Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Қазақтелеком» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына
қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2025 жылғы 10 қазандағы № Б-59-Ө бұйрығымен Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы бекіткен жерге орналастыру жобасы, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына төменде көрсетілген жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 17 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін:
Тармақша 1
1) Шымкент қаласы, Қызыл жар шағын ауданы, нөмірсіз орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 1,3038 га.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 89702 (сексен тоғыз мың жеті жүз екі) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
Тармақша 2
2) Шымкент қаласы, Нұртас шағын ауданы, Кеңжарық көшесі, нөмірсіз орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 0,0087 га.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 599 (бес жүз тоқсан тоғыз) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
Тармақша 3
3) Шымкент қаласы, Нұртас шағын ауданы, Хан тәңірі көшесі, нөмірсіз орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 0,0965 га.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 6640 (алты мың алты жүз қырық) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.