Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Сарканского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарқан ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2-тармағына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарқан ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Мынбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы Разбеков М.М. ________________ «_» ___________ жыл
Басқа 4
Сарқан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы __ ___________№ ___ қаулысына қосымша Сарқан ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 2
2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) музыкалық жетекші;
Тармақша 3
3) әдіскер;
Тармақша 4
4) көркемдік жетекші;
Тармақша 5
5) сүемелдеуші;
Тармақша 6
6) клубтын менгерушісі;
Тармақша 7
7) хореограф;
Тармақша 8
8) кітапхана меңгерушісі;
Тармақша 9
9) кітапханашы.