтату) сатысындағы дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның;
Тармақша 5
5) талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан дара кәсіпкердің;
Тармақша 6
6) әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихатының депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
Тармақша 8
8) мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);
Тармақша 9
9) өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңдегі оның жұбайының (зайыбының);
Тармақша 10
10) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның;
Тармақша 11
11) қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаның;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 8), 9) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған адамдардың;
Тармақша 13
13) тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілердің банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтерді жинауға арналған.
Тармақ 2
2. Нысанды банк ұйымдары тексерілетін тұлғаға қатысты салықтық тексеру және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның жағдайында мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы негізінде толтырады. Қалған жағдайларда банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметтерді жиынтық сомаларда (айналымдарда) ұсынады. Егер банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметті жалпы сомаларда (айналымдарда) ұсынса, 2-қосымшаның 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-бағандарын толтыру талап етілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның «ЖСН/БСН» деген 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі - БСК) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 7-бағанында «Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары» ҚР НҚ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес банктік шот валютасының түрі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 8-бағанында салық төлеушінің банктік шотының нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 9-бағанында кезеңнің басында банктік шоттағы ақша қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 10-бағанында кезеңнің соңында банктік шоттағы ақша қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 11-бағанында кезең ішінде банктік шотқа түскен түсімдер бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 12-бағанында кезең ішінде банктік шоттан шығыстар бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі. Банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметті жалпы сомаларда (айналымдарда) ұсынса, 2-қосымшаның 13-28-бағандарын толтыру талап етілмейді.
Тармақ 15
15. Нысанның 13-бағанында банктік шотқа ақша түскен күн көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 14-бағанында банктік шотқа түскен төлем сомасы немесе жалпы сома (есепті кезеңдегі айналым) көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 15-бағанында ақша жөнелтушінің ЖСН/БСН көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда тек авторландыру коды немесе төлем карточкалары жүйесіндегі төлемді сәйкестендіретін басқа код көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 16-бағанында ақша жөнелтушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда төлем карточкалары жүйелерінің талаптарына сәйкес төлем карточкасының толық емес нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның 17-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының БСН көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның 18-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының БСК көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Нысанның 19-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Нысанның 20-бағанында банктік шотқа түскен төлемнің мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Нысанның 21-бағанында ақша жөнелтуші-салық төлеушінің банктік шотынан ақша аударылған күн көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Нысанның 22-бағанында ақша жөнелтуші-салық төлеушінің банктік шотынан аударылған төлем сомасы немесе жалпы сома (есепті кезеңдегі айналым) көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Нысанның 23-бағанында бенефициардың ЖСН/БСН көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда тек авторландыру коды немесе төлем карточкалары жүйесіндегі төлемді сәйкестендіретін басқа код көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Нысанның 24-бағанында бенефициардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда төлем карточкалары жүйелерінің талаптарына сәйкес төлем карточкасының толық емес нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Нысанның 25-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың БСН көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Нысанның 26-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың БСК көрсетіледі.
Тармақ 29
29. Нысанның 27-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың атауы көрсетіледі.
Тармақ 30
30. Нысанның 28-бағанында ақша жөнелтушінің банктік шотынан аударылған төлемнің мақсаты көрсетіледі.
Басқа 3. Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер 20____ жылғы «___» ________ бастап 20____ жылғы «___» ________ дейінгі кезең үшін Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖТБКМ – 2. Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын. Есепті кезең: Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін; ____ай____жылға; _____ жыл үшін.. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. БИН (банк ұйымдары толтырады) Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште. № Жеке тұлға бойынша мәліметтер Кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері Кредитті беру күні ЖСН тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) БСН БИК атауы 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы Кредит беру туралы шарттың нөмірі мен күні Банк шотының нөмірі Банк шотының валютасы Берілген кредит сомасы Шарт бойынша белгіленген лимит сомасы Кезеңнің басындағы кредит сомасының қалдығы 8 9 10 11 12 13 кестенің жалғасы Төленген негізгі борыштың сомасы Төленген сыйақы сомасы Төленген өсімпұл сомасы Кредит сомасының қалдығы Кредит түрі негізгі қарыз сыйақы өсімақы 14 15 16 17 18 19 20 Атауы ______________________ ___________________________________ Мекенжайы_______________________ ____________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________ Орындаушы ____________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы Мөр орны ___________________________________________ Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; БСК – банктік сәйкестендіру коды. «Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 78. «Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (ЖТБКМ – 2, ай сайын, жыл сайын)
«Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер» нысанына қосымша «Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (ЖТБКМ – 2, ай сайын, жыл сайын)
Тармақ 1
1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанның 3-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 4-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 5-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 6-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 7-бағанында кредитті беру күні көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 8-бағанында кредит беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Мәліметтер шарттар бөлінісінде жеке ұсынылады.
