Об установлении публичного сервитута на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «КаР-Тел» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шымкент қаласы, Қалдаяқов көшесі, нөмірсіз орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін алаңы 0,0012 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 10 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін. «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 83 (сексен үш) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын жетекшілік ететін қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.