О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Коксуского района Қолданыста
Басқа 0
Көксу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы 2023 жылғы 16 мамырдағы № 195 қаулысы;
Тармақша 2
2) Көксу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 293 қаулысы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Көксу ауданы әкімдінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 195 қаулысына өзгертулер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.