Об объявлении на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 21 қазандағы № 8 хаттамасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Миктасұлы Жантілеуов төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып бекітілсін және осы шешіммен анықталған тиісті іс-шараларды өткізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 21 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.