Тармақ 9
9. Нысанның 9-бағанында жеке тұлғаның банк шотының нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 10-бағанында «Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары» ҚР НҚ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеке тұлғаның банк шоты валютасының түрі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 11-бағанында жеке тұлғаға берілген кредит сомасы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 12-бағанында шарт бойынша белгіленген лимит сомасы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 13-бағанында кезең басындағы кредит сомасының қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 14-бағанында сұрау салынатын кезеңнің соңында төленген негізгі борыш сомасы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 15-бағанында сұратылған кезеңнің соңында төленген сыйақы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 16-бағанында сұрау салынатын кезеңнің соңына төленген өсімпұл сомасы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 17-бағанында кредиттің негізгі борышы сомасының қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 18-бағанында кредиттің сыйақы сомасының қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның 19-бағанында кредиттің өсімпұл сомасының қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның 20-бағанында кредиттің түрі көрсетіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 55-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Банк ұйымдары – Қазақстан Республикасында құрылған екінші деңгейлі банк, Қазақстанның Даму Банкі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік кіріс органына Қағидалар ұсыну тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Мемлекеттік кіріс органына Қағидалар ұсыну тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер органы есепті жылдан кейінгі 25 қаңтарға дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында (www.kgd.gov.kz) «Қызмет», «Электрондық сауда», «Салық төлеушілердің тізімі» бөлімінде электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркелген электрондық сауда субъектілерін қосу арқылы, бизнес сәйкестендіру нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірін, атауын ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүзеге асырған салық төлеушілер тізімін (бұдан әрі – Тізім), сондай-ақ электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 4
4. Банк ұйымдары мемлекеттік кірістер органдарына Тізімде көрсетілген тұлғаларға қатысты Мәліметтерді егер осы Қағидалардың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады. Мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына табыс етудің есепті кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Көрсетуге жататын деректер болмаған жағдайда Мәліметтер нөлдік мәндермен ұсынылады.
Тармақ 5
5. Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Smart Data Finance» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «SDF» АЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, «SDF» АЖ арқылы ұсынылады. «SDF» АЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады. Техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда Мәліметтерді ұсыну мерзімі 5 (бес) жүмыс күніне ұзартылады. «SDF» АЖ-да техникалық іркілістердің (қателердің) болуы туралы ақпарат техникалық іркілістер (қателер) туындаған күні техникалық іркілістердің (қателердің) болуы туралы Комитеттің сайтында баспасөз релизін жариялау жолымен расталады.
Тармақ 6
6. Мәліметтер қазақ және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады және оларға банк ұйымының басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.
Басқа 5. Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 5-қосымша Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Осы Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Өлшемшарттарға 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік әрбір 3 (үш) ай ішінде 100 (жүз) және одан да көп әр түрлі тұлғалардан жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына (шоттарына) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған жиынтық кезеңдегі жиынтық сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ақша алуы жатады.
Басқа 6. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 6-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер 20____ жылғы «___» ________ бастап 20____ жылғы «___» ________ дейінгі кезең үшін Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖТБШТЖСМ – 6. Кезеңділігі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей. Есепті кезең: _____тоқсан____жыл үшін. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей. БИН (банк ұйымдары БСН көрсетіледі) Жинау әдісі: электронды түрде, қағаз жеткізгіште. № Алушының ЖСН Кезең ішінде түскен қорытынды сома (теңге) 1 2 3 Атауы ______________________ ___________________________________ Мекенжайы_______________________ ____________________________ Телефоны______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы____________________________________ Орындаушы_____________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы Мөр орны ___________________________________________ Ескертпе аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; «Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 113. «Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (ЖТБШТЖСМ – 6)
«Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер» нысанына қосымша «Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (ЖТБШТЖСМ – 6)
Тармақ 1
1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның банктік шотына (шоттарына) жеке тұлғаның банк шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарына (бұдан әрі – Өлшемшарттар) сәйкес келетін операциялар жүргізілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Нысанның 4-бағанында осы Бұйрыққа 4-қосымшада айқындалған Өлшемшарттарға сәйкес келетін кезең үшін түскен жиынтық сома көрсетіледі.
Басқа 7. Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 7-қосымша Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банк ұйымдарының жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 55-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк ұйымдары) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін және тізбесін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Банк ұйымдары – Қазақстан Республикасында құрылған екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым.
Тарау 2. 2-тарау. Банк ұйымдарының Қағидалар ұсыну тәртібі
2-тарау. Банк ұйымдарының Қағидалар ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Мәліметтерді банк ұйымдары жеке тұлғаның банк шоттарында жүргізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 4
4. Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Smart Data Finance» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «SDF» АЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, «SDF» АЖ арқылы ұсынылады. «SDF» АЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.
Тармақ 5
5. Тізбе мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) ақша аударымдарын алушының жеке сәйкестендіру нөмірін;
Тармақша 2
2) осы Бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарында айқындалған кезең ішінде келіп түскен жиынтық соманы қамтиды.
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығына 8-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16408 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. ««Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22687 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 323 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27305 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. ««Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 648 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37285 болып тіркелген).