О присвоении наименований улицам Иргелинского сельского округа села Коксай и Кемертоган Қолданыста
Басқа 0
Іргелі ауылдық округінің
Көксай және Кемертоған
ауылдарының көшелеріне
атау беру туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Іргелі ауылдық округі Көксай, Кемертоған ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Іргелі ауылдық округінің Көксай ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Көксай ауылының атауы қайталанатын Береке көшесіне "Садықхан Дүйсенбаев" көшесі;
Тармақша 2
2) Көксай ауылының атауы қайталанатын Арай көшесіне "Әлім Тутадзе" көшесі;
Тармақша 3
3) Көксай ауылының атауы қайталанатын Ақсай көшесіне "Білял Жақұбаев" көшесі;
Тармақша 4
4) Көксай ауылының атауы қайталанатын Тәуелсіздік көшесіне "Сәрсенбай Керімтаев" көшесі.
Тармақ 2
2. Іргелі ауылдық округінің Кемертоған ауылының көшесіне келесі атау берілсін:
Тармақша 1
1) Кемертоған ауылының атауы жоқ көшеге "Дәулетқұл Әбдиев" көшесі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